Бурабайдың керемет жерлері

 

Сабақтың тақырыбы: Бурабайдың  керемет жерлері.

Мақсаты

Отаны туралы білімдерін кеңейту. Тәуелсіз, бейбіт ел туралы ұғым қалыптастыру. Кең-байтақ жеріміз, пайдалы қазбаларымыз жөнінде ұғымдарын қалыптастыру. Отансүйгіштікке баулып, патриоттық тәрбие беру. Туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту

Көрнекілігі:Бурабайдың суреттері

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық
«Шаттық » шеңбер:

Бір шаңырақ астында,
Қазақстанда тұрамыз.
Бірге сайран құрамыз,
Бір үйде біз тұрамыз.
Құт, береке-шаңырақ,
Орын алған ол төрде.
Билігім өз қолымда-
Еркіндігім- Елімнің!

-Балалар, мен сендердің әңгімелеріңді тыңдағым келеді.Бурабай жері туралы не білесіңдер?(оқушылардың әңгімелері)+

Слайд көріп,жалпы Бурабай жеріне тоқталу.


        Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы Ақмола облысында яғни,осы жерде  орналасқан. Қаңтар айындағы орташа температура -16,70С, шілде айының орташа температурасы +18,60С. Саябақ аумағына Үлкен және Кішкентай Шабақты, Бурабай, Шортан, Қатаркөл, Майбалық т.с.с. он төрт үлкен-кішілі көлдер кіреді. Көлге құятын Қолшақты, Қылшақты, Сарыбұлақ, Громовая, Иманай сияқты басқа да өзендер бар. Бурабай көлі теңіз деңгейінен 319 метр биіктікте орналасқан. Көл шығанағындағы Жұмбақтас тауы Бурабай нышанына айналған. Бұл таудың келбеті бір жағынан бойжеткенді, екінші жағынан кейуананы бейнелейді. Бурабай  өлкесінің ең биік тауы Көкше теңіз деңгейінен 997 метр биіктікте орналасқан. Бурабай табиғаты көз тартар сұлулығымен, ауасының тазалығымен тартымды. Биік таулар, көгілдір көлдер, қарағай мен қайың ағаштары өлкенің сәнін кіргізеді. Саябақта жануарлар әлемінің 305 түрі бар. Оның 87 түрі сирек кездесетін я жойылуға жақын. Өсімдіктердің 757 түрі кездеседі. Оның 12 түрі Қызыл Кітапқа енген. Жайқалған ағаштардың  қарағай,  қайың,  көктерек,  бұталы өсімдіктер құрайды. Тау қыраттарының үгілуі мен желдің әсерінен Бурабайда Оқжетпес, Ұйқыдағы батыр, Бүркіт, Түйе, құдыр, Сфинкс сияқты ерекше тас мүсіндер пайда болған. Бурабай өлкесінде қонақ үйлер, шипажайлар, демалыс үйлері орналасқан. Жаз айларында балалар лагері жұмыс жасайды. Бұл аймаққа денсаулығын түзету мен демалу мақсатымен жыл сайын Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ, алыс және жақын шетелден демалушылар келеді. Бурабайдың балшығы мен минералды суы емдік қасиетке бай.  Бурабай демалыс орындарында спорт кешендері орналасқан, экскурсиялық бағдарламалар жүргізіледі. Көктем айларында балық аулау маусымы басталады. Бурабай көлдері мен өзендерінде балық аулау үшін алдын ала рұқсат қағазын сатып алу керек.

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *