Айнымалысы бар өрнектер

Декенова Багила

Сабақтың мақсаты:Айнымалысы бар өрнектерді  анықтау, дәлелдеу және есептер шығаруда қолдану.

Сабақ түрі:Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру,топтық жұмыс,ой қозғау.

Сабақтың көрнекілігі:Интерактив такта,геометриялық фигуралар,

Бағалау критерийі:Айнымалысы бар өрнек мен санды өрнекті ажырата алады,анықтамасын біледі,есептер шығаруда қолдана алады.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен амандасу

б) түгендеу

в) сабақтың мақсатымен таныстыру

Үй жұмысын тексеру

1) (0,6-1)*1,5= -0,6

2) (0,25-1):(-5)=-0,15

3) (1,3-0,5)*(-3,5)=-0,15

4) 1,4: (-7)+(-0,8)=1

5) 3,5* (-2)+(-8)=-15

6) 5,6: (-4)+0,4=-1

Жаңа сабақ:

Құрамында әріптері бар өрнек айнымалылары бар өрнек деп аталады.Мыс:    айнымалылары бар өрнектер.

Айнымалылары бар өрнектер. Айнымалының берілген өрнектің мағынасы болатын мәндерін айнымалының қабылдайтын мәндері деп атайды.

Мысалы:

х≠3 себебі х=3 болса , бөлшектің бөлімі  0-ге тең болады.Санды 0-ге бөлуге болмайтындықтан   х-тің 3-ке тең мәнінде өрнегінің мағынасы  болмайды.

Мұндағы 26 саны -7а+5 өрнегінің  а=3 болғандағы мәні.

Айнымалылары бар өрнектер формулаларды жазуда пайдаланылады Мысалы: m=2k жұп сандар формуласы.

Егер  k= -3 болса, m=2*(-3)= -6       -6 жұп сан   n= 2k+1 тақ сандар формуласы.  Егер  k= -4 болса m=2*(-4)+1= -7 .

1-тапсырма

Бірінші қатарға айнымалылары бар өрнектерді,екінші қатарға санды өрнектерді жазыңдар.

12+а;       2а+в ;   91:13-10

17*3-5;    Х2+7;    0,6-5*3 ;

— 4

Жауаптары:

Айнымалылар бар өрнектер:

12+а;     2а+в ;     Х2+7;

Санды өрнектер:

17*3-5;   91:13-10;    0,6-5*3 -4

2-тапсырма

2+3а   мұндағы       а=  4 ;  5

7-2в    мұндағы      в=  -1 ;  3

8с-9    мұндағы       с=   3 ;  2

Жауаптары:

2+3*4=14

2+3*(-5)=-13

7-2*(-1)= 9

7-2*3= 1

8*3-9=15

8*(-2)- 9=-25

Сергіту сәті:

1,2,3   қарлығаш боп ұш,

4.5.6  қарлығаш боп қалқы.

7,8,9,10  өз ұяңа қон.

Кері байланыс.

Айнымалысы бар өрнектер мен санды өрнектерді қалай анықтадық?

Рефлексия .

Бүгінгі сабақтан алған әсерім.

Түсіндім            Толық түсінбедім         түсінбедім

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *