Ғажайып моншақтар әлемі

Алматы облысы
Текелі қаласы
«№1 ОМ МДШО»
Тәрбиеші:Кудерина.А.С
Жауқазын ортанғы тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: Ғажайып моншақтар әлемі
Мақсаты: Балалардың саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Геометриялық пішіндер мен түстерді ажыратып, жапсыруға үйрету. Балалардың жанашыр, қамқор болуға,әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:Үлестірмелі материал ,желім,қайшы,жіп,сүлгі.
Әдіс-тәсілдері: – Көсрету,сұрақ жауап,мақтау.
Сөздікпен жұмыс: Моншақ, қуыршақ
Билингвальді компонент: Қуыршақ- кукла,моншақ-бусы.
Іс-әрекет кезеңдері
Мотивациялық қозғалыс кезең
Шаттық шеңбері.
Куанамын менде,
Куанасын сенде,
Куанамыз бәріміз
Арайлап атқан күнге!
-Жарайсыңдар балалар, енді орнымызға отырайық.
Ұйымдастырушылық — Ізденістік
Тарбиеші:-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?(балалардың жауабы)
-Дұрыс. (Есікті қаққан дыбыс естіледі)
Тарбиеші:Балалар біреу есік қағып тұр,ол кім екен?(есікті ашып қарайды)
Балалар, бізге Гаухар атты қуыршақ қонаққа келіпті.
(Гаухар кіреді оның көңіл күйі түсіп,қабағы түйюлі екен).
Балалар:Гаухармен амандасады.
Тарбиеші:Салеметсіңбе Гаухар, саған не болды,неге көніл күйің жоқ?
Гаухар қуыршақ: Сәлеметсіңдер ме, балалар!Балалар, бүгін досымның туған күніне моншақ сыйлайын деп едім,жолда моншағым жоғалып қалды.Енді не істерімді білмей тұрмын.
Тарбиеші:Гаухар сен ренжіме ,мүмкін біздің балалар саған көмектесер.
Тарбиеші:Балалар Гаухарға көмектесіп моншақ жасап беремізбе?
Балалар:Иа комектесейік.
Тәрбиеші:-Балалар мошақтың пішіні кандай болады?(дөңгелек)
-Ал моншақтың түсі қандай болады? (түрлі-түсті)
-Моншақты кімдер тағады? (кыздар,аналар,әжелер)
Тәрбиеші;Ендеше балалар түрлі- түсті қағаздан шеңберлер қиып, осы шеңберлерден моншақтарды жапсырып дайындайық.(Тарбиеші улгіні көрсетеді)
(балалар қайшыларын алып, түрлі түсті қағаздардан шеңбер қиып дайындайды)
Тәрбиеші: Балалар, біз Гаухарға моншағын тізіп беруге көмектесейік, мен жіп дайындап қойдым, осыған тізіп шығайық.
Балалар тәрбиешінің көмегімен жапсырады.
Қараңдаршы, қандай әдемі моншақ шықты. Енді дәл осындай моншақты өздерің жапсырып көріңдер. Балаларға көмектеседі.
Тәрбиеші: Ең жақсы жапсырған моншағымызды Гаухарға сыйлайық.
(Балалар тәрбиешінің көмегімен дөңгелек моншақтарды қиып жіпке тізіп жапсырады)
Гаухар: Балалар, моншақтарың қандай әдемі, сендер шебер екенсіңдер, сендерге көп-көп рахмет. Әдемі моншақтарыңды досыма сыйлаймын. Қош сау болыңдар.
Рефлексивті- түзетуші
Тәрбиеші: Ал, балалар, Гаухармен қоштасайық.
Қол ұстасып тұрайық,
Шеңбер жасап құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау-саламат болайық!
Балалар Гаухар қуыршақпен қоштасады.
Күтілетін нәтиже:
Ұғады:
Геометриялық пішіндерді, түстерді ажыратып ,әсемдікті сезіне біледі.
Түсінеді:
Пішіндерден моншақ жасауды үйренді.
Қолданады:
Қойылған сұрақтарға толық жауап беріп, жұмысын таза істеуді.
Тәрбиеші:Кудерина.А.С

Читайте также:

Добавить комментарий