Қазақстандағы қонақ үй бизнесінің дамуы

Жүніс Ұлжалғас Жүнісқызы

Қазіргі таңда туризм саласы көптеген дамыған және дамушы елдердің экономикасында басыңқы рөлдерін бірін атқарады. Қазақстан Республикасы туризм саласын дамыту да өзінің қолайлы климаттық жағдайына, қайталанбас мәдени ескерткештіріне және т.б. факторларына байланысты  ерекше мүмкіндіктерге ие. Бірақ,өкінішке қарай, бұл мүмкіндіктер көбіне өз деңгейінде қолданылмай жататындығын байқаймыз.Сондықтан да,елімізде заман талабына сай жасалған инфрақұрылымдық кешендер мен халықаралық стандарттарға сай туристік нысандардың  орналастыру секторларын ұйымдастыра білу өте-мөте қажет.Әсірісе, қонақ үй бизнесі туризм саласының ең маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Себебі, қонақ үй саласы  туристтің демалалыс кезеңіндегі баспана, тамақтану , жеке бастың қауіпсіздігі, денсаулық сақтау сияқты бірінші кезектегі қажеттеліктерін толықтай қамтиды.Жоспарлы экономика кезеңінде қонақ үй шаруашылығын жүргізу тек мемлекет тарапынан арнайы талаптар мен шарттар бойынша ғана жүргізілгені белгілі. Ал,кейін еліміз Тәуелсіздік алғаннан соң ,туризм саласын бизнес ретінде қарастыру мәселесі алға тартылды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаевтің  «Қазақстан-2030» халқына жолдауында туризм саласының дамуы  тарихи-мәдени және табиғи қорларды игерумен қатар экономикалық шешімдерді қабылдауда басты бағыттардың бірі болып табылатынын анықтап көрсетті. Бүгінде Қазақстанда қонақ үй бизнесінің дамуына барлық жол ашылып, мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп отыр[1].

Әсіресе, қонақ үй бизнесі жаңа жұмыс орындарын ашу мүмкіндігіне ие,мемлекет қазынасын толтыруда маңызды рөл атқара алатын көп функционалды сала екенін естен шығармаған жөн. Қонақ үй бизнесіне ерекше назар аударудың тағы бір себебі — шет мемлекеттер тарапынан инвесторлардың отандық туризмді  дамытуға шақыра алу. Яғни,бұл дегенеміз мемлекетеміздегі аймақтық әр түрлі туристік фирмалар, қонақ үйлер,мейрамханалар шетелдік ірі компаниялармен серіктес болуына мүмкіндігінің ашылуы. Сондай-ақ, әлемдік деңгейдегі атауы брендке айналған «Hilton Garden Inn», «Radisson SAS Astana»,«Rixos», секілді қонақ үйлердің ашылуы шетел туристерінің арасында Қазақстанның «сыртқы имиджін» қалыптастыруда маңызды рөл атқаратындығын атап өтерлік жайт. Сонымен қатар, шетел инвесторларының тікелей қолдауымен ашылған қонақ үйлер халықаралық стандарттаға негізделіп қызмет атқаратын ескерсек, бұл қонақ үйлер сырттан  келетін туристтердің қойған талаптарына сай келеді[2].

Қазақстан Республикасында туризмді дамытуға байланысты түрлі шаралар қолданылуда. Солардың бірі «Туристік саланы дамытуға бағытталған 2020 концепциясы». Қонақ үй бизнесі туризммен тығыз байланыста болғандықтан, қонақ үй бизнесін дамытуда қолға алынған. Қазақстан Республикасының қонақ үй бизнесін сараптау және шет ел тәжиірбесіне сүйене отырып, Қазақстан Республикасының қонақ үй бизнесінің даму жолдарын іздеу.

Қонақ үй бизнесі өте тиімді, әрі көп кіріс, пайда алып келетін бизнес болып есептеледі, сонымен қатар, келушілердің, яғни туристердің мемлекет, қала туралы әсері де дәл осы қонақ үй туралы әсерінен басталады.

Қонақүй бизнесі экономиканың ерекше облысының бірі деп мойындасақ, мемлекет қонақ үй қызметке көмектеседі, оның ерекше бағыттарын анықтайды және қолдайды, жалпы туризм индустриясының дамуы үшін жағымды жағдай жасайды[3].

Әлемдік экономикалық жүйеге Қазақстанның шаруашылығының интеграция стратегиясын анықтағанда, туризм үшін Қазақстанның қолайлы имиджі бар ел ретінде көрінісін қалыптастырады, халықаралық деңгейде туристік ұйымдар мен қазақстандық туристерді қорғау мен қолдауды жүзеге асырады.

Қонақ үй шаруашылығын дамытуда айтарлықтай биік белестерге жету үшін осы қызметте қызмет ететін мамандардың білім деңгейін, қызметтер түрін арттыру керек. Сонымен қатар осы қызметтегі қызметшілердің жұмыс бағдарлары нақты болғаны жөн. Қонақ үй қызметінің шаруашылығы – бұл адамдар арасындағы тығыз қарым-қатынас,  алушы мен сатушы арасындағы байланыс. Қызмет көрсетушілердің күш қуаты демалушыларға арналып, қонақтардың ой-көңілін жаулап алу мақсатында үлкен дәрежеде қызмет көрсету. Туризм саласындағы қызметкерлердің нақты жұмыс барысы, жұмыс уақыты, демалыс уақыты тура белгіленсе, онда бұл салада үлкен жетістіктер, атақ абыройға ие бола алады. Аз ғана уақытқа болса да туристер үшін қонақ үй – ақылы өз үйі. Ал үйде адам өзін жақсы сезініп, көтеріңкі көңілде болып, оны әрқашан шын жүректен күтіп алатындығына, оның барлық сұраныс түрлерін қанағаттандыратындығына сенімді болуы шарт. Осындай жолмен ғана қонақ үйді туристердің екінші үйі ретінде, осы үйге қайта – қайта келу тілегін қалыптастыру керек. Қонақ үйдің негізгі мақсаты – туристер үшін сапалы да саналы қызмет көрсету, оларға барлық жағдайды жасау арқылы қонақ үй өзінің деңгейін әлемдік дәрежеде көтере алады[4].

Елімізде қонақ үй шаруашылығы соңғы жылдары даму үстінде. Аса ірі қонақ үй кешендері салынып, үлкенді — кішілі отельдер саны артып, ескі қонақ үйлер жүйесі жаңғыртылуда. Алайда отандық қонақ үй сервисі мен қызмет көрету сапасы жоғарғы дәрежеде деп айтуға алі ерте. Алдағы уақытта қонақ үй шаруашылығының дамуы туризмнің дамуымен тікелей байланысты[5].

 

Қорытындылай келе, қонақ үй шаруашылығы өте маңызды шаруашылық түрі болып саналады, және ол жоғарыда айтып өткендей туристік саламен тығыз байланысты. Ал туризм бұл ешқандай шикізатты қажет етпейтін, экологияға зиян көп келтірмейтін экономика саласы. Нәтижесінде, бұл жалпақ тілмен айтқанда «ауадан ақша жасау». Қонақүй бизнесі экономиканың ерекше облысының бірі деп мойындасақ, мемлекет қонақүй қызметке көмектеседі, оның ерекше бағыттарын анықтайды және қолдайды, жалпы туризм индустриясының дамуы үшін жағымды жағдай жасайды. Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасындағы қонақ үй бизнесінің даму деңгейі жоғары деңгейде емес, бірақ ол әлі өзінің шарықтау шегіне жеткен жоқ, яғни болашағы алда. Оның дамуы туризмнің дамуымен тығыз байланыста.

 

 

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. ҚР-ның Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2013ж.
  2. Б.Т.Суюндуков «Туризмнің белсенді түрлерінің әдіс тәсілдер негізі бойынша» әдістемелік нұсқау, Ақтау, 2010 жыл- 7-8 б.
  3. KK. M.wikipedia.org.
  4. «Қазақстан» Ұлттық энциклопедиясы 4том, 1999 жыл.
  5. Қондыбай С. Маңғыстау географиясы. Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2008 -68-69 б.

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий