Астана бас қала

Қазақстан дегенде әрине,ең бірінші айтатынымыз ол ару қала-Астана.Сонау 1998 жылдан бастап Алматы Астанаға көшірілген кезде,бұл қаланың осыншама дамып,өркендейтіне көбісі күмәнмен қарады.Алайда,алыстан бой көтеріп,қаншама адамды өзінің көркімен таңқалдырған Астана әлі де таңкалдырудан жалығар емес.Бас қаланың сәулет өнерін айтпастан бұрын,оның тарихына көз жүгіртсек,ойымызға бірден «Целиноград»деген атау келеді.Бұл 1830 жылғы орыс әскерлерінің бекінісінен бастау алған болатын.Ал 1998 жыл ару қаланың саяси-экономикалық жағынан дамуына,керемет қалалардың біріне айналуына себепші болды.Себебі,1998 жылы Астанаға ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша «Бейбітшілік қаласы» деген атау берілді.Сонымен қатар, Елбасымыз айтқандай «Қазір бой жарыстыратын емес,ой жарыстыратын заман», демекші,Астана қаласында білім бойынша көптеген мектеп-гимназиялары,жоғарғы оқу орындары бой көтерген.Мәдени-ағарту мекемелері де аз емес,яғни,қалада 3 театр,5 мұражай және Мемлекеттік филармония мен өнер мектептері бар.Астананың символына айналған көздің жауын алар Бәйтеректі білмейтін қазақ жоқ шығар сірә,алыстан көзге түскенімен қоймай,күн сәулесі арқылы түсі өзгеретіндіктен,шарды «хамелеон» әйнегімен жасаған.Бұл монументтің бой көтергеніне 16 жыл толса,Астанаға биыл 20 жыл толады.Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Еуразияның жүрегінде» атты туындысында, «Әр қаланың өз тағдыры болады,қайталанбайтын және айрықша өмірі болады»,-деп баяндаған екен.Ал бас қаламыз Астананың тағдыры-біздің қолымызда.Себебі,Астана-Елбасының тарихи қолтаңбасы әрі мұрасы.Болашак Астананың дамуына және одан қарай көркеюіне,Қазақстан жерінің «Мәңгілік жерұйығына» айналдыру тек біздің қолымыздан келеді.Әр туып өскен болашақ ұрпақ осы қағидамен өмір сүретін болса,тек бас қаламыздың өсуіне емес,басқа да көркем қалаларымызды биікке көтеретініне күмәніміз жоқ.Шіркін,әрбір адам баласының,әрбір қазақстандықтың жүрегі тілім,дінім,отаным деп соғып тұрса,ата-бабамыздан қалған асыл мұраны жоғалтпай, нық әрі берік ұстайтын боламыз.Жыр мен әнге,өлеңге шабыт берген Астана-тәуелсіздігіміздің айқын көрінісі.Ал қаламызға 20 жыл толғаны ол тек Елбасымыздың арқасы деп білемін,себебі,талай еңбек етіп,өз жұртын шын ниетпен сүйіп,ұрпағына яғни,тарихқа ойып тұрып орын алар ең үздік патриот үлгісі болған құрметті Елбасы Астананың бой көтеруіне зор еңбек сіңірді.Қазақстан Ғылым Академиясының академигі Мұхтар Әуезов атамыз айтпақшы, «Қай істің болсын өнуіне шарт: ең әуелі-ниет ,одан соң-күш керек»,-демекші, ең алдымен Отанға деген сүйіспеншілік болмаса, ешбір іс жүзеге аспайды.Әлеуметтік-инновациялық дамуы бойынша,Астанада жақында халықаралық «Ехро-2017» көрмесі өткен болатын.»Future Energy» тақырыбы бойынша бұл көрмеге 115 мемлекет және 22 ұйым қатысты.2012 жылғы 12 маусымда Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының Бас ассамблеясының 151-ші отырысында Астананың ресми таныстырылымы болып өтті. Жиынның басында делегаттарға Қазақстан Президентінің арнайы

бейнеүндеуі жолданды. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде Астана жеңіп шыққан жағдайда, жобаның табысты жүзеге асырылуы үшін барынша күш-жігерін жұмсайтынына жеке кепілдік берді. Астана ұсынған көрменің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталады, ол баламалы энергия көздеріне және «жасыл» технологияға арналған.Осы 20 жыл ішінде орын алған мәселелер Астананың бой түзеуіне зор ықпал етті.Қаланың осы кезге дейінгі алған асулары аз емес,яғни ең мәртебелі атақты алу оңайға соққан жоқ.

«Жаңа Астананың қаласы да,адамдарының санасы да жаңаша болсын»,-бұл Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа жолдауы.Бұл сөздің астарында да терең ой жатыр.Нақтырақ айтсақ,жаңашылдыққа қадам басу-өркендеудің белгісі,жаңашыл әдіспен елді дамыған елдердің қатарына қосу-басты мақсатымыз болды.Жас Астана осы жолмен жүріп келеді,яғни,жаңашылдық жолымен. «Өткен күн,кеше-тарих,келер күн-сыр»,-демекші,бұл әсем қаланың тарихта қалары да сөзсіз.Ал келер күнді сыр деп білеміз,себебі,бәрі біздің қолымызда.Елбасы 20 жыл бұрын жас қаланың бой көтергенін армандады және сол арманын талабы арқылы мақсатына айналдырып,жаңа қала туралы шешім қабылдады.Бұл шешімнен кейін халықтың жағдайы мүлдем өзгерді,әлеуметтік саяси жағынан да қарым қатынастар жасалды.

Менің ойымша,Астананың тағы да бір ерекшілігі-оның атауы.Мүмкін сенбейтіндер де бар шығар,әлем бойынша тек Қазақстан ғана астанасын «Астана» деп атайды.Бұл атаудың өзі ерекше деп ойлаймын,себебі оны парсы тіліне аударғанда «киелі орын» дегенді білдіреді.Демек,атауының өзінің бір тарихы бар деген сөз.Ал экологиялық жағдайына келетін болсақ,бүгінгі заман қаласы-өзін қоршаған экономикалық кеңістікпен және табиғи ортамен алуан түрлі экономикалық — географиялық қарым-қатынастағы, демографиялық жолмен қалыптасатын , әлеуметтік — экономикалық күрделі жаратылыс. Әлеуметтік-техникалық прогрестің көптеген белгілері осы «қала» ұғымымен астатыс жатыр , алайда қалаға шоғырланған өркениет адам баласына тек игілік сыйлай бермейді. Қарқынды қала құрылысы , соған орай тұрғындар санының артуы жылу мен су қорына, көлік пен коммуналдық инфрақұрылымға деген сұранысты үдете түседі, осыдан келіп ауаны ластанудан тазарту, өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды жиыстырып отырудың жүйелі жолын қарастыру мәселері туындайды. Табиғи ортаның басты көздері -су, ауа, жер атаулы, қалың көпірдің қолданысына түсіп, үлкен өзгеріске ұшырайды.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *