Ғажайыптар әлемі» атты сайыс

Күні: 20.01.18ж                                 Сыныбы: 5а, 5ә, 5б, 5в, 5г

 

«Ғажайыптар әлемі»   атты математикалық сайыс

 

Мақсаты: оқушылардың математикадан алған білімдерін тереңдету, өткен тақырыптар бойынша білімдерін пысықтау, оқушылардың ой – өрістерін кеңейту, шығармашылық пен өз бетімен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру.

Сабақтың түрі: топтық сайыс

Барысы:

«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» — деп Ш. Уәлиханов, «Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, өмір мектебінен өту арқылы ғана оны ірі қайраткер дәрежесіне дейін көтереді» — деп Қ. Сәтбаев айтып кеткендей болашақ тек білімді жастар екені даусыз.

Асыл тастан, өнер жастан

Шығады деп дарынды

Халық айтса қалт айтпайды,

Әр қашанда нанымды, — деп Абай атамыз айтқандай 5- сыныптар арасында өткелі отырған сайысымызды бастаймыз.

Жүргізуші:

Бүгінгі күн сайыста

Ешкімнен сен қалыспа,

Білімі кімнің көп болса,

Сол озады сайыста-  деп  

                    «Ғажайыптар әлемі»

                    атты сайысымызды бастаймыз

 

Математикалық сайыстың өтілу тәртібімен таныстырып өтейік.

І  бөлім – топ аттарымен таныстыру, ұрандарын айту

ІІ бөлім – «Математика  жайлы әңгімелер»

ІІІ бөлім – «Логикалық есептер»

ІҮбөлім –«Тіл — өнер»

Ү бөлім –«Дода»

VІ бөлім – «Жорға»

Жүргізуші:

Шын жүйрік шабысынан танылады

Нақты білім, терең ой сыналады.

Баға берер әділқазы ортамызда

Сіздерге құрметпенен қол соғылады,-– демекші, топтардың еңбектеріне баға беруші ұстаздарымызды таныстырып өтейік:

1.     _________________________________________

2.     _________________________________________

3.     _________________________________________

4.     _________________________________________

Жүргізуші:

Шақырамыз келіңдер жарысуға

Күш – өнер, білімменен алысуға

Бар өнерді салайық ортамызға

Ал кәнекей, кім шығады сайысуға

Ортаға 5-сынып оқушыларынан құралған  5 топты ортаға шақырамыз. Ал, кәнекей сайысты біз бастайық,

Өзімізді таныстырып тастайық – деп сөз кезегін әр топқа береміз (таныстыру, ұраны)

 

Жүргізуші:

Мәңгі бақи есте қалар

Қызықты бір жиын болсын!

Білімді шәкірт озар!

Сұрақтары қиын болсын – дей отырып, сайысымыздың екінші бөлімін бастаймыз.

2- сайыс. Математика жайлы әңгімелер. Ойын шарты  топтан бір оқушы  Математиканы өмірмен байланыстыра отырып, әңгімелерін айтады немесе математикаға өз үлестерін қосқан ғалымдар жайлы.

 

Жүргізуші:

Білім деген биік шың

Бақытқа сені жетелер

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер – деп

3-сайыс. «Логикалық есептер.  Мұнда интерактивті тақтада логикалық сұрақтар беріледі.  ( әр топқа бір есеп)

 Жүргізуші:

Оймен кәне көк теңізін кешіңдер

Жарқ – жұрқ еткен неше түрлі есімдер

Айтылғанда математикалық есептер

Зейін салып, зердемен шешіңдер

4-сайыс.  «Тіл-өнер»  Мұнда жұмбақтар мен мақал-мәтелдер жарысы.

5-сайыс.  «Дода»  Әр топқа әр бөлімнен ұпайлар санымен сұрақтар мен есептер беріледі.

«Логикалық сұрақтар» 20 ұпай

         Он-оннан асығы бар үш бала өзара асық ойнады. Ойыннан соң біріншісі екіншісіне қарап:

         қанша асық ұттық – дейді ол. Онша көп ұтқыза қоймаппын, сегіз асығым қалыпты, — деді.Онда сендегі барлық асық менің ұтып алған асығыма тең екен, — дейді үшінші бала асықтарын түгендеп тұрып,

         Ең көп асықтан ұтылған мен болдым, — дейді мұңайып бірінші бала. Ойыннан кейін кімде, неше асық?  Жауабы: бірінші балада  8 асық, екінші балада 18 асық, үшінші балада 4 асық қалды.

«Логикалық сұрақтар» 30 ұпай

         Түйеқұс екі аяғымен тұрғанда бір 12 кг тартса, бір аяғымен тұрғанда қанша кг болады? – деп атасы немересінен сұрады.  Жауабы: 12 кг  болады.

«Логикалық сұрақтар» 40 ұпай

         Ұлу биіктігі 10м ағаштың басына шығуы керек. Ол күндіз 4 м. Жоғары көтеріледі, түнде 3 м. Төмен түседі. Неше күнде ұлу ағаштың басына шығады? Жауабы: 10 күнде шығады.

«Логикалық сұрақтар» 50 ұпай

         Сықырлаған арба үстінде келе жатқан екі жолаушының біреуі жолдың жартысынан өткенде қалған жолдың жартысы қалғанша ұйықтайды. Жолаушы жолдың қанша бөлігін ұйықтайды?  Жауабы:  ¼ бөлігінде ұйықтап алады.

 

«Ақбота»  есептері 20 ұпай

Әсем поездың басынан есептегенде 7-вагонға отырды. Марина поездың соңынан есептегенде 7-вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. Поезда неше вагон болған?

А) 5                 б) 13                             с) 14             д) 18

«Ақбота»  есептері 30 ұпай

Тауда 7 ағаш , әр ағаштың түбінде 7 ін, әр әнде 7 түлкі, әр түлкіде 7 күшік бар?   (2401)

А) 2410                         б) 2400                      с) 2401             д) 2104

«Ақбота»  есептері 40 ұпай

18 кубиктерден биіктігі 3 кубиктен тұратын тік бұрышты параллелипед құрастырылды. егер бір кубиктің бетінің ауданы 19 см²  болса, параллелипедтің бетінің ауданы  қандай?       Жауабы:  S= 19 ∙18 = 342  см²

А) 432                       б) 243                      с) 346                         д) 342

«Ақбота»  есептері 50 ұпай

Арман, Ардақ Әсем 5- сыныпта оқиды. Олардың ішінде математик, суретші шахматшы бар. Егер: а) суретші өз суретін салмай , Ардақтың портретін салса; б) Әсем ұлдардан шахматтан жеңілмесе;Сыныпта кім шахматшы, кім суретші, кім математик?

Жауабы :  Әсем шахматшы;  Ардақ  метематик;  Арман  суретші.

А) Әсем математик,  Ардақ  шахматшы ,Арман суретші

Б) Әсем шахматшы;  Ардақ  метематик;  Арман  суретші

В) Әсем суретші;  Ардақ  метематик;  Арман  шахматшы

 «Кенгіру» есептері  20 ұпай

Қояндар жанұясының үш мүшесі барлығы 73 сәбізді жеп қойған. Әкесі шешесіне қарағанда 5 сәбізді артық жеген. Ал баласы Банни 12 сәбіз жеген, шешесі неше сәбіз жеген?      

А) 27          б) 28                 с) 31                 д) 33                       е) 56

«Кенгіру» есептері  30 ұпай

Айдар қағаз парақты 5 рет бүктеді, сосын ол бүктеген қағазды тескен. Қағаз парақты қайта жазғанда неше тесік шығады?

А) 6           б) 10                   с) 16                  д) 20                     е) 32

«Кенгіру» есептері  40 ұпай

Мына сандардың ең үлкені қайсысы?

А) 999       б) 999                   с) (99)9                    д) 999                   

«Кенгіру» есептері  50 ұпай

Суретші Худабеднов бір айда 42 картина салды. Олардың 17-сінде орман, 9-нда өзен, ал 13-нде орманда, өзенде салынған. Қалған картинкаларда түсініксіз суреттер бар. Қанша түсініксіз суреттер бар?

Жауабы: Эйлер-Венн диаграммасы. (29-17)-13=33 42-33=9

 

 А)  9           б)   8          в)10          д)  6

 « Викториналық сұрақтар»  20 ұпай

                     

Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды?

Жауабы: 1

« Викториналық сұрақтар»  30 ұпай

Әділ тақтаға екі сан жазды. Мейрамбек олардың қосындасын қасына жазды. Жәнібек тақтадағы үш санын қосты. Егер Мейрамбектің жазған саны бес болса, Жәнібек тапқан қосынды нешеге тең?     Жауабы: 5+5+10=20

 

« Викториналық сұрақтар»  30 ұпай

Ұшақ А қаласынан В қаласына дейін    1 сағ 20 минут ұшады да,  сол жолмен қайтарда 80 минут ұшты. Себебін түсіндір. Жауабы:  Жылдамдығын арттырды

 

« Викториналық сұрақтар»  40 ұпай

Төрт дос бала мейрамханаға жиі барып, әрқашан бір үстелге отырады. Жалғастың әрқашан бір орынға отыра беретіні белгілі болса, достар неше түрлі тәсілмен үстелге отыра алады?

Жауабы:  6 түрлі әдіспен

6-сайыс.  «Жорға»  Әр топқа екі  сұрақтан беріледі

 

                                    

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *