«Өткенді саралап, болашаққа бағдар жасап, қадам басқан ой толғау»

Тақырыбы:
«Өткенді саралап, болашаққа бағдар жасап, қадам басқан ой толғау»
Жастарымыз салт-дәстүрімізді көздің қарашығындай бағып жүретін,
көптің көкейіне үміт отын жағып жүретін, адамзаттың озық ой
көгінде ағып жүретіндей болуы тиіс.
Н. Ә. Назарбаев

Қазақ халқы санғасырлар бойы әлемдік мәдинеттердің ассимиляциясына ұшырамай, керсінше бабаларымыздың ержүрек және болашаққа әрқашан жарқын көзбен қарайтын болған. Ол сөздерімнің дәлелі ретінде әлем тарихы жазбасында қалған оқиғаларды еске түсіріп кетейін. Бүгініг таңда әлемнің сегізінші кереметі атанып жүрген «Ұлы қытай қорғаны» тарихына жүгінсек онда арғы түбі солтүстік батыстағы көршілерінен қорғану мақсатында салынған екен. Ол көршілер біздің арғы бабамыз «Ғұндар» тарихта олар тек осы атпен қана қоймай, батыста Рим империясын құлатып, тарихтағы бес формацияның бірі «құл иеленушілік дәуірді» жойды. Нақтырақ айтсақ, еуропа елдеріне демократия алып берді деуге де болады. Одан беріде грек тарихына арқау болған «Тұмар ханым» секілді сан ғасырлар болса да ерлігі кеше жасалғандай әлем тарихында баяндалып келетін біздің мақтан тұтатын бабаларымыз бар.Қай заманда да қазақ өзінің даралығымен ержүректілігімен және де болашақты мыңжылдықтарға болжайтындығымен сонымен бірге дархандай жарқын көңілімен ерекшеленіп тұратын. Сонау замандарда басқа халықтардың енді ұлт болып қалыптасу кезеңінде біздің ел көсемдер алтыннан сауыт киіп елді басқарған. Ол жайында атақты ғалым Л. Н. Гумилевтың еңбектерімен жеріміздегі архиологиялық жәдігерлеріміз баяндап тұр. Біздің ел тәуелсіздік жолында талай – талай идиологиялық және өркениеттік толқындарды бастан кешірді. Атап айтсақ эллиндік мәдениет, исламдық өркениет, империалистік сана және коммунизмге деген идиология. Біз солардың біреуіне жұтылып кетпестен өзіміздің дәстүр-салтымызды сақтап қала отырып үйлесімді дамыта білдік.Бүгінгі таңда бас аяғы 23 жыл ішінде әлем мойындап қана қоймай, татулығынан өнеге алатын дәрежеге жеттік. Бұл ғасырлар бойы көрген өмір тәжірибемізбен ұшқыр ойлылығы болашаққа бағдарды дер кезінде қоя білгеніміздің арқасында. Уақыт өткен сайын өмір тәжірибемізде молая түсуде. Ұлт тарихын жүрегіңмен тыңдап ақылыңмен тұжырымдар болсаң елмізді басқарған санқырлы, бабаларымыздың салиқалы саясатына таң қаласың. Атап айтсақ Тәуке хан, Абылай хан, Жәңгір хан, Әбілхайыр хандар ұлы тұлғалар ұлтымыздың жойылып кетпей, жерімізідің гиосаяси аймақтың негізін қалағандар.

Міне ІІІ – мыңжылдықта келіп қазақ халқының арайлап атқан ақтаңы, Тәуелсіздікке де қол жеткіздік! Бұл мыңжылдық өзімен бірге көп шаттықпен бірге үлкен міндеттерді де қоса алып келді. Бұл жаһандану, ақпараттану, кейбір мемлекеттердің саяси экономикалық тәуелділігі және ұлттық имуниттердің әлсіреуінен сыр беруі, тіпті ұлттардың әлем картасынан жойылып бара жатқаны да байқалады. Алып державалардың өзара салқын қандығы, түрлі бағыттағы идиялогиялық экспансиялар. Осында қатерлі сындарда өз елін қанаттыға қақтырмай тұмсықтыға шоқтырмай аман-есен алып қалуы ғана емес өзінің өміршеңдігін дәлелдеуде керек болып тұр бұл заманда. Ол үшін елбасымыз әуелденақ қамданған «Қазақстан-2030» стратегиясы, «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» Қазақстан халқына Жолдауы және бірі бірегейі ортақ ұлттық ұстанымымыз «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. Тамыры терең , тұғыры биік бұл үндеулер қазақстандықтарды жаңа ғасыр талабына төтеп беретін, сұранысын қанағаттандыратын сапалы ақыл-ой капиталы болуға шақырып қана қоймай ауызбіршілікке, еңбеқорлыққа және де денісау рухани тұрақты ұлт болуға шақырады.
Әр мемлекеттің өміршең болуы үшін биік мақсаттармен ұлы да игі істерді мақсат етіп қояры анық. Сол мақсат мүдделерге жету үшін елдің ортақ ұстанымы болу шарт.Ол сол мемлекетті мына заманда адастырмай тар жол тайғақ кешуден аман алып қалуы міндетті. Тарихқа ой жүгіртсек Қытай ұстанымы «Аспанасты патшалығы» деген болса Жапондықтар «Күншығыс елі» ұстанымдарын ұстайды. Міне біздің елде уақытқа оздырмайтын, алыпқа алдырмайтын ортақ ұлттық идея «Мәңгілік ел» ұстанымы.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздік толғауы» еңбегін оқыту және талдау Қазақстан халқының өз тағдырын және өз болашағын құру мүмкіндігін анықтауда жасаған дұрыс және көрегендік таңдауы халық жаңа Қазақстанды бейбіт жолмен жаңартуда екенін көрсетіп отыр. Тәуелсіздік – көп ғасыр бойы қазақ халқының көксеген арманы, оның мүддесі мен үмітінің жемісі, қазақстандық патриотизмнің нышаны. Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілгендей, қазақстандық патриотизм мемлекеттің негізін қалаушы ұстанымдарына жатады. Патриотизм бастаулары өз отбасына, Отанына деген сүйіспеншілікте, ел тарихын терең меңгеруде, оның егемендігі мен өркендеуіне күш салған аға ұрпақтың еңбегін түсіну мен құрметтеуде көрінеді [1]. Нұрсұлтан Әбішұлы патриотизмді әсіресе жастар бойында дамытқан кезде еліміздің өркендей түсетініне баса назар аударды. Біздің жастарымыз ар, борышқа адалдық, парасаттылық, Отанымыздың игілігі жолындағы жасампаздық сияқты жоғары құндылықтарға шынайы беріліп өсуі тиіс. Ұлт көшбасшысының пікірінше, өзіне қатысты талап қоюшылық, қоршаған жандарға қатысты адалдық, өз еліне деген шынайылық – өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі негізгі сәттер деп санайды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан патриотизмінің іргетасы – барлық азаматтардың тең құқылығы және олардың Отан абыройы алдындағы ортақ жауапкершілігі» – деп атап көрсетті. Жаңа қазақстандық патриотизм барлық қоғамды этностық айырмашылықтарына қарамастан біріктіруге тиіс [2]. Соңғы жылдардағы өскелең ұрпақ тәрбиесімен байланысты үлкен өзгерістер, жаңа проблемалар патриоттық тәрбиенің мәнін, оның қоғамдық өмірдегі орны мен рөлін қайта пайымдаумен шарттастырылған. Патриоттық тәрбие рспубликадағы барлық қызметтің ажырамас бөлігі болып табылады. Патриот – бұл патриотизммен рухтанған адам. Қандай да бір істің мүддесіне берілген, ол істі шын жүрегімен сүйетін адам. Азамат – осы мемлекеттің тұрғылықты халқына жататын, оның қорғауында болатын және құқықтар мен міндеттер жиынтығы берілген адам. Қоғамның саналы мүшесі. Азаматтықты және патриотизмді тәрбиелеу Отанының азаматы – патриотының қасиеттері бар және азаматтық борышын бейбіт және соғыс уақытында ойдағыдай орындауға қабілетті тұлғаны дамытуға бағытталған. «Азаматтық» түсінігі – белгілі нормаларды сақтаудан, мемлекет пен қоғам мүддесіне эмоционалды біржақтылықтан, мемлекет пен қоғам алдындағы парыз және жауапкершілік, мемлекет пен қоғам жағдайында азаматтардың қатар өмір сүру мәдениетінің белгілі бір деңгейі, азаматтық қарым-қатынастар жүйесі, азаматтық міндеттерін орындау қабілеті мен дайындығынан тұратын күрделі, 5 көпқырлы ұғым. Қоғам тарихында «азаматтар», «азаматтық», «азаматшылық», «патриотизм» түсініктері тығыз байланысады. Әдебиеттерде бұл түсініктер шектелмейтіндіктен, әлеуметтік құбылыстарды түсінуде, негізделген ғылыми тұжырым жасауда объективті қиындықтар туындатады. Тіпті, түрлі энциклопедиялық басылымдарда «азамат» және «азаматтық» түсініктеріне берілген анықтамалардың да айтарлықтай айырмашылығы бар. Сонымен, «азамат» түсінігі «азаматтық» ұғымынан әлдеқайда кеш пайда болған. В. Дальдің Түсіндірме сөздігінде «азамат» ұғымы былай түсіндіріледі: «қала тұрғыны, қалалық, посадтық, қауымның немесе жалпы басқарылатын халықтың мүшесі, халық, жер, мемлекетті құраушы әрбір жан немесе адам. Белгілі қаланың азаматы деп осы қалаға тіркелген көпесті, ұсақ саудагерді немесе цеховойды айтады…». В. Даль «азаматтық» түсінігін «азаматтарға, мемлекетке, халықтық басқаруға және бодандыққа жататындарға» қатысты қолданған [3]. Патриотизм – (грек. рatris – Отан, атамекен) – Отанына сүйіспеншілік – ғасырлар және мыңжылдықтар бойында нығайған ең күшті сезімдердің бірі. Біздің ойымызша, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздік толғауы» еңбегін оқыту негізінде жастарда азаматтық пен патриотизмді қалыптастыру келесі бейнеге жеткізуі мүмкін. Қазақстанның азаматы, патриоты – бұл: – мемлекет өмірінде өзінің рөлін түсінетін адам; – Отанын сүйеді; – Қазақстанның тарихи өткені және қазіргісін мақтаныш етеді, оның болашағын ойлайды; – мемлекеттік рәміздерді және халқының дәстүрлерін біледі әрі құрметтейді; – белсенді азаматтық ұстанымымен ерекшеленеді; – қоғамдық және саяси оқиғаларға, республика өміріне қызығушылықпен қарайды; – Қазақстанды және оның мемлекеттік мүддесін қорғауы тиіс; – қазақ тілін, орыс тілін және әлемдік тілдердің біреуін біледі; – басқа ұлттар мен діндердің өкілдеріне толеранттықпен және құрметпен қарайды. Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өзін өмір сүретін және еңбек ететін мемлекеттің бір бөлігімін деп сезінген жағдайда ғана «қазақстандық» деген атқа мақтанышпен ие бола алады.
Қазақстан – бейбітшілік пен тұрақтылықтың Отаны. Көшпенділердің рухын сақтаған Ұлы дала сан қилы оқиғаны басынан өткізді. Халықтың басына қандай қиындық түссе де, еркіндікті аңсады. Халықтың бұл арманын Ұлт Көшбасшысы, Елбасы Н.Ә. Назарбаев шындыққа айналдырды. Оның қайраткерлігі – патриотизмнің, еңбек сүйгіштік пен халыққа қалтқысыз қызмет етудің үлгісі болып табылады. Елбасының «Тәуелсіздік толғауы» еңбегін жалпы білім беретін оқу мекемелерінде оқытудың жастар бойында азаматтық пен патриотизмді қалыптастырудағы маңызы зор. Әдістемелік құралда атап көрсетілген жұмыстардың әдістері мен формаларын пайдалану, тәрбие ортасын құру Президенттің еңбектері негізінде оқушылардың өзара тұлғааралық қарым-қатынас жасауына, олардың адамгершілік-рухани құндылықтарды жүзеге асыру мотивациясын көрсетуіне, өзінің және өзге адамдар жасаған қылықтардың адамгершілік тұстарын талдауына көмектеседі. Елбасының «Тәуелсіздік толғауы» еңбегін жалпы білім беретін оқу мекемелерінде оқытуда оқушылардың психологиялық және жас ерекшеліктерін ескеру, тұлғаны оның рухани мәдениет көзқарасы, және әлеуметтік- гуманитарлық пәндерді оқуға деген әлеуметтік ойлауы, танымдық қызығушылығы тұрғысынан, әлеуметтік ақпаратты объективті қабылдауға мүмкіндік беретін сыни ойлау тұрғысынан, және әлеуметтік рөлдердегі практикалық қызмет көзқарас тұрғысынан дамытуға назар аудару қажет. Елбасының «Тәуелсіздік толғауы» еңбегін жалпы білім беретін оқу мекемелерінде оқушылардың психологиялық және жас ерекшеліктерін ескере отырып оқытуда жүргізілген мониторинг негізінде келесі ұсыныстар беруге болады: — «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру аясында тәрбие жұмысын жандандыру; — оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда өскелең ұрпақты тарихи тұлғалар үлгілерімен, қазақстандық патриотизм мен халықтың ең жақсы дәстүрлері рухында тәрбиелеу бойынша жұмысты күшейту; — Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтарын сақтауға жан-жақты ықпал ету; — Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың еңбектерін оқыту бойынша жүйелі түрде семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу. Адам тұлғасын дамыту – бұл ұзақ уақыт пен еңбекті, педагогтың да, оқушының да көп тер төгуін қажет ететін процесс. Елбасының «Тәуелсіздік толғауы» еңбегін оқыту сияқты маңызды іске де өздерінің салмақты үлесін қосты.

Ұсыныс:
1.Мектептерде, аула клубтарында кәсіби –бағдар беретін сала мамандарын жан-жақты дайындау. (стратегиялық, психологиялық және әлеуметтік бағытта).
2. Тарих және география, қазақ тілі мен әдебиеті мамандарын мемлекеттің адам капиталы идеясына бағыттау.
3. Әлеуметтік педагог және психолог, мектеп кітапханашыларының жұмысын жаңа деңгейге көтеру.
4. Қоғамдық ортамен кәсіби маман бағытындағы мемлекеттік емес ұйымдарды тарту.
5. Мектептегі оқу-тәрбие бағытын, күнделікті мемлекеттік БАҚ дағы патриотты бағытымен ұштастырып отыратын арнайы орталықтармен жұмысты күшейту.
6. «Саламатты денеде-салауатты рух» идеясын жан-жақты, терең зерделеу.
7. Өз аймағымыздың көп жылдық стратегиялық мақсаттарына бағытталып, бейімделген маман дайындауға жұмыстану.
8. Мектептерде,жаһандануға төтеп беретін, ұлттық имунитеті күшті түлектерді дайындайтын арнайы мамандармен араторлық қабілетті қалыптастыратын психологтарды мектептерге бағыттау.
Әдебиет
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Астана, 1995 ж.
2. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» – Астана, 2012 // Егемен Қазақстан. – 14 желтоқсан 2012 жыл.
3. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Ресми мәтін. – Астана, 2007 // Егемен Қазақстан. – 28 ақпан 2007 жыл.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *