Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі

Достияров Қанат Айдарұлы

Ұрпақ тәрбиесі — келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени — ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу — біздің де қоғам алдындағы борышымыз.

Рухани – өнегелі бала ұқыпты, ұстамды, мейірімді, сыпайы,білімді, мәдениетті болуы керек. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы — өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.

Отбасының бала тәрбиесіндегі ролі

— бала тәрбиесінде отбасы ықпалы басқа тәрбиелік ықпалдарға қарағанда ең басым болып келуі;

— өркениетті, зайырлы, құқықты қоғамның азаматын тәрбиелеуде отбасы мемлекеттің негізгі буыны;

— отбасы – болашақ ұрпақтың бойында ең құнды адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын қоғамның ажырмайтын басты тірек – арқауы;

— отбасы – жеке тұлғаны әлеуметтендіру міндетін жүзеге асырушы. Ол болашақ жас азаматтың дене жетілеуіне, шынығуына, рухани және адами дамуына, ең құнды жалпы адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықты бағалауға, еңбек ету дағдысын тәрбиелеуге ықпал жасаушы;

— отбасы бала тәрбиесінде адамзат қоғамның тарихындағы ғасырлар сынынан мүдірмей өткен ұлттық дәстүрлі жалғастырушы;

— отбасының әлеуметтік міндеттерінің өзегі тәуелсіздікке ие болған

Қазақстан Республикасының мемлекеттік заңдарын құрметтеуші, елжанды азамат тәрбиелеу;

— отбасы баланың мамандықты еркін және саналы таңдауына ықпал жасаушы;

— отбасы өзінің ұрпағын болашақ отбасылық өмірге дайындаушы;

Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», — дейді. Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы — өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.

«Адамға ең бірінші білім емес, рухани –өнегелі тәрбие   берілуі керек, тәрбиесіз білім — адамзаттың қас жауы, ол  берілген келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі…» (әлемге әйгілі ойшылфилософ,социологматематик,

физикастрономботаниклингвистлогикамузыка зерттеушісі

Әбу Насыр Әл-Фараби .

Балабақшадағы тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы. Тәрбиеші балаларды адам мәдениетінің әлеміне, күрделі және алуан түрлі қарым-қатынастардың әлеміне ертетін үлкендердің бірі. Қазіргі кезде ата-ананың сұраныс деңгейі биік. Өскелең жас ұрпақты рухани-өнегелі  қасиеттерге тәрбиелеу мәселесі қазіргі заманымызда өзекті болып отыр. Балалардың білім беруде, адамгершіліктің ең құнды қасиеттерін бойына сіңіріп тәрбиелеуде, білім мекемелерінен, ұстаздардан, ата-аналардан шығармашылықты талап етеді.Баланы жан-жақты, дені сау, үйлесімді болып өсуіне ата-анасы қаржысын аямай ден қояды. Кішкентай жастан музыка, би, шет тілдер, спорттық үйірмелерге қатыстырады. Оның барлығы, әрине заман талаптарына сай, бірақ ең бастысы рухани –өнегелі  тәрбие — тәрбиенің бастамасы екендігін ешқашан ұмытпағанымыз дұрыс.

Жазушы-педагог Ж. Аймауытов: «Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек. Себебі, бала айтып ұқтырғаннан гөрі,
көргеніне көп еліктегіш келеді. Солай болған соң балаға не жақсы мінез болсын, іспен көрсету керек», — дейді. Осы бір ұлағатты ой астарында отбасында — ата-анасынаң мектепке дейінгі ұйымда – тәрбиешіден талап етілетін тағылым жүгі жатыр. Жер бетінде мекен еткен адамзаттың бір бұтағы — бір халықтың қандай да дара қасиетке ие болып, қандай бет-бейнесімен көрінуі — сол халықтың мектебінің бет-бейнесіне, өзіндік ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Әрине, отбасында бала ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиеленіп келіп, ол тәрбие балабақша мен бастауыш мектепте жалғасын тауып жатса, бала өте құнарлы этномәдени білім мен тағылым алары анық.

Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала.  Бала — жасы кәмелетке толмаған, жан — жақты тәрбиені қажет ететін, болашағынан көп үміт күттіретін жеке тұлға. Ал, баланың жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп,  тәрбие берушілер ата-ана, жанұя, араласатын ортасы, жолдастары, балабақша және  тәрбиеші.

Жеке баланың  бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынасы, мәдениеттілігі жанұядан алынады. Сондықтан жанұя  – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.

Осы ұжымның әрбір мүшесі  өзара сүйіспеншілікпен,  береке-бірлікпен, сыйластықпен  бала тәрбиесіне араласса, кәмелетке толғаннан кейін   саналы, тәрбиелі  жеке тұлға пайда болады. Ал, баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі, тату, берік отбасының әсері мол, себебі оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқада ешнәрсемен  ауыстыруға  болмайтын баспалдақ. Ата-ана – тәрбие  өнегесі, сондықтан «Ата көрген-оқ жонар, ана көрген –тон пішер» деп  қазақ мақалы тегін айтылмаған. «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген аталы сөз тағы бар. Осы нақыл сөздерден-ақ, отбасының, ата-ананың бала тәрбиесіндегі  ролі өте үлкен және маңызды екенін  көреміз.Тәуелсіз мемлекетіміздің бүгіні мен ертеңі болашақ ұрпақ қолында екенін ескере отырып, жан — жақты дамыған тұлға тәрбиелеу – кезек күттірмейтін мәселелердің бірі.Сондықтан жас ұрпақты шыңдап өсіру, білікті азамат болып қалыптасуын қамтамасыз ету – бүгінгі мектеп алдына қойылып отырған басты міндет.Ұстаздар мен ғалымдардың екінші Қазақстандық съезінде Елбасы Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаев: «Қымбатты ұстаздар, сіздер біздің балаларымызды өсіріп, олардың ақыл — ойын жетілдірудесіздер. Олар үшін кейде ата — аналарына қарағанда сіздердің беделдеріңіз үлкен. Жаңа ұрпақтың болашақ азаматтық бағдары, олардың патриотизмі, туған жерге етенелілігі көп ретте сіздерге байланысты. Оларды зиянды әдеттерден, есірткіден сақтап, бойларында салауатты өмір салтын орнықтыруға сіздердің күш — қуаттарыңыз жетеді. Ел үшін оның балалары балғын шағынан тәуелсіз Қазақстан үшін мақтаныш сезімін бойларына сіңіріп, оның тарихы мен заңдарын, мемлекеттік нышандарын білгені өте маңызды»,- деген.
Әр бала-дара тұлға. Бала тәрбиесінде жаман қылықтар көрсетуден аулақ болып, балаға өнеге  бола алсақ- жан-жақты дамыған, шығармашылық қызығуы бар ұрпақ тәрбиелей аламыз.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *