Абай Құнанбаев «Қыс» өлеңі

Қосанова Баян Бисенбаевна

Қазақ тілі 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Қыс» өлеңі
Сабақтың мақсаты: Ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы алған білімдерін нақтылау, кеңейту және қазақ поэзиясының асқар биігі Абайдың шығармашылығын құрметтеу.
Білімділік: Абай өлеңдерінің мазмұнын меңгерту, адам мен табиғат арасындағы байланыс туралы түсінік беру, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу.
Дамытушылығы: Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру, елестеу, есте сақтау, өз бетінше жұмыс жасау қабілеттерін, сөздік қорын, тілін, мәнерлеп оқу дағдысын дамыту.
Тәрбиелігі: Абай өлеңдері арқылы табиғатты сүюге, аялауға, сұлулықты бағалай білуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Абай Құнанбаев суреті, интербелсенді тақта.
Әдіс — тәсілдері: сұрақ — жауап, топпен жұмыс, талдау, ой қозғау. топтастыру, сатылай кешенді талдау. жұппен жұмыс
Түрі: жаңа білім беру сабағы.

Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру.
— Амандасу, оқушыларды түгендеу, сабақтың мақсатымен таныстыру.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
1. «Шілде» өлеңін жалпы сыныпқа жатқа оқу.
1 — топ. «Туған жер» тақырыбында шағын әңгіме
2 — топ. «Туған жер» тақырыбына өлең шығару.
3 — топ. «С. Торайғыровқа хат»
2. «Шілде» өлеңі жылдың қай мезгіліне арналған?
Қандай жыл мезгілдерін білесіңдер? Жыл мезгілдеріне арнап қандай ақындарымыз өлең жазды? Ендеше, балалар, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы да осы жыл мезгіліне байланысты болмақ. Ол Абай атамыздың «Қыс» өлеңі.

3. Жаңа сабақ
Абай атамыз туралы не білеміз? Оқушылар біртіндеп шығып жазады.
Абай

Ақын, аудармашы, ойшыл, сазгер, ұстаз, кемеңгер, қарасөз шебері, сыншы, қоғам қайраткері, табиғат, жыршысы

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев 1845 жылы бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Абай жас кезінде — ақ ерекшеленіп, ауыз әдебиетін ертегі — аңыздарды, ескі әңгімелерді, жыр — қиссаларды ерекше ден қойып тыңдайтын болған. Әжесі Зере мен анасы Ұлжан — жас Абайдың әдебиетке құмарлығын оятқан жандар.
Ауыл молдасынан сауат ашқан Абай 10 жасында Семейге оқуға келеді. Басында Ғабул — Жаппар, кейін Ахмет — Ризаның медресесінде білім алған Абай өте үздік оқиды. Ол осында дін сабақтарымен бірге араб, парсы тілдерін үйреніп, мүмкіндігінше мол білім алуға ұмтылып, Шығыстың ұлы ақындары Низами, Сағди, Фердоуси, Хафиз, Физули шығармаларымен танысады.
Бүгін біз Абайдың табиғат лирикасы жайында сөз етпекпіз. Ең алдымен «лирика»деген сөзге түсініктеме беріп алайық. Лирика — адамның көңіл — күйін, қуаныш — реніш сезімін білдіретін поэзия. Лириканың 4 түрі бар.
Лирика

Философиялық
Саяси
Махаббат
Табиғат

Өлеңнің шығу тарихынан. — 1884 жылы Семей өңірінде қыс қатты болып ел жұтаған, мал қырылған кез екен. Қыста жауған қар сәуір айында бір — ақ еріген. Абай атамыз бұл өлеңді сол кезеңде жазған.
Сондықтан ақын қысты «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды” зор тұлғалы адам ретінде сипаттаған.
1884 — 1890 жылдардағы табиғаттың төрт мезгіліне арналған «Қыс», «Жаз», «Күз», «Жазғытұрым» өлеңдерін жазады.
Абайдың 45 қара сөздері бар. Абайдың әндерінің бәрі — қазір нотаға түскен, орындалып жүрген классикалық туындылар.

4. Поэзия минуты.
Балаларға қыс өлеңін интербелсенді тақтадан тыңдатамын. 1 оқушы «қыс» өлеңін мәнерлеп оқиды. Өлеңді тыңдап болған соң, оқушыларға мынандай сұрақ қойылады.

5. Зерделі сұрақ — дәлелді жауап
1. Өлеңде ақын қысты кімге теңеген?
2. Шалдың киімдері қандай?
3. Ақын суреттеп отырған шалды кімге ұқсатуға болады?
4. Түсі суық,
басқан жері сықырлап келіп қалды өлең жолдарындағы түсі суық дегенді қалай түсінесіңдер?
5. Өлеңдегі шалдың мінезі қандай? (Ол қатал, соқыр — мылқау адам сияқты)
6. Өлеңдегі кәрі құданы қалай сипаттайды?
7. Ақын қысты қалай суреттеген? Өлеңнен тауып оқы.
8. Өлең жолдарынан кейіптеуді тауып оқы

Міне, осындай сұрақтарға жауап алғаннан кейін ақынның қысты қалай суреттегені және осы өлеңінде нені айтпақ болғандығы анықталады.«Үсті — басы — ақ қырау, түсі суық, дем алысы — үскірік, аяз бен қар» балама мағынасында қолданылып тұрған сөздер. «Дем алысы — үскірік, аяз бен қар» деген сөздер қыстың қытымыр аязын суреттеп тұр. Бұл жерде Абай қысты «Кәрі құда» кейпінде суреттей отырып, өлі табиғатты жандандыра, қимыл — әрекет үстінде көрсету арқылы жаңаша образ жасап отыр. Қыстың жаңа образы -«Кәрі құда».

6. Оқушыларды үш топқа бөліп оларға тапсырма беремін. Оқушылар өз тапсырмаларын қорғайды және топтарына ат қояды.
1 — топ. Қыс туралы өлең шығарады.
2 — топ. «Қыс келбеті» тақырыбында сурет салады.
3 — топ. Қыс туралы шағын әңгіме жазу.

7. Сергіту сәті: қара жорға

8. Талдау — табыс кілті
І топ. Сатылай кешенді талдау
1. Авторы — А. Құнанбаев — қазақ халқының ұлы ақыны, ойшыл — философы, композитор әрі аудармашы
2. Тақырыбы — Табиғат құбылысы
3. Жанр түрі — өлең. Бұл өлең табиғат лирикасына жатады. Себебі, ақын табиғаттың қытымыр қаталдығына қарсы тұруын өз көңілі, сезімі арқылы білдіреді.
4. Идеясы дегеніміз — ақынның айтар ойы мен мақсаты. Өлеңнің идеясы — қыс мезгілінің ерекшелігі.
5. Сөздікпен жұмыс. Ұшпа — бұлт (жеке, шоқ бұлт), бурадай — түйенің долданып, ашулануы

ІІ топ. Өлең құрылысына талдау
Ақ киімді денелі, ақ сақалды, а
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. а
Үсті — басты — ақ қырау, түсі суық. б
Басқан жері сықырлап келіп қалды. а
Біз өлеңнің 1шумағын талдап отырмыз. 4 тармақты, 3 бунақ, 11 буынды. Қара өлең ұйқасы.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *