Алтын балта

Таганова Айнагул

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 1.     Ертегіні түсініп оқып, баяндау.

2.     Ертегі кейіпкерлеріне мінездеме беру.

3.     Ертегіні қазіргі өмірмен байланыстыру.

Сабақтың мақсаттары: Барлығы:Жаңа білімді меңгереді. Ертегіні өз бетінше  түсініп оқи алады.

Көпшілігі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Тілдік мақсат Оқушылар орындай алады: Ертегіні рөлге бөліп оқи алады. Кейіпкерлеріне мінездеме бере алады.

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері

Ертегі – сказка – fairy — tail

Бай – богатый — rich

Кедей – бедный — poor

Сыныптағы диалог/ жазылым сай келетін тіл стилі:

Ертегіні баяндау, сұрақ дайындау, қазіргі өмірмен байланыстыру, мақал – мәтелдер, нақыл сөздер.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Ертегі кейіпкерлерін ата?

Бай мен кедейді салыстыр

«Құлқыны тоймаған қу» дегенді қалай түсінесіңдер?

Дүниеқоңыз деген не мағынаны білдіреді?

Ишара: Жарайсыңдар! Бас бармақ арқылы бағалау, смайликтер арқылы бағалау.
Алдыңғы оқу Сұрақ – жауап әдісі

1.     Ертегі кейіпкерлерін ата?

2.     Шөл қысқан хан не істеді?

3.     Қойшының шабармандарға берген жауабы қандай болды?

4.     Ханның алдына келген қойшының жауабы?

5.     Қойшыны ажалдан құтқарған не?

6.     Хан сөзден неге жеңілді?

Жоспар  
Жоспарланған уақыт есебі Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

5 мин

І. Ұйымдастыру кезеңі

— Сәлеметсіздерме, балалар!

— Бүгін бізге қонақтар келіп отыр,солармен амандасайықшы.

ІІ. Психологиялық дайындық

Күн, мен сені сүйемін,

Саған бас иемін.

Жылу бер, бақыт бер,

Мейірім мен шабыт бер!

ІІ.  Топқа бөліну

І топ «Е»

ІІ топ «Х»

ІІІ топ «Р»

ІҮ топ «О»

 

 

Шаттық шеңбері

 

 

 

 

 

 

«ЕХРО» топқа бөліну

 

 

 

Сабақтың ортасы

35 мин

 

Өнерлінің қолы алтын,

Өлеңшінің сөзі алтын.

Видео ролик

Алдар Көсе

«Он тақия»

Мақал — мәтелдер

  ІІІ. Жаңа сабақ

Алтын балта ертегісі

Ертегіні іштей оқимыз.

«Ортадағы қаламсап» әдісі бойынша  әр топтан бір оқушыдан  рөлге бөліп оқыту.

Топтық жұмыс: «Топтық тергеу» әдісі

І топ Баяндаушы – ертегіні баяндайды.

ІІ топ Зерттеуші – кейіпкерлер туралы әңгімелеу.

1.     Ертегідегі жасыл түспен жазылған сөздерді түсініп оқы. Бұл сөздер қай кейіпкерге қатысты?

2.     «Құлқыны тоймаған қу; күндеп, көре алмай» сөздері қай кейіпкерге қатысты?

ІІІ топ Сөз тапқыш – көркемдік ерекшелігіне тоқталып, мақал – мәтелдер айту.

ІҮ топ Дәнекер – бүгінгі өмірмен байланыстырады.

Сергіту сәті

Дәптермен жұмыс

Дүниеқоңыз – барына қанағат етпейтін, байлыққа құмар адам.

Адал жан – ешкімге жамандық ойламайтын, ісіне адал, мейірімді, шыншыл адам.

Ертегі – сказка – fairy — tail

Бай – богатый — rich

Кедей – бедный – poor

Топтық жұмыс

І топ «Балта» сөзіне бес жолды өлең

Не? Балта
Қандай? Алтын, темір

Не істеді? Алды, түсірді, берді.

Сөйлем. Мен балтамен ағаш жардым.
Мағыналас сөз. Құрал.

ІІ топ «Көрнекілік» стратегиясы ертегі желісі бойынша сурет салу.

ІІІ топ Екі ертегінің ортақ қасиеті, айырмашылықтары

ІҮ топ Күннің әрбір сәулесін қандай бояумен бояр едің?.

 

Оқулықпен жұмыс

 

 

Топтық тергеу әдісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергітуге арналған жаттығулар

 

 

 

 

 

 

 

 

«Синкуейн» әдісі

 

 

 

 

 

«Көрнекілік стр»

 

Венн диаграммасы

Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс

—         Бүгін не үйрендік?

—         Қандай жаңа мағлұмат алдыңдар?

—         Сабақ ұнады ма?

Үйге тапсырма: Ертегіні ролге бөліп оқу, сахналау.

«Бес саусақ» әдісі
Қосымша мәліметттер
Саралау – оқушыларға мадақтау, жақсы, өте жақсы деген сөздер айту арқылы қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушылар ертегіні тез түсініп баяндай білді. Кейіпкерлерге мінездеме берді. Бағалау.

Сабаққа белене қатысқан оқушыларды смайликтер арқылы бағалау, мадақтау.

Акт қолдану

Өнер, музыка, қазақ тілі,орыс тілі, ағылшын

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *