ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ – РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМЫ

Қуанышбаева Жайна

Мен бүгінгі конференциялық жұмысыма осы тақырыпты таңдадым. Себебі, жай ғана бір сөйлемге сыйған тақырыптың, мағынасы терең, айтары көп. Расында да, адам бойындағы рухани-адамгершілік қасиеттердің маңыздылығы зор. Жақында ғана Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбында мақаласы жарық көрді. Осы мақалада Елбасымыз ұлтымыздың ұлт  болып, еліміздің ел болып қалыптасуына, дамуына ішкі жан-дүниеміздің, рухани қасиеттеріміздің алар орнын ойып тұрып көрсеткен. Қазіргі таңда ұлттық тәрбие мен ұлттық білім берудің маңыздылығы туралы көп айтылып жүр.  Бәрімізде білеміз, тәрбие мен білім беру – егіз ұғым. Тәрбиесіз білім, білімсіз тәрбие болмайды, ешқандай нәтиже бермейді, бермегенде. Ал, ұлттық тәрбие мен білім адам баласы үшін биікке шығатын, көтерілетін баспалдақ тәрізді. Себебі, сапалы материалдан жасалған баспалдақпен біз сенімді түрде, биікке шығамыз. Сол сияқты, ішкі жан-дүниесі, рухы мықты азамат ғана елінің ертеңі бола алады. Сонда  қазіргі ақпараттық-технологиялар заманында, тек қана ғылым мен білімді игеру аз. Адам бойында ішкі рухы, стержны мықты қасиет те табылуы тиіс. Бұл орайда рухани-адамгершілік білім берудің қаншалықты маңызды екенін білуге болады.

Адам несімен бай? Отанымен, елімен, тілі мен дінімен, ұлттық құндылықтарымен. Елбасымыз  мақаласында «Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек» деген[1]. Ол қандай қасиет? Ол ескіліктің сарына емес пе, біздің бәсекеге қабілетті болуымызға кері әсері жоқ па? Ол – қанағатшылдық, қарапайымдылық, үнемшілдік және ұстамдылық, ал бұл қасиеттер адамгершіліктің негізгі элементтері. Адам бойында осындай асыл қасиеттер табылса, демек оның бойында сонымен қатар Отансүйгіштік, Отанына деген, халқына деген, отбасына деген адалдық пен махаббат, шыншылдық пен әділдік де табылатыны сөзсіз. Демек, біздерге ата-бабамыздан баға жетпес қасиеттер мұраға қалдырылған. Осы қанмен келген адамгершілік қасиеттерімізді жоғалтпай отырып, дамыта отырып, рухани дүниемізді тәрбиелей отырып, біз бәсекеге қабілетті, білімді азамат бола аламыз.

Кішкентай ғана бүлдіршін мектеп табалдырын аттап, партаға отырғаннан бастап, мұғалім оған жақсы нәрселерді, жақсы істерді жасауды үйреткісі келеді, бір сөзбен айтқанда рухани-адамгершілік білім бергісі келетіні аян. Одан да бұрын, сол кішкентай оқушымен танысады, оның бойындағы қасиеттер мен мінез-құлқына, тәрбиесіне талдау жасап, баға береді. Ал, ол оқушы өзін қаншалықты жақсы таниды, өзінің бойындағы жетістіктері мен кемшіліктерін қаншалықты біледі, жақсы мен жаман іс-әрекеттерін қаншалықты айыра алады? Тіпті, оқушы емес, біздер студенттер немесе кез-келген қазақ баласы. Біздер кейде, өзіміздің мінез-құлқымызды терең біле бермейміз, бойымызда бар кемшіліктерді де айыра алмай, мойындамай қалатын кездеріміз болады. Кейбір ситуацилық жағдайлардан шығу үшін өтірік айтуымыз да мүмкін, біреудің жеңісін көре алмай көреалмаушылық қасиетіміз де көрініп қалады, менің қолымнан осындай да іс келеді, мен бәріңізге дәлелдеймін, мен мықтымын деп, тіпті кейбір замандастарымыз жаға ұстатарлық әрекеттерге де барып жатыр. Біз мұның бәрін жаман екенін, ғұмыры қысқа екенін білеміз,болашағымызға нұқсан келтіретінін де білеміз, бірақ жасаймыз. Неге? Бізге ата-анамыз екі сөзінің бірінде адам бол, адал бол деп үйретіп отырады. Себебі, менің ойымызша адам баласы өзін-өзі тәрбиелей алмай рухани адамгершілік тәрбиені бойына сіңіре алмайды. Рухани адамгершілік білім берудің бастауы – Өзін-өзі танудан басталады. Өзін-өзі тәрбиелеп, өзіне-өзі баға бере алатын адам, өзінің бойындағы жаман қасиеттерді көріп ғана қоймай, сонымен қатар олармен күресе де алады, жеңе де алады. Тек мойындау аз, оны жөндеу білу керек. Елбасымыз мақаласын «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» деп атаған. Яғни, қазақ баласының рухани жан-дүниесі, адамгершілік қасиеттері, елінің болашағының жарқын болуына әсері мол. Біздерге, яғни, жастарға ата-бабаларымыздан мол қазыналар қалды. Мысалы, салт-дәстүрлеріміз, ән-күй, жырларымыз, әдеби шығармалары мен нақыл сөздері. Әрбір сөзі мен әзілінің астында терең мағына жатыр, соларды оқи отырып, бойымыздағы жақсы қасиеттерімізді қалыптастырып, жаман қасиеттерімізден арыла аламыз, яғни өз-өзімізді тәрбиелей аламыз. Біздің құда түсу,тұсау кесу дәстүрлеріміз, Шәмші мен Ақан серінің ән-жырлары, Абай, Мұқағали Мақатаев бастаған төл әдебиетіміздің айшықтары – мұның бәрі, қадірін түсіне білген адамға, үлкен қазына. Осындай оза шапқан заманда қазақтың қазақ болып қалуы үшін, рухани жан-дүниесін сусындатып, нәрлендіріп отыруы үшін, адами қалпын, адамгершілік қасиеттерін жоғалтып алмау үшін баға жетпес қазына.

Өмір жеңістер мен жеңілістерден тұрады, бірде ұтады, бірде ұтылады. Бір сәтсіздікке ұшырағаннан кейін, қайтадан орнынан тұрып, алға қадамын жасауға біздің күш-жігеріміз жете ме, бәсекелік нарықта өз орнымызды таба аламыз ма? Жетеді, өмірде де өз орнымызды таба аламыз деп айта аламын. Себебі, біздер өз-өзімізді танып, бағалап, рухани білім мен ұлттық тәрбиені ұштастырып, бойымызға сіңіріп жатырмыз. Біз тәлімі мол қазақ мектебінің оқушыларымыз. Ал қазақ мектебінен тәлім алып, рухани жан-дүниесін сусындатып отырған адам жаман болмайды деп нық сеніммен айта аламын.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *