Абай-дана,Абай -дара қазақта

Абай- дана,Абай-дара қазақта
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығына сәйкес,қазақ ұлтының біртуар перзенті,данышпан ,ұлы ағартушы,қазақ әдебиеті мен мәдениетіне өз үлесін өлшеусіз қосқан дара тұлға-Абай Құнанабайұлының 175 жылдық мерейтойына орай балабақшамызда бірнеше шаралар болып өтті.Ұлы Абайдың шығармашылығы бүгінгі заман талабына сай қайта түлеп,жыл өткен сайын жаңғырып ұрпақ тәрбиесінде өзіндік үлес қосып отыр.
Абай мұрасы қазақтың ең қасиетті теңдесі жоқ алтын қазынасы.
Соның бір айғағы ретінде айтар болсақ,балабақшамызда Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы қарсаңында ақынның өлеңдері мен қара сөздерінен балабақша ішінде байқау болып өтті.Ол байқаудан үздік шыққан тәрбиеленушілеріміз Трофимович Мирон,Аширов Арман мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілер арасындағы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған мәнерлеп оқудан аудандық байқаудан 1-орынды иеленді.
Жас ұрпақтың жүрегінде дана да,дара Абайдың өнегелі өмірі мақтаныш сезімін ұялатады.Оны келешек ұрпаққа толыққанды жеткізу әр азаматтың парызы,ал насихаттау міндеті болып саналады.

Алматы қаласы Жетісу ауданы
КМҚК №179 бөбекжай-балабақша әдіскері: Боданова Айида Серікбайқызы

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *