абай эсселер жинағы

Абай-дана, Абай –дара, қазақта!

Қайхалықтыңболмасынбелгілібіртарихикезеңдеөнері мен әдебиеті, яғнибүкілмәдениболмысыөзгешебірбиіккекөтеріліп,кейінгіөрлеу мен дамуғакеңжолашарысөзсіз. Біздіңқазақхалқыныңтарихында да сондайкезеңдердің бар болғанышындық. Қазақхалқыныңруханияттықдамуындаосындайтолағайөзгерістер мен ерекшесерпілістердіңкөзгеайрықшашалынарсәті- ХІХ ғасырдыңаяғы мен ХХ ғасырдың басы. АталғануақытаралығындақазақортасындаидеялықжаңатыныстыңқанаттануынаАбайдайжансалғанойшылкемде-кем. Еліміздіңшымырланып, қайтатүлеуқажеттігінсезінгендіктен, қайрау мен намысқатиюарқылыішкіжан-дүниесініңқайтаданжаңашақұрылуқажеттігінұсынды. Мәселен «Қалыңелім, қазағым, қайранжұртым» депбасталатынтолғауындахалқынабағышталғанмахаббаттыңтұңғиықкөріністеріанықбайқалады. Ақынныңжақсы мен жаман, надандық пен адамдық, махаббат пен ғадауаттуралыәрұстанымы, әртұжырымыөткенөмірдің, бүгінгікүн мен келершақтыңкелбетінанықтайтынайрықшаөлшемдерсияқты.
Абай адамөмірініңбірталайкелеңсізжақтарынсынайотырып, оданқұтылудыңжолын да көрсетіпбереді. Өнер, білім, ғылымүйреніпқанақоймай, солалғанбілімдіқалайжұмсаукеректігін де айтыпөткен. Ақынныңшығармашылығыныңөзегі «Адам бол» деген философиялықидеяғасәйкескеледі. «Ондайболмаққайдадеп, айтпағылымсүйсеңіз»- дегендеғұлама-адамныңруханижетілумүмкіндігініңшексіздігінкөрсетті. Меніңтүсінігімбойынша, адамөміргеқұштар болу керек. Ешқиындыққамойымай, бәрінжеңуқажет. Адамгершіліккежетелейтінбірден-біржол, Абай түсінігіндебілім мен ғылымғақұштарлықболыпкеледі.
Ғылымтаппаймақтанба,
Орынтаппайбаптанба,
Құмарланыпшаттанба,
Ойнапбосқакүлуге,-
деп, Абай атамызадамболыпқалыптасуүшінеңқажетіғылымекенінкөрсетіп, адамныңбойынаоныңөзімшілтабиғиболмысыарқылыорныққанменмендік, нәпсіқұмарлық, тұрақсыздықсияқтықасиеттерінешектеуқоюғатырысады. Қазақхалқыншексізсүйген Абай ескіліктіңбұғауынан, надандықтыңшырмауынаншығаалмайотырғанауырхалінекүйінеді.
Егемендіеліміздіңжастары осы үшкеселден ,адамдықорқылатұғыннәрседенбойынаулақсалса, ақынныңарманыорындалғаны.

Алменова Аружан
Қостанай облысы
Рудный қаласы
7 «а» сыныбы

Ұлы атамыздың 175 жылдық мерейтойына!

Абай Құнанбаевтың шығармашылығы — даналықтың, рухани жаңғырудың негізгі көзі.
Абай Құнанбайұлы (1845 — 1904) жылы бүгінгі Шығыс Қазақстан облысының Шыңғыс тауы баурайында дүниеге келген. Ол қазақтың әдебиетінде қайталанбас ұлы ойшыл, философ, ақын. Абай атамыздың шығармашылыққа балалық кезінен әжесі Зере баулыған. Абай санасына қатысты бар шуақты қасиеттер мен ақындыққа деген ұмтылыс сезімі әжесі мен анасының әсерінен сіңген.
Абай атамыз ауылдық молдадан білім алып, сауат ашып, кейіннен Семейге білімін шыңдауға барған. Медресе оқуында жүрген уақытында Шығыс поэзиясына қызықтанып, Шығыстың ақындары секілді өлеңдер жазуға талпынады. Сексенінші жылдар орталығында Абай атамыз ақындық жолына бағыт бұрады. Абай атамыз өлең және шығармаларын үзіліссіз жазуға тырысты. Абай атамыз 1885 жылда «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» — деп атаған тұңғыш шығармасын жазды. Осы өлеңі тұңғыш Абай атамыздың шығармасы болып, ақындық жолдағы ізденісін танытты. Ақынның шығармалары рухани-адамгершілік қасиеттерге толы, адамның бойындағы тумысынан берілген құндылықтарды насихаттау мақсатында жазылған. Халықты білімге, ілімге, адамгершілікке шақырған.
Ақынның қайратты қарасөздері оның сөзге деген өнерінің көркемдік күшін, даналығын көрсеткен прозалық шығармалар болып табылады. Жалпы қара сөздерінің жалпылық саны 45 бөлектен тұрады. Ақынның әр шығармасы тұнған даналық, адамға ой салатын насихат десем артық айтпағаным деп білемін. Ақын тек шығарашылығында насихаттаған адамгершілік бейнені, нағыз білімді, шынайылықты ойымен ғана емес, сөзімен ісімен жалғастырған адам. Абай атамыз шығармаларын өз жүрегімен сезініп, тұла бойынан өткізіп, риясыздықпен халқына жолдаған, біртуар, ұлы тұлға.
Ақын тек адамгершілік бейнені, ізгілікті ғана емес, табиғатты, болмысты, өмір шындығын, ақылпарасатты, адамның мүмкіндіктерін, барлық тіршілікке қатсытыны ұштастырып бейнелеген.
Абай атамыз аудармашылықпен де айналысып, халқымызға шет елдердің көп шығараларын ұсынған ақын. Халқы үшін жасаған ісі зор.
Құнанбай әкесі Абайды жайдақ сумен теңеген. Оның себебі Абай атамыздың қарапайымдылығы еді. Ол қатарластарының арасында сауатты, ауқатты болса да қарапайым халыққа қызмет етуді мақсат еткен жан еді.
Абай ата – ұлы ақын, дана ойшыл, қазақтың жаңа тарихи дәуірдегі реалистік жазба әдебиетінің атасы.
Атамыздың есімі – қазақ халқының ұлттық санасының оянуы мен рухани қайта жаңғыруының, қоғамның озық күштерінің өркениеттілікке ұмтылысы мен әлеуметтік әділдіктің символы.
Ғасырлар бойы қалыптасқан экономикалық жағдай, тұрмыс салты үлкен өзгеріске түсіп жатқан аумалы-төкпелі заманда қоғам көшінің ендігі бағытын айқындау, қалайда елдің елдігін, тұтастығын, халықтың ұлттық рухының тазалығын сақтай отырып, жаңа жағдайға бейімделу -бұлар дәуірдің, әлеуметтік өмірдің өзі туғызған тарихи қажеттілік болды.
Осы қажеттілік бүкіл қоғамдық ой-санаға, әдебиет пен өнерге жаңа серпін берді. Нағыз халықтық, реалистік принциптерге негізделген жаңа жазба қазақ әдебиеті, Абай шығармалары осы қоғамдық сұранысқа толық жауап берді.
Ақын шығармаларын оқи отырып, біз оның адам жаны мен уақыт талабын жете түсінген дарын иесі болғандығына көз жеткіземіз.

Қайырханов Бейбарыс
Нұр-Сұлтан қаласы
8 «а» сыныбы
Абай Құнанбаев — 175 жаста

Мен ақынның өмір , шығармашылығымен таныса отырып, өз ойыма, санама талай сауал үйеледі. Сол кездегі қиын заманның өзінде Абай атамыз білім алып, жарыққа ұмтылып, сол игілігін халқына беруге талпынған. Біздің бүгінгі таңда бар мүмкіндіктеріміз жасалған. «Сол мүмкіндіктерді пайдаланып, неге биік мақсаттарға ұмтылмасқа?» – деген сауал еріксіз санаңа ұялайды. Абай атамыз ақылды жүрекке бағындыр деп бекерге айтпаған деп ойлаймын. «Адамзаттың барын сүй бауырым деп» — деген сөзінің өзі алған білімімізді ізгілікке бағыттау қажет екенін айтып тұр.
Мен де болашақта Абай атамыз сияқты ұлы болмасам да, қарапайым істеріммен болсын халқыма, еліме қызмет етсем деймін. Ол үшін көп еңбек етіп, қайратты болуым қажет. Қазақ халқы: «Ізденген жетер мұратқа»-деп бекер айтпаған ғой. Мен Абай атамыздың кеше, бүгін, ертең болатынына нық сенімдімін. Абай атамдай биік, бетке ұстап мақтан ететін жандар көп болсын. Елімнің мәртебесі биік болсын деп тілеймін. Елім, халқым ата-бабамыздан қалған асыл мұра, аманат. Қазақ халқы ешқашан аманатқа қиянат жасамаған халық. Мен өз замандастарымды жарқын болашаққа шақырамын. Ұлы атамыздың 175 жас мерейтойы қарсаңында өтетін іс-шараларға белсене қатысып, атамызға деген сый-құрметімді білдірсем деймін. Абай атамызды танымайтын кішкентай бөбектерге де ұлы атамызды танытқым келеді. Ұлылығын мақтан еткім келеді. Абай сияқты аталары бар мына біз, өскелең ұрпаққа артылған жауапкершілік үлкен. Сол миссиямызды адамгершілікпен орындап, болашаққа асыл мұрамызды құрметтей отыра қадам бассақ, жетер шыңымыз асқақ болмақ.

Мақұм Нұрдаулет
Ақмола облысы
Ақкөл ауданы
7«а» сыныбы

Абай ілімі
Абай шығармашылығына арқау болған құндылықтар қай қоғамда үстемдік етіп, салтанат құрса, сол елдер барлық көрсеткіштер бойынша жақсы өмір сүруде. Абай ілімі құндылықтары аяқ асты болып, екіжүзділік, аярлық салтанат құрған қоғамдар шырғалаңға қадам басып, іріп-шіру сатысында тұр.
Ақынның жиырма бірінші қара сөзінде айтылатын – мақтан деген қасиет бар. Қазақ халқының бойындағы мақтан сезімі туралы Абайдың айтқандары бүгінгі күні жаңа сатыға көтеріліп, мемлекетіміздің стратегиялық бет-пердесіне айналды. Жауырды жаба тоқу, кілең жылт еткен жақсыны ғана термелеу, «айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарады» дегендей түймедейді түйедей етіп жарияға жар салу, қоғам үшін істелуі керек қажетті дүниелерді қоғам игілігі, азаматтардың бақытты өмір сүруі үшін емес, ұпай жинау, мансап, көрініп қалу, жағыну, елді алдау үшін істейтін даңғаза деңгейіне жеткізу белең алып кеткені жасырын емес. Елбасының көтеріп отырған дамыған 30 елдің қатарына ену, бәсекеге қабілетті мемлекеттермен теңесу сынды бастамалары нақты іс пен көрсеткіш, нәтиже емес құр сөзбұйдаға салыну, көзбояушылық болып бара жатыр. Лепірме сөз, лепірме ұрандар, ішкі мазмұн мен сапаға үңілмей дақпыртқа үйірсектеу, жалғандыққа алып келіп, мақтанудың ұлттық дертке айналғандығы көрініп тұр. Әрине, Тәуелсіз еліміздің жеткен жетістіктері аз емес, оны ешкім жоққа шығармайды, жоққа шығаруға тырысу ол нағыз қиянатшылық, дегенмен әсіре мақтанға жол бермеуге тырысу қажет. Қазақстан мемлекетінің экономикалық көрсеткіштері, оның ішінде ішкі жалпы өнім пайызы еселеп арттып, отандық өнімдер молынан өндіріліп, елімізде ғана емес экспортқа шығарылғанда, ел ішінде кең қанат жайған өзін өзі өлтіру, қылмыс, түсік жасау, тастанды бала, қарттар үйі, жұмыссыздық, баспанасыздық мәселелері шешіліп, сыбайлас жемқорлық, сөз бостандығы көрсеткішінен әлемдегі 166-орыннан алғашқы отыздыққа кіргенде елдің өркендеуі туралы сөз етуге болады. Мақтаннан мақтанқұмарлық, мақтансүйгіштік пайда болып, ол асқынған кезде мақтаншақтық қасиетке ұласады.

Нұратов Медеу
Қостанай облысы
Рудный қаласы

Абай-дара, Абай –дана!
Дана Абайдың ұлылығы сол – жеке адамға қатысты өте нәзік, шетін қасиеттерді талдай отырып, ұлттық мінезден де осы қасиеттердің көрініс алатындығын аңғартады. Қырық төртінші қара сөзінде «адам баласы я талапты, я талапсыз болсын, әйтеуір «бәрекелдіні» керек қылмайтұғыны болмайды. Әрнешік, орынсыз ба, орынды ма, «бәрекелді» деушіні көңіл іздеп тұрады» деп адам баласының әлсіз тұсының тамырын дөп басады. Осындай «бәрекелді» тілегіштік біздің елде мемлекеттік сипат алды. Мемлекеттік телеарналар мен баспасөзде тек «бәрекелді» тілегіштік сарын, «бәрекелді» тілегіштік саясат. Қазақ қоғамында мәселе, не шешілмеген түйін жоқ па деген ой тудыруы да мүмкін. Әлемнің дамыған 30 елінің ұстанымдары қалай? Адамдық сапа-қасиеттерді мейлінше сараптан өткізген бұл дамыған елдерде мақтан мен «бәрекелді» тілегіштік саясат әбден екшеуден, талқыдан, тараздан өткен сыңайлы. Қазіргі жаһанданған қоғамда құндылықтар, өркениеттер, саналар қақтығысы орын алуда. Бір конфессияның екінші бір конфессиямен шиеленісі тым күшейіп отыр. Еуропа құндылықтары үшін қатардағы іс, өзге елдер үшін кешірілмес күнә, барып тұрған азғындық. Ондай әрекеттері үшін ортағасырлық жазалау әдістері дайын тұр. Діни құндылықтарды адами құндылықтан жоғары қою, асыл дінді дұрыс түсінбеу, түсіндірмеу түрлі қасіреттерге алып келуде. Кертартпа, соқыр, жалған, таптаурын сенім, намыс адамзат қоғамын жалпыадамзаттық құндылықтардан алыстатуда.
Абай отыз алтыншы сөзінде «надандықтың ұяты» деген қасиетті айтады. Ұялмайтын нәрсеге ұялатын, ұялатын нәрседен ұялмайтын тоғышар санадан, ергежейлі рухтан, таяз парасаттан, соқыр надандықтан, парықсыздықтан, ардың ластығынан туыындайтын әрекет. Абайдың «Надандықтың ұяты» ұғымы – ақын өмір сүргеннен бері екі ғасырға жуық уақыт өтсе де, адамзат сана, таным, парасат тұрғысынан жаңғыра алмай отырғандығын көрсетеді. Сол сияқты қазақ қоғамына да менталдық, рухани, парасат тұрғысынан жаңаратын, ескіліктің шеңберінен шығып, жаңаға ұмтылатын, құндылықтар дүниесінде ревизия жасап, дақпырт пен даңғазаға, кертартпалық пен соқыр нанымға, таптаурынға, екіжүзділік пен аярлыққа, жалған намыс пен мақтанға толы рухани, адамгершілік келбетімізді жақсартуға, адам құқықтары мен бақытын дәріптейтін жалпыадамзаттық құндылыққа ұмтылатын кезең келді.
Адам құны мен құқығы кеміген, арзаңдаған, аяқ асты болған қоғамда – адам ешқашан бақытты болмайды. Адам құны мен құқығы жоғары қоғамда ғана адам өзің толық бақытты сезінеді.

Касихан Асел

Қарағанды қаласы

Абай — дана, Абай — дара қазақта

Мен қазақпын дейтін әрбір адамның жүрегінің түкпірінде Абайға деген бір жылы сезім жататыны мәлім. Оның терең мағыналы өлеңдері мен әндерін, қара сөздері мен дастандарын оқып, жаттап, айтып өскен әрбір адам Абай десе елең ете қалары сөзсіз.
Абайдың зиялылық шығармашылығы оның педагогикалық көзқарасымен ажырамас бірлікте. Абай адам баласының тіршілігіндегі тәлім мен тәрбиеге ерекше мән беріп, өмірінің ақырына дейін ағартушылық міндетін терең сезінген. Мәселен,
«Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай, баптанба,
Құмарланып шаттанба
Ойнап босқа күлуге,» — дей келіп, адам мінезіне жақсы да жаман әсер ететін сипаттарды тарата жіктеп, даралап түсіндіріп береді. Жас ұрпақтың ақыл-ой тәрбиесін жан-жақты жырлап, адамзат баласының ең асыл қасиеті білім-ғылымға ұмтылу деп бағалайды. Ғылым-білімге талпыныс адамның жан дүниесімен қоса сыртқы айнала қоршаған экономикалық-әлеуметтік жағдайлармен тығыз байланысты екендігінің шындығын айтады.
Абай – кемеңгер! Бүкіл халықтың бетке ұстар данышпаны. Сондай-ақ, Абай көзі тірісінде өзінен кейінгі өнерлі ұрпақты әдебиетке, поэзияға жетелеген өрелі Ұстаз, Хәкім!
Қазақ халқының тұтас бір дәуірінің ақыл-ойы мен мәдениетінің, өнері мен әдебиетінің асқар шыңын бейнелейтін кемеңгері — Абай Құнанбаев.

Елеусіз Талғат

Нұр-Сұлтан қаласы

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *