Адам және жыртқыш аң

Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі 

Қузембекова Сауле Берікқызы

Сынып  5 «А»

Қатысып отырғаны:                   

Келмегені:

Сабақтың тақырыбы

 Адам және жыртқыш аң

Сабақта  қол жеткізуге тиіс мақсаттары

Т/А1.Тірек сөздер  мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы  тақырыпты болжау.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар істей алады:

Тақырыпты иллюстрациялар арқылы болжайды. Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды;

Көптеген оқушылар істей алады:

Болжауда тірек сөздерді қолданады. Мәтіндегі тірек сөздер арқылы негізгі ойды анықтайды;

Кейбір оқушылар істей алады:

Болжауына дәлел келтіреді, түсіндіреді. Мәтіндегі тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды.

Бағалау критерийлері

Тыңдалым және айтылым бойынша:

ü  тақырыпты болжау барысында өз ойын дәлелдейді;

ü  мәтіннің негізгі ойын түсінеді;

ü  жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды;

Әдеби тілдік норма бойынша:

ü  сөйлеу барысында тірек сөздер арқылы ойын нақты айтады;

ü  сөйлеу барысында дәлелдер келтіреді, түсіндіріп  айтады;

Тілдік мақсаттар

Негізгі сөздер мен фразалар: шопан, жыртқыш аң, қасқыр, бөлтірік;

Сұхбатқа/жазылымға қажетті фразалар: «Қасқыр да қас қылмайды жолдасына», бейбіт қатар өмір сүру, ұяты бар, тіршілік иелері;

Талқылауға арналған сұрақтар:

·         «Қасқырда қас қылмайды жолдасына» дегенді қалай түсінесіңдер

·         Әлемде қасқырлармен бейбіт қатар өмір сүруге болады деп есептейсіңдер ме?

·         Қасқырларды ұяты бар тіршілік иелеріне жатқызуға бола ма?

 

Сабақта қамтылатын құндылықтар

Қоршаған ортаны қорғау, қамқорлық көрсету

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, география

Осының алдындағы оқу

Жан-жануарлар туралы ертегілермен танысты

Жұмыс жоспары

Жоспарланатын уақыт

Жоспарланатын жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың ортасы

20 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

10 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексия 3 минут

 

 

 

 

 

 

Үй тапсырмасы

2 минут

Қызығушылықты ояту

1.      Сәлемдесіп сабаққа дайындықтарын көру.

2.      Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.

( «Ыстық алақан» тренингін жүргіземін. Тренинг негізінде оқушылар бір-бірімен амандасып, бүгінгі күнге сәттілік тілейді)

3.      Үй тапсырмасы «Ыстық орындық» әдісі.

*ертегі дегеніміз не?

*қандай түрлері болады?

*ертегіні шығарушы кім? (осындай сұрақтар қойылады)

4.      Топқа бөлу (Суреттер арқылы топқа бөлу жүргізіледі)

5.      Әр топ өз тобының атын қояды

       

 

 

Описание: Картинки по запросу маугли фильм

 

6.      «Болжау» әдісі арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды.

·         Ұсынылған суреттер не мақсатпен көрсетілді?

·         Ұсынылған суреттерді байланыстырып қандай атау беруге болады?

7.      Сабақтың тақырыбы анықталып, сабақ мақсаты талқыланып,  бағалау критерийлері белгіленеді.

(Оқушылардан бүгінгі сабақта өздеріне қойған мақсаттарын сұраймын)

Оқылым тапсырмасы

Негізгі мәтін бойынша жұмыс:

(Оқушыларға топтық жұмыс тапсырмалары таратылады. Берілген  мәтінге  тақырып қойып.  Себебін түсіндіріп.  Сұрақтарға жауап береді.)

          Бала күнде естіген бір әңгіме естен кетпейді.

         Бір шопанның қорасының маңына қасқырлар бөлтірік өргізеді. Қой қайырған шопанның бұларға, қасқырдың оған зияны жоқ, бейбіт қатар өмір сүріп жатады. Бөлтірігін алайық деп ауыл жігіттері жұлқынғанмен, шопан оларды маңайлатпайды. Дүниеде бөлтірігін алдырған қасқырдан ашулы аң жоқ, ертең-ақ қойын қырып кетуі мүмкін. Бөлтіріктердің атасы мен енесі көршісінің отарына өзге тұқымдастарын жақындатпай, сырттай қорғаштап жүреді.

         Осы кезде мынадай оқиға болады:

         Ін аузына шығып, күншуақта ойнайтын бөлтіріктер бір ақ қозыны абайсызда өлтіріп алады. Оны шопан да көреді. Ертеңінде енді қайтер екен деп бақыласа, отарында мойнында жібі бар бөтен бір ақ қозы пайда болады.

        Қызықты қараңыз, бөлтірігінің қылығына «ұялған» қасқырлар сол  түні көрші ауылдың қотанына түсіп, әлгі ақ қозыны ұрлап алып.

 

Топтағы қабілетті оқушыларға берілетін арнайы тапсырма

1-топ

·         «Қасқырда қас қылмайды жолдасына» дегенді қалай түсінесіңдер

2-топ

·         Әлемде қасқырлармен бейбіт қатар өмір сүруге болады деп есептейсіңдер ме?

3-топ

·         Қасқырларды ұяты бар тіршілік иелеріне жатқызуға бола ма?

Топ мүшелеріне арналған тапсырма

«ПОПС» формуласы

• Бірінші сөйлем «Менің ойымша, … »

• Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

• Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

• Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім … »

 

Бағалау  критерийлеріне сай бағалайды:(топтар бірін-бірі бағалайды)

ü  сөйлеу барысында тірек сөздер арқылы ойын нақты айтады;

ü  сөйлеу барысында дәлелдер келтіреді, түсіндіріп  айтады;

ü  мәтін бойынша сұрақтар құрастыра алады

 

Жазылым тапсырмасы (топтық жұмыс)

І. Берілген сөздерді мәндес сөздермен (синонимдерімен) беріңіздер

Өргізеді — …

Маңайлатпайды — …

Көреді — …

Қылығы — …

Ұрлап алған — …

Бақыласа — …

Маңы — …

Бейбіт қатар — …

 Дескриптор:

1.      синонимнімнің ережесін біледі

2.      синонимге мысал келтіре алады

3.      берлілген сөздерді мәндес сөздермен алмастыра алады

ІІ. Қасқыр  сөзіне  мақал-мәтел  жазып, түсініктеме  береді

Мақал-мәтел

Түсіндірме

 

 

 «Аяқталмаған  сөйлемдер» әдісі арқылы оқушылардан рефлексия алынады

.

Мен бүгін … білдім.

Мен бүгін … сезіндім.

Мен келесі сабақта … білгім келеді.

 

 

М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесі бойынша түсірілген фильмді тамашалап, «Көксеректің жауыздығының себебі неде?» ойтолғау жазу

 

 

 

 

 

 

Смк сайты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Арман-пв

2017ж

Қазақ тілі оқулығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Синонимдер сөздігі

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? 

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Жұмыстың барлық түрінде оқушылардың қабілеті мен тілдік деңгейлері ескерілді.

Қабілеті жоғары оқушыларға арнайы тапсырмалар бердім.

 

 

 

 

 

Формативтік бағалау, топ басшысының бағалауы.

 

Пәнаралық байланыс:табиғаттану, дүниетану, экология Қауіпсіздік ережелері: АКТ-мен байланыс:интерактивтік тақтадан таныстырылым, бейнематериал, кесте Құндылықтармен байланыс:қоршаған ортаны қорғау, қамқорлық көрсету.

Ойлану

 — Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

 

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы  қандай болды?   Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? 

 

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

 

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

 

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *