Қазақстан рәміздері

Абдырзакова Жангүл

Сабақтың мақсаты: Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау бойынша мемлекеттік саясаттың басымдықтарын жүзеге асыру. Балаларды отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал еңбек етуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. Баланың ой-өрісін іздемпаздыққа, жан — жақтылыққа шақыру, тіл байлығын дамыту.

Сабаққа қажетті көрнекі- құралдар:  Қазақстан Республикасының рәміздері — туы, елтаңбасы, әнұраны. Астана қаласының нысандары, ғимараттары, мұражайларының сурет – буклеттері.

Ұйымдастыру кезеңі: Балалар дөңгелене тұрып, әр бала өз ұлтының  тілінде амандасады: Сәлеметсізбе, здраствуйте, гутен таг, исәнмісіз, добры дэн  және т.б.

Сабақтың барысы:

Тәрбиеші: Сәлеметсіздерме балалар, қонақтар. Балалар бүгін бізде ерекше сабақ болады. Сабағымызды әнұранмен бастайық. Балалар қолдарын кеудеге қойып әнұранды айтады.

Тәрбиеші: Біздің Отанымыз қалай аталады?

                Б: Біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы.

Тәрбиеші: Қазақстанның бас қаласы яғни елордасы, астанасы қай қала?

                Б: Қазақстанның астанасы — «Астана» қаласы .

Тәрбиеші: Дұрыс, Астана – жас, көркем, әсем, әдемі қала.

Суреттерді көрсетіп, әңгімелеу. Біздің еліміздің президенті кім?

                Б: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Тәрбиеші: Өте жақсы, бүгін біз сендермен Мемлекеттік рәміздермен танысамыз. Ол үшін тақтадағы суреттерге назар аударайық. Мына суреттегі біздің еліміздің мемлекеттік туы. Оның ортасында шұғылалы күн, астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек жолақ түрінде нақышталған. Шұғылалы күннің, қыранның және ұлттық өрнек бейнеленген тік жолақтың бейнесі – сары, алтын түсті. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашанда бейбітшіліктің, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді. Күн қозғалыстың, дамудың, өркендеудің  және өмірдің белгісі. Ал қанатын жайған қыран құс бар нәрсенің бастауындай биліктің, айбындылықтың бейнесі, күннің астында қалықтаған қыран қазақ халқының еркіндік сүйгіш асқақ рухын, қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін ашып көрсетеді.

Келесі суретте мемлекеттік елтаңбамыз көрсетілген. Елтаңбаның негізі – шаңырақ. Шаңырақ мемлекеттің түп негізі – отбасының бейнесі. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап 72 уық шаншылған. Шаңырақтың айналасындағы уықтарды пырақтардың қанаты басып тұр. Қанатты тұлпар аңыз — әңгімелерден туған ұшқыр арманның, талмас талаптаң, жақсылыққа құштарлықтың белгісі. Бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүрген Қазақстан халқының өсіп-өркендеуін, рухани байлығын суреттейді. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бесбұрышты жұлдыз бейнеленген.

Ал келесі суретте «Менің қазақстаным» атты әнұранымыздың сөздері жазылып көрсетілген. Толық мәлімет беру.

Осының барлығын біз бір сөзбен «Мемлекеттік рәміздер» деп айтамыз.

Балалар, сендер бүгінгі тақырыбымызға байланысты ту, елтаңба туралы тақпақ білесіңдерме?

 

 

Арсен:       

                    Көк аспандай көкпеңбек,

Қазақстан жалауы.

Көк емес ол тектен-тек,

Елдің ашық қабағы.

Ақ ниеті – алтын күн,

Асқақта арман – қыраны,

Жалауы бұл халқымның,

Мәртебесі, мақтаны.

Бибінұр:

                   Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат, әдемі!

Тұнығындай көңілдің,

Ортада аспан әдемі.

Әдемі:  

Батырлық бар тегімде,

Көк байрағым көгімде.

Әнұранды жатқа айтам,

Елтаңбам тұр төрімде.

Елордасы – Астанам,

Саған айтам асқақ ән,

Дүнеиге қазақ боп,

Туғаныма мақтанам!

Ханшайым:

Бақыт, бірлік – күн талабы,

Тоқтамайды дабыр әні.

Мәңгі бақи шырқалады,

Республикамның әнұраны!

 

Мидина:    Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы.

                         Оны халық қадірлеп

Биікке іліп қояды!

 

 

Асылназ: 

Тәуелсіздік тойына

Тарту болсын бұл сабақ.

«Қаражорға» биімен,

Ашық болсын әр қабақ.

Би: «Қаражорға» биімен бір сергіп алады.

 Ақниет:         

                          Еліміздің жолында,

Талай – талай тер тамған.

Билігім өз қолымда,

Еркіндігім – Елтаңбам.

Дамир:

Әнұраным – жан ұраным,

Айтар әнім, сөйлер сөзім.

Туған жерім сағынарым,

Жүрсем егер дүние кезіп.

Жақсы, жаңа біз сабақ басында әр бала өз ұлтының тілінде амандасқандай, Қазақстанда әртүрлі ұлт халықтары тату тәтті өмір сүреді. Қазақстан үлкен, кең байтақ, сұлу.

Ән:  «Біз өмірдің гүліміз»

Қорытынды: «Доп лақтыру» ойыны арқылы сабақты бекіту.

Балалар мына  доп сендердің бүгінгі сабақты  қалай түсінгендеріңді білгісі келіп тұр екен.

Ойынның шарты:  Мен допты сұрақ қою арқылы кез – келген балаға лақтырамын, ол жауап қайтарып кері қарай маған лақтырады.

—         Қазақстан  Республикасының президенті кім?

—         Қазақстан Республикасы туының түсі қандай?

—         Туда нелер белгіленген?

—         Елтаңбаның пішіні қандай?

—         Елтаңбада нелер бейнеленген?

Өте жақсы балалар, осымен сабақ аяқталды сау болыңыздар.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *