Адамзат мәдениетінің рухани – адамгершілік әлемі

Пән: Өзін – өзі тану
Мұғалімі:
Сыныбы: 4
Оқушылардың саны:
Тақырыбы: Адамзат мәдениетінің рухани – адамгершілік әлемі
Құндылығы: Ақиқат
Қасиеттері: Тек жақсы және қажетті заттарды айту, басқалардан жақсылықты іздеу, кішіпейілдік.
Мақсаты: Оқушыларға адамзат мәдениетінің рухани – адамгершілік әлемі туралы түсінік бере отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
1. Білімділік: Оқушыларға тек жақсы және қажетті заттарды айту керектігін үйрету.
2. Дамытушылық: Оқушылар бойындағы кішіпейілдік қасиеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды басқалардан жақсылық іздей білуге тәрбиелеу. Ресурстар:
(материалдар, дереккөздер)
1.bilim-all.kz
2.https://infourok.ru

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
5 Т – ережесі:
1. Тәртіп.
2. Талап.
3. Тыныштық.
4. Тазалық.
5. Татулық.
Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып — білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.
«Бір-біріңе жақында» жаттығуы.
Нұсқау: Сіздер бөлмеде еркін жүресіздер де, менің айтқанымды орындайсыңдар. Мен «бір-біріңе» деп айтқанда, сіздер өздеріңе жұп тауып алуларың керек. Жұбыңды тапқаннан кейін мен сіздерге жаңа тапсырмалар беремін. Бастаймыз: «Бір-біріңе!». Енді бір-біріңе қол беріп, бір-біріңнің аяғыңа аяғыңды, мұрынды мұрынға, құлақты құлаққа, бетті бетке және т.б. дене мүшелеріңді тигізіңдер. Осыдан кейін қайтадан өздеріңе басқа жұп тауып, жаңа ғана жасаған әрекеттерді қайталаңыздар
Үй тапсырмасы.
1. №1 – сабақ. 3 – тапсырманы орындау.
2. Келесі сабақ. №2, «Сократ – ежелгі грек ойшылы» мәтінін оқып келу.
Сұрақтар:
• Сократ деген кім?
• Ол қарапайым адамдармен не жайында әңгімелесуші еді?
• Сократты не үшін қамауға алды?
• Жазадан құтылу үшін Сократқа қандай шарт қойды?
• Сократ елінің адал азаматы екенін қалай көрсетті?
• Өзің ұлы адамдардың бойында қандай қасиеттер болады деп ойлайсың?
3. Сабақтың дәйексөзі.
Алдымен өзіңді – өзің таны.
Сократ
Сократ — ежелгі грекфилософы.
Сұрақтар:
1. Адам өзін қалай тани алады?
2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?
Сократтың нақыл сөздері
– Әрбір адам күн сияқты, тек оған жарқырауға мүмкіндік беру керек.
– Ақшасы жоқ адам кедей емес, арманы жоқ адам кедей.
– Тек бір ғана жақсылық бар ол – білім, тек бір ғана жамандық бар ол – надандық.
– Ізгілік пен игілік жоқ жерде әсемдік те жоқ.
– Әлемді өзгертпес бұрын, өзіңді өзгерт.
4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).
Адам бойына бірінші керек қасиет — адамгершілік. Себебі онда сүйіспеншілік, мейірімділік, ізгілік, махаббат, жақсы ойлау сынды іс — әрекеттердің тізбегі жатыр.
Дүниедегі жағымды нәрселердің бәрі – адамгершілік ұғымы арқылы жүзеге асады. Осы қасиет арқылы жас та, кәрі де өзінің мақсат — мүддесіне, арман тілегіне, болашақтан үміттенуіне сенім білдіреді.

Видеокөрсетілім. Алдар Көсе «Күтпеген қонақ» мультфильмі көрсетіледі.
— Алдар Көсенің мультфильмінен не көрдіңдер?
— Бай қандай адам екен?
— Ал Алдар Косе қандай адам?
— Байдың орнында болсаңдар не істер едіңдер?
(Оқушылар өз ойларын айтады.)
— Сонымен адамның қандай жақсы қасиеттерін білеміз?
— Қандай жаман қасиеттерін кездестірдіңдер?
Етікші туралы аңыз.
Бір ауылда жүрегі таза, адамгершілігі мол, иманды етікші тұрушы еді.
Елдің бәрі мерекеге дайындалып жатқанда етікші сырқаттанып, төсек
тартып жатып қалады. Сөйтіп, ол мерекені жалғыз, көңілсіз қарсы
алатынына қапаланды. Мерекені тойлайтын уақыт таянып қалғанда, ол
түсінде Данышпан қартты көрді: ол ақырын дауысымен: «Сен маған келе алмасаң, мен саған өзім барамын» — деді.Ұйқысынан оянған ол қуанып кетті. Таңертең ерте оянып, үй — ішін жинастырып, мерекелік тағамдарды әзірлеп, құрметті қонағын күтуге дайындалды. Осы сәтте ол терезенің алдында жылап тұрған баланы көрді. Ол баланы үйге кіргізіп оған былай деді:
— Сен неге жылап тұрсың?
— Бүгін менің жалғыз бәтеңкем жыртылып қалды,одан басқа аяқ киімім жоқ. Жаңасын алуға жағдайымыз келмейді. Сонда етікші баланы жұбатып былай деді: «Келе ғой мен бәтеңкеңді тігіп берейін!». Аз ғана уақыттан соң жөнделген бәтеңкесін көрген бала қуаныштан жүзі бал –бұл жайнап кетіп, аяғына киіп алды. Оны шығарып салған етікші өз жұмысын жалғастыра берді. Кеш болды. Жұпыны киінген бір әйел келіп былай деді:
-Кешіріңізші мені, өтінемін! Мен сізге аяқ киімімді жөндеуге берген едім, бірақ, төлейтін ақшам болмай тұр. Келмейін десем, күн суытып барады.
Етікші оған күлімсірей жымиып:
-Сіздің етігіңіз дайын тұр. Киіп ал да, өзің тоздыр!
Одан ештеңе сұрамастан етігін бере салды.
Түн болды. Өз ісін аяқтаған етікші өзіне уәде берген қонағын күтуде. Ұйықтайтын уақыт та таянып қалды. Осы кезде есік қағылды. Есікті
ашқанда бейтаныс жолаушыны көрді. Ол былай деді :
-Мені үйіңізге кіргізіңізші? Мен күн ұзағына жол жүріп келемін. Қонатын жерім болмай тұр, түн жарымында ешкім есік ашар емес …
Етікші оны үйіне кіргізіп, тамақтандырды,өзінің төсегіне жатқызды .
Ал өзі еденге жатты. Ұйықтар алдында ол іштей өзіне:
-Мүмкін, мен ,бүгінгі күткен қонағыма лайық емес шығармын, өйткені ол келмеді ғой»- деп ойлады да ұйықтап кетті. Түсінде сол баяғы данышпан ата ақырын дауысымен былай деді: Мен бүгін саған үш рет қонаққа келдім, әр келгенімде сен мені құшақ жая қарсы алдың. Сенің ақ пейілің жаныңдағыларға деген риясыз сүйіспеншілікке толы жүрегің – баға жетпес сый. Сүйіспеншілік бастан немесе ауыздан шықпайды, ол жүректен шығады. Өз жүрегіңнің отын жағып, өзгелерге жарығың мен жылуыңды сыйласаң «Адам!» деген ұлы атқа лайықты жансың ұлым.
Әңгімелеу бойынша сұрақтар:
1. Әңгімені тыңдағанда қандай сезімде болдыңдар ?
2. Әңгімедегі етікшінің адамдарға жақсылық жасауға итермелеген қандай күш ?
3. Данышпан ата ол кісіге «Адам» деген ұлы атқа лайықсың!- деп не үшін айтты ?
4. Айналадағы адамдарға риясыз көмек көрсету дегенімізді өмірден нақты қандай мысалдар айтып бере аласыңдар ?
5. Қандай істер өмірде ең маңызды болып табылады ?
6. Сіздер осы әңгімеден қандай ой түйдіңіздер?

5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.
Жаттығу: «Көрпені жамау».
Мақсаты: заңдылықты қалыптастыру. Есте сақтау қабілетін дамыту. Қиял, елес ұғымдарын жетілдіру.
Көрнекілігі: пираттың суреті, әртүрлі кілемшелер, үлкен түрлі-түсті кілем.
Ал енді ары қарай жүреміз. Алдымызда пират тұр екен. Оның бізге берер тапсырмасы қандай, соны орындап көрейік. Жақсы орындасақ, онда бізге жол көрсетіп жібереді екен. Бірақ, балалар, пират өте кәрі, ол тоңғақ, біз оған көмектесіп көрпесін жамап берейік, жылы жүрсін.
Талқылау:
-Балалар, тапсырма ұнады ма?
-Несімен ұнады?
-Қандай қайырымдылық көрсеттік?
Оқушылар төрт топқа бөлінеді.
6-тапсырма «Даналық» сөзінің әрбір әрпінен басталатын жақсы сөздерді тауып жазыңдар.
Д…
А…
Н…
А…
Л…
Ы…
Қ…
6. Топпен ән айту.
Ана тілі
Өлеңін жазған Әдібай Табылдиев
Әнін жазған Мақсат Дауылбаев
Ақыл-ойын дананың,
Ана тілден аламын.
Ана тілім ардақты,
Ақ сүтіндей анамның.
Өсірген ой, білімді,
Сүйем туған тілімді.
Мақсат етем әр сөздің,
Мәнін терең білуді.
7. Үй тапсырмасы.
1. №2 – сабақ. 4 – тапсырманы орындау.
2. Келесі сабақ. №3, «Талаптыға нұр жауар» мәтінін оқып келу.
8. Сабақтың қорытынды сәті.
Тыныс алуға зейін қою.
Баяу музыка қойылады.
Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.
Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз…, арқамызды тіктейміз…, қолдарыңды тізеге қоюға болады…
Д е м а л….. ш ы ғ а р… (жаймен 9-10 рет) немесе 1………………2 [3]. Рахмет!
Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *