Ұстаз – ұлы тұлға

Ешматова Салтанат Тілеуқабылқызы

«Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен  сусындатып,  тәлім- тәрбие беру, жақсы  қасиеттерді  бойына  дарытып,  адамгершілік  рухта  бағыт- бағдар  беруде  ұстаздардың  еңбегі  зор.   Адам  жанын нұрландырар  ұғымның  ұлысы – ұстаз.  Ұстаз-білім нәрімен  сусындаған  жан.   Абай  атамыз «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін  тап та,  бар қалан» деп  айтқандай әр оқушыға білім беріп, оған  өмірлік  бағыт сілтеп өмірге, «кірпіш» болып  қалануына  зор  үлес  қосушы – мұғалім.  Білімді,  тәртіпті,  тәрбиелі, инабатты,  жаны  таза  рухы  биік жан.

Отаншыл  адамды, тұлғаны  қалыптастырып, баптайтын  адамның  өзі де  қандай  болуы керек, ол кім?  Әрине,  ол  «ұлы» деген  сөзбен тіркесіп келетін  ұстаз, мұғалім.  Ғылым иесі, ғалым да, ел қорғаған  батырда,  тілінен  бал тамған  ақында, егін салған  диқан да,мал бағып, терін  төккен   шопан да бәрі бәрі ұстазда   тәлім алған, сондықтан  да  ұлағатты  ұстаздар сіздерге  бүкіл   адам баласы   құрметпен  бас иеді.Қиындығы да  қызығы да  жетерлік,  ең бастысы – жауапкершілігі    жоғары    мамандықтың  бірі  ұстаздық  ету екені  ақиқат. Өйткені бұл мамандық   иелерінің  мойнына  ешнәрседен  хабары  жоқ, мыңдаған  тарыдай ғана  бүлдіршіндердің  бойына білім  нәрін сеуіп, тәрбие ұрығын  егіп, таудай  азамат етіп шығару міндеті  жүктелген.  Сондықтан басқа  мамандық  иелерінің баршасы да ұстаздарға  борыштар деп  ойлаймын.

Қыран түлегіне  қайтпас қанат сыйлады,  ұстаз  шәкіртіне  талмас  талап сыйлайды, демекші  ұстаз қай кезде де  мектептің жүрегі, қоғамның тірегі.  Қоғам   тұлғаны  қашалықты жетілдірсе, жетілген  тұлға  қоғамды  соншалықты  дәрежеде  дамытады. Менің  түсінігімдегі ұстаз  рухы  таза, ой  өрісі   биік, ұлты мен  Отанының   болашағы  үшін   тер  төгіп,  шыдамдылық пен  табандылықтың   үлгісін  көрсетуші, өз    бойындағы  асыл  қасиеттері  мен   білімін  болашақ   ұрпақтың   бақыты мен  кәдесіне  жаратып, қоғамды  өрге  өркендетуші,жаңашылдықтың  бастаушысы, жүрегі  жылы,  көңілі  дархан  адам. Маман ұстаз ретіндегі  негізгі  ұстанымым:   баланы  тұлға  деп  тану,  оның  пікірімен  санасу, оқушының  кішкентай  қуанышын,  табысын бағалай  білу. Ұстаздықты  бар  ұлағаттың  басы  деп  білетіндердің ғана  орны – мектеп.

Қорытындылай  келсек, біздер  ұстаздар,  күнделікті  өмірдің  жай ғана адамы  емес,  болашақты  қрушыларды,  адамзаттың  сәулетті  болашағын  жасаушыларды  тәрбиелеп,  отырғанымызды  ұмытпауымыз  керек.   Жас  ұрпаққа  білім мен  тәрбие беретін ұстаз – баға жетпес  биік  тұлға.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *