Адами құндылықтар

Абдикасымова Жанна

 

 

 

 

 

 

 

Пән: Әдебиеттік оқу

Мектеп: № 157 жалпы білім беретін мектеп

Тақырып: 

Ортақ тақырып: Адами құндылықтар 

Бөлім, бөлімше : 

3.1 Шығарманың жоспарын құру

 

 

 

Оқу тоқсаны 1

 

 

 

 

 

 

Күні: 02.08.2019

Мұғалімнің есімі: Абдикасымова Жанна

Сынып: 2 сынып

 

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

 

4.3.1.1 Оқыған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап, оны бөліктерге бөлу, әр бөлікке ат қойып жоспар құру.

 

 

Сабақ мақсаты

 

«  Ақдауыл хан» шығармасындағы оқиға жүйесін анықтайды, бөліктерге бөледі, әр бөлікке ат қойып жоспар құрады.

 

 

Ойлау деңгейі

 

Білу, түсіну, қолдану, бағалау,

 

 

 

Бағалау критерийлері:

·         Шығармадағы оқиға жүйесін анықтайды.

·         Мәтінді бөліктерге бөледі.

·         Мәтін бөліктеріне ат қояды.

·         Шығармаға жоспар құрады.

 

Тілдік мақсат

Тірек сөздер жаңа ұғымдар:

Қаймығу – сескену, қорқу

Хан көтеру —  хан сайлау

Тамыршы, дәруіш —  емші

Зауқы соқпау – көңілі соқпау

Ат ізін үзу —  бармай, көрмей кету

Ат жалында ұзақ жыл түн қату – ұзақ уақыт ат үстінде, жорықта болу.

 

Ашық сұрақтар:

Ақдауыл хан не себепті ауырды?

Сен мәтін мазмұнын қалай болжар едің?

Ақдауыл ханның туған жерін көргендегі сезімін, қандай мақал – мәтелдермен байланыстыруға болады?

 

Жазылым  тапсырмасы

«Инсерт» әдісі ( түртіп алу әдісі) бойынша мәтіннен Ақдауыл ханның туған жер туралы сөзін жазу. 

«Оқиға картасы» әдісі  арқылы топта іс – әрекеттер арқылы жаз.

Оқиға картасы

Атауы

Кейіпкер

Ахуал, жағдай

 

 

Шешім

 

 

 

Проблема

Оқиға

Мәтін мазмұнының реті бойынша сұрақтар құрап жазыңдар.

          Оқиғаның басталуы

          Оқиғаның дамуы

          Оқиғаның шиеленісуі

          Оқиғаның шарықтау шегі

          Оқиғаның шешімі

Алдыңғы оқу

Мәтін мазмұнын түсінеді

Мәтінді рөлге оқиды

Мазмұнын болжайды

Өз ойларын болжайды.

Ашық сұрақтарды қояды және дәлелдейді, өз ойларын айтады.

Ұжымда, топта, жеке жұмыс жасай алады. 

Жоспар

 

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

5 – 7  мигут

Сергіту кезеңі «Қыдырып қайтайық!»би билеу

       

Топқа бөлу

 

 

Жұмыс ережесін еске түсіру

Алдыңғы білімді  еске түсіру, пысыктау

ҰЖ :« Сұрақтар әдісі»

Алдыңғы білімдерін еске түсіру мақсатында. Сұрақ – жауап әдісі арқылы жаңа сабаққа көпір жасау.

         Адамның өмірі туған жерімен қалай байланысты?

Өз ойыңды айт

         Туған жердің көркіне, байлығына не жатады?

         Туған  жер  туралы  қандай – мақалбілесіңдер?

 ҚБ: Бас бармақ тәсілі арқылы

Сабақтың  мақсатын  жариялау

Ендеше балалар бүгінгі  тақырыбымыз « Ақдауыл хан» туралы. «  Ақдауыл хан» шығармасындағы оқиға жүйесін анықтаймыз, бөліктерге бөлеміз, әр бөлікке ат қойып жоспар құрамыз.

«Қыдырып қайтайық!» биі

 

 

 

 

Оқушылар қорапшадан өздеріне ұнайтын түске сай маркерлер алады.

 

 

Ортасы

Ұжымдық жұмыс

*      Миға шабуыл : Суретке қарап болжам жаса.

Мына суретке қандай тақырып қоятын едіңдер?

ҚБ: : «Менің көңіл – күйім» баспалдағы

Дереккөздер арқылы саралау.

*      МТ :Автор туралы мәлімет беру. Бұл мәтінді жазған Бердалы Рысбеков 1940 жылы мамыр айының 17 — сі күні Келес ауданы, Мақтабек Рахымов атындағы совхоз, Құрылыс елді мекенінде дүниеге келген. . Бүгінгі таңда «Жалын», «Парасат» баспаларынан төрт жеке кітабы «Аппақ қар туралы ертегі», «Құмырсқаның баласы, құмыршақтың басынан кешкендері», «Тасқа айналған қыз», «Сиқырлы жүзік»атты кітаптары жарық көрді. Сондай — ақ Бердалы Рысбеков өлең, ән жазумен де шұғылданып келеді.

Сұрақтар :

1.      Бердалы Рысбеков кай жерде дүниеге келген?

2.     Қандай шығармалары бар ?

ҚБ: «Үш шапалақ» арқылы бірін – бірі бағалау.

Мұғалімнің кері байланысы: Сөздік бағалау (ауызша толықтыру, бағалау)

*      Оқулықпен жұмыс

*      ҰЖ:Мәтінді түсініп оқу,

*      ТЖ : Мәтінді бөліктерге бөліп оқу

*      ТЖ: Бөліктерге ат қою

Тапсырма:  «ЖИГСО» әдісі арқылы оқушылар мәтін бөліктерін топқа бөліп оқиды. Әр топта шығарма талданады. Топтың көшбасшылары басқа топка барып түсіндіреді.

Дескриптор :

— Мәтін бөліктерін саралайды.

— Мәтінді талдайды.

— Оқиға желісін болжайды.

— Бөліктерге ат қояды.

 ҚБ: «Блоб ағашы» әдісі арқылы өзін өзі бағалау. 

Мұғалімнің кері байланысы: Сөздік бағалау (ауызша толықтыру, бағалау)

Тапсырма : Мәтін мазмұнына байланысты оқиға картасын құрастыру.

*      Оқиға картасы

Атауы

Кейіпкер

Ахуал, жағдай

 

 

Шешім

 

 

 

Проблема

Оқиға

Дескриптор :

1.      Мәтіннің тақырыбын атайды.

2.      Мәтіндегі кейіпкерлерді анықтайды

3.      Мәтіндегі жағдайды, ахуалды болжайды.

4.      Оқиға ретін анықтайды.

5.      Мәтіндегі негізгі проблеманы табады .

6.      Оқиғаның шешімін таба алады.

 

ҚБ: Қателіктермен жұмыс кестесі

Қателерім

Неден қате жібердім?

 

Мұғалімнің кері байланысы: Сөздік бағалау (ауызша толықтыру, бағалау)

Дәптермен жұмыс : Сөздікпен жұмыс жүргізу.

Қаймығу – сескену, қорқу

Хан көтеру —  хан сайлау

Тамыршы, дәруіш —  емші

Зауқы соқпау – көңілі соқпау

Ат ізін үзу —  бармай, көрмей кету

Ат жалында ұзақ жыл түн қату – ұзақ уақыт ат үстінде,

жорықта болу

Тапсырма .

Тірек сөздер( қаймығу, хан көтеру, тамыршы, емші, көңілі соқпау)

ТЖ :Тірек сөздерді пайдаланып сөйлем құрастыр.

Дескриптор :

          Тірек сөздерді дұрыс қолданады.

          Сөйлем байланысын сақтайды.

ҚБ: Сабақты бағалау кестесі № 2 әдісі

 

Ұнады

Ұнамады

 

Мұғалімнің кері байланысы: Сөздік бағалау (ауызша толықтыру, бағалау)

 

Окушылар стикерлерге өз есімдерін жазып, тақтада салынған баспалдақтың біреуіне жабыстырады. Баспалдақтар « Керемет»  «Өзіме сенімдімін» « Маған көмек керек» « Білмеймін»

 

 

АКТ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Блоб ағашы – оқушының өзін – өзі бағалауы.Оқушы сабақта өзін қалай ұстады,қандай дәрежеде өз білімін көрсете алды.Ағаштан өзін тауып бояп қояды.

 

Өздеріне берілген мәтін бөлігін талқылайды.Ойларын жинақтайды, топқа барған кездегі жасайтын іс – әрекеттерін ортаға салады.

 

 

 

Қорытынды сұрақтар

«Бір минуттық әңгіме» тәсілі
Оқушылар  сабақтан алған жаңа ақпараттарымен бөліседі.  
 Бір-бірімен әңгімелесу арқылы ой қорытады.

Рефлекция  : «Білім қоржыны»

 

Үйге тапсырма:

Ертегі мазмұны бойынша эссе  жаз.

Ертегі мазмұны бойынша сурет сал.

 

 

 

 

 

Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, қоржындарға жабыстырады.

Қосымша ақпарат

Саралау –Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау — Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

 

Пәнаралық байланыс

·      « Инсерт» әдісі, оқиға картасы,жигсо әдісі, аквариум әдістері арқылы оқушылардың қажеттіліктерін ескеріп, жас ерекшеліктеріне қарай тапсырмалар беремін.Бұл тапсырмаларда балалар ұжымда, жұпта, өз бетінше жұмыс жасауға үйренеді, машықтанады.

Оқушылар қарым – қатынаска диалог арқылы түседі. Олар бір – біріне ашық сұрақтар қою арқылытақырыпты күнделікті өмірмен байланыстырады. Осы әдіс – тәсілдермен тапсырмаларды орындай отырып, сабағымның мақсатына жетемін деп ойлаймын.

Топта ,  ауызша, жазбаша, жеке.

·      дүниетанумен  байланыс

Рефлексия

Сабақ /оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

 

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.  Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Бүгінгі сабақта не ұнады? Қандай қызықты тапсырмалар орындадың? Тапсырмалар орындау барысында қандай қиындықтар болды?

Қорытынды бағамдау

 

 

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

 

1:

 

2:

 

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

 

1:

 

2:

 

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылартуралыменің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *