Ата-аналарға арналған тренинг. «Мен және Біз»

Маманова Меруерт Маратовна

Тақырыбы: Мен және Біз

Мақсаты: ата-аналардың көңіл – күйді жақсарту, бірігіп жұмыс істеу жүйесін дамыту, ой қозғату, әдістемелік көмектер беру.
Қатысушылар: ата – аналар, мұғалімдер
Жұмыс түрі: топтық
Барысы:

І. Кіріспе

Сәлеметсіздер ме! Қымбатты ата – аналар! Бүгінгі «Бірліктің барар жері – Мәңгілік ел» ашық есік күніне  орай ұйымдастырылған «Мен және біз» тренингке қош келдіңіздер.  Бүгінгі біздің отырысымыз ерекше болады деген үмітпен тренингті бастаймыз. Тренингіміздің ерекшелігі сол, тәрбие процесіндегі қиындықтарды біз боп, сіз боп пікірлесе отырып, ойымызды түйіндеп, өмір жолында пайдалану.
Отбасы — Адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы — адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі.
Бала қанша білім алып, мектеп табалдырығын аттағанымен, оның өмірінің көп бөлігі әке — шешесінің қасында өтеді екен. Ал сіздердің ата — ана, өміріңізде үш рет мектепке баратыныңызды әрқашан естен шығармаңыз. Бірінші рет – өзіңіз, екінші рет – балаңыз, ал үшінші рет – немереңіз барады екен. Ендеше бүгінгі сабағымызға қатысып отырған ата — аналарға әрдайым осы балаларыңыздың қорғаны болып, немере сүйіп мектепке келе беріңіздер демекпіз!
ІІ. Негізгі бөлім
1. Жаттығу  «Өз балаңызды жақсы білесіз бе?»
Мақсаты: Ата — анамен баланың ортасындағы қарым — қатынасты анықтау.

Әр қатысушыға доп лақтырып, төмендегідей сұрақ қойылады.

  1. Балаңыздың жақсы көретін түсі қандай?
    2. Қандай тағамды сүйсініп жейді?
    3. Балаңыздың атын еркелеткенде қалай атайсыз?
    4. Балаңыздың ең жақын досының есімі кім?
    5. Сүйіп оқитын пәні?
    6. Балаңыз мектепте нешінші кабинетте оқиды?
  2. Балаңыз қандай мультфильмді жақсы көреді?
  3. Балаңыздың сынып жетекшінің толық аты-жөні?
  4. Балаңыз қай жылдан бастап мектепке келді?
  5. Балаңыздың сыныбында неше бала оқиды?
  6. Директордың толық аты-жөні?
  7. Балаңыздың жақсы көретін киім үлгісі?
  8. Балаңыз сыныпта кімнің жанында отырады?
  9. Күніне балаңыз қанша ақша жұмсайды?
  10. Балаңыз кітапханаға неше рет барды?
  11. Жаттығу«Бақыт деген не өзі»
    Кез келген адамнан өмірдегі ең қалаулы нәрсесі не екенін сұраңызшы. «Мен тек бақытты болғым келеді» Біз бәріміз де сол үшін өмірге келгенбіз. Бірақ бақыт деген не?
    Ата – аналар, қатысушылар өз ойларымен бөліседі.
    Ортаға сынып жетекші шақырылып тапсырма беріледі: бүгінгі қатысушылардың ішінен ең бақытты деген кісілерді орын — орнымен тұрғызу.
    Әрине «Қанағат қарын тойғызады», ендеше қанағат болған жерде бақыт та болады. Басқаларға қуаныш, бақыт сыйласаң, өзіңде бақытқа кенелесің. Өмірдің қызығы да осында!
    3. Жаттығу«Аяқталмаған сөйлем»
    5 – 6 қатысушы үлестірмелі қағаз таңдап алады. Берілген сөйлемді аяқтау қажет.
    Сәби бақыты, ол –
    Ата — ана бақыты, ол –
    Әйел бақыты, ол –
    Ер — азамат бақты, ол –
    Ұстаз бақыты, ол –

— Мен өз отбасымды жақсы көрем, себебі….
— Отбасы бұл….
— Отбасым бақытты болу үшін….
— Отбасымда зорлық — зомбылыққа жол жоқ, себебі….
— Мен қалар едім отбасымның….

Барлықтарыңыздың пікірлеріңізге көп — көп рахмет.

  1. Ата — аналарға кеңес
    (оқылып, таратылады)
  2. Рефлексия

Сабақ аяғындағы көңіл — күйімізді көрсетеміз.
ІІІ. Қорытынды

Психологтыңқорытындысөзі
Ардақты ата — аналар! Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата — ана мен мектеп. Болашақ десек те, келешек десе де бала — ұрпақ деген мағынаны білдіреді.
Адамның өзге тіршілік иесінен айырмашылығы – дүниеге перзент әкелген соң, оның болашағын ойлау, адам етіп тәрбиелеу.

Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл-Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» — демеп пе еді. Осыған орай бүкіл ата — ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата — аналар іс — жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат.
Ұлтымыздың қанындағы ізеттілік – дөрекілікке, қайырымдылық — қатыгездікке, жомарттық — тоғышарлыққа, адалдық — арамдыққа, парасаттылық — парықсыздыққа ауыспасын деген үлкен үміт тұр.

Өмірдің өтпелі қиын кезеңінде ұл — қыздарымыздың саналы тәрбие мен нақты білім алуларына күш салайық. Балаға жауапкершілікпен қарап, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет етуіміз қажет. Бала тәрбиесінде шыдамды болып, өз балаларыңызға жылуыңызды бере біліңіздер! Сіздің өсірген балаларыңыз сіздерді ылғида қуантып, қуанышқа бөлей берсін! – дей отырып, біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескенше қош, сау болыңыздар!

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *