Эссе «Мен және менің мамандығым»

« Есіл ауданының білім беру бөлімі Красивинский орта мектебі» КММ

 

 

 

 

 

 

Эссе

Тақырыбы: Мен және менің мамандығым.

 

 

 

 

 

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: Лапенов Бауыржан Сахиұлы

 

 

 

 

 

2017жыл

   Мен, Лапенов Бауыржан Сахиұлы 1978 жылы, 30 қаңтарда  дүниеге келдім.  Ата —   анам қарапайым адамдар болса да, өздерінің бойындағы бар күш – қуаттарын менің жарқын болашағыма жұмсады десем артық болмас. Ата – анамның аяулы махаббаты мен тәрбиесі арқасында өзіндік көзқарасы мен  айқын мақсаты бар тұлға болып қалыптастым. Мектеп қабырғасында жүрген сәттерімде «Мен осы өскенде кім боламын?»,  « Маған қандай ма-мандық ұнайды»,  «Мені алдымда не күтіп тұр?»  деген сияқты сұрақтар мазалайтын.                                                                                                                                                                

      Мектепте оқып жүрген кезімде – ақ  болашақта ұстаз  болатынымды білдім. Себебі, ол мамандықты өзім қатты ұнататынмын. Әрі ұстаз болу            оңай  іс емес екенін де толық түсінетінмін. Сол себептен мұғалімі боламын деп шештім.

    Сол аяулы арман мені Көкшеге алып келіп, мен сәтті оқуға  түсіп кеттім. Сүйікті мамандығымды игеру үшін бар күш – жігерімді жұмсадым. Еш уақытта аянбай, еңбектендім. Ал бүгін сол еңбегімнің жемісін көріп отыр-мын.  Одан асқан бақыт жоқ шығар деп ойлаймын.  Жұмысымдағы шәкірт-терімнің, үйдегі отбасымның махаббаты маған күш, ертеңгі күнге деген ерекше сенімділік береді.         

     «Ұстаздық қылғаң жалықпас, Үйретуден балаға» — деп Ұлы Абай ақыны-мыз айтқандай, алдына келген шәкірттің ерекше қасиет-қабілетін аша білу аса шеберлік пен көрегендікті қажет ететіні  рас. Осыған біздің Елбасымыз — Н.Ә. Назарбаев та ерекше көңіл бөлгенін білеміз.Ол: «Болашақтың ертеңі-ұстаздың қолында» — дейді. Қазіргі таңда қойылатын талаптарға сай, замана-уи әдіс-тәсілдерді меңгерген, жан-жақты қабілеті бар ұстазды қоғам талап етеді.    

       Адамның рухани өсуі мен денесінің өсіп-жетіліуі балалық шақта қалып-тасады. Спорт ойындары мен жүйелі түрде және үздіксіз айналысатын бала-лар дені сау болып қана қоймай, дене жаттығуларын орындаумен айналыс-паған балаларға қарағанда сергек, саналы болып өсетін ғылым мен өмір тәжі-рибесін толық дәлелдеп отыр. Дене тәрбиесімен айналысатын балалар жақсы оқып білгендерін іске асыратын табанды, жігерлі азаматтар қатарына қосыла-ды.

    Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл- әрекеті- ойын, сондықтанда оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?»-деп айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады.

Қозғалыс ойындары дене тәрбиесінің маңызды құралы мен әдісі ретінде адамның бүкіл тіршілік- тұрмысында өзінің маңызын жоғалтпайды, тек олардың мазмұны мен өткізілу әдістері өзгеріп отырады.

        Мен өз мамандығымды сүйемін және оны мақтан етемін. Ұстаздық жол -қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін мамандық. Сол кездескен қиыншы-лықтардан тапжылмай өтуге шәкірттерімнің маған деген сенімдері мен сүйіс-пеншіліктері көмектеседі.Өз алдыма ұстаз ретінде қойған мақсаттарға жету үшін жұмыс жоспарын жасаймын. Сол жоспарды негізге ала отырып, жыл бойы шәкірттеріммен бірге еңбек етемін. Пәнім бойынша түрлі сайыстар, сыныптан тыс  жұмыстары мен заманауи техниканы қолдана отырып ашық сабақтар өткіземін. Оқушылардың бойындағы жасырын қабілеттерін ашу жә-не  дамыту, рухани жан –дүниелерін байыта түсуге негіз болатын мектепіші-лік үйірмелер жұмысын қолға алдым. Олар «Волейбол», «Футбол» «Ұлттық ойындар» «Аула клубы» үйірмелері. Оқушылар сабақтан соң  үлкен қызығушылықпен келіп қатыса-ды. Соның нәтежиесінде аудан көлемінде өткен жарыстарда жүлделі 1- 2-3 –ші орындарға ие болдық. Аудандық, облыстық, республикалық көлемде өте-тін жарыстарға үздіксіз қатысып тұрамыз. Егер ұстаз әрдайым жаңашылдық-ты ізденіп, оны үйреніп, үздіксіз оқу, еңбектену үстінде болса ғана, шынайы  өз мамандығының хас шебері болады деп ойлаймын.

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий