Шаршы, шеңбер, үшбұрыш

Мақсаты: Шаршы, шеңбер,үшбұрыш пішіндерімен таныстыру.

Міндеттері: Шаршы, шеңбер, үшбұрыш пішіндерімен таныстыру; таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен- кіші) және санына қарай (бір -көп) салыстыруды үйрету; қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді дамыту. Шыдамдылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу.

Қажетті көрнекіліктер мен құрал -жабдықтар: әр түрлі пішіндер, жай қарындаш, тәрелкеге әр балаға картоннан қиылған пішіндер, логикалық тапсырмалар.

Сөздік жұмыс: шеңбер, үшбұрыш, шаршы.

Билингвальді компонент: шеңбер — круг, шаршы — квадрат, үшбұрыш — треугольник.

 

Оқу қызметінің кезеңдеріТәрбиешінің қызметіБалалардың қызметі
Мотивациялық — қозғаушылықШаттық шеңбер
Тәрбиеші: Кәне, балалар, шаттық шеңберге тұрамыз
Армысың, алтын күн!
Армысың, көк аспан!
Армысың, жер ана!
Армысың, жан досым!
— Балалар, бір бірімізге «сәлем» дейміз
Ғажайып сәт:
Қонаққа Буратино келеді.
Шаттық шеңберін орындап,қонақтармен амандасады

Балалар шеңберге тұрып, өлең сөздерін қайталайды
балалар бір бірімен амандасады

Ұйымдастырушылық- ізденістікБуратино:- Сәлем, балалар, қалдарын қалай?
Тәрбиеші:- Сәлеметсің бе, Буратино. Бізде бәрі жақсы. Өзін қалайсың?
Буратино:- Менде бәрі жақсы. Міне осы сендерге қонаққа келдім. Бірақ бос қол келген жоқпын. Карло әкей менен сендерге сәлемдеме беріп жіберді.
Тәрбиеші:- Кәне көрейік, ол қандай сәлемдеме болды екен. Балалар, бұл хат екен, ол хатта не жазылып тұр екен оқиық.
«Сәлеметсіңдер ме, балалар. Қалдарын қалай? Мен сендерге бір неше тапсырмаларды жібердім. Өзім сол тапсырмаларды шеше алмай қойдым. Маған көмектесіңдерші. Карло әкей.»
Тәрбиеші:- Балалар, Карло әкейге көмектесеміз бе? (Иә)
Балалар, міне дөңгелек. Ол неге ұқсайды? (Допқа)
Дұрыс, допқа ұқсайды және көліктің доңғалағына. Қараңдаршы: дөңгелек домалайды.
— Ал мынау ұшбұрыш. Ұшбұрыш неге ұқсайды? ( Пирамидаға, үйдің шатырына).
Балалар, сендер білесіңдер ме, Ұшбұрышты неге ұшбұрыш деп атаған? Ұшбұрыштың ұш бұрышы бар. Кәне санаймыз: бір, екі, ұш. Ұшбұрыш домалай алмайды, өйткені бұрыштар бөгет жасайды.
— Ал мынау пішін: шаршы. Терезеге немесе үйге ұқсайды. Шаршының төрт бұрышы бар. Олда домалай алмайды, өйткені шаршының да бұрыштары бөгет жасайды.
— Жақсы, балалар, ал енді екінші тапсырма.
— Балалар, менде бірнеше суреттер бар. Олар қандай пішіндерге ұқсайтының табу керек.
Тақтаға пішіндердің суреттері ілінеді. Балалар бір суреттен алып пішіндердің астына жабыстырады.
Мысалы: алма — дөңгелектің астына, ал пирамиданы — ұшбұрыштың астына.
— Жарайсыңдар, балалар!
— Балалар шаршаған шығарсыңдар, ендеше бойымызды сергітіп алайық.
Тапсырмаларды орындайды
 Сергіту сәт:
Күн ашылды,
Бұлт төнеді,
Найзағай тарсылдады,
Жел соқты,
Жаңбыр жауды,
Жел басылды,
Күн ашылды.
— Жақсы, балалар, жарайсыңдар. Бізде тағы бір тапсырма бар. Біз қазір ойын ойнаймыз.
Дидактикалық ойын: «Орамалды жамау»
Тақтаға екі орамал (көк және қызыл түсті картон). Балалар қажет жамауды алып орамалдарды жамайды.
— Жақсы, балалар, жарайсыңдар. Тапсырмаларды жақсы орындап шықтыңдар.
Буратино: — Балалар, қандай кереметсіңдер. Көп рахмет! Карло әкейге көп көмектерің тиді. Ал ендеше мен кетейін. тапсырмалардың жауаптарын Карло әкейге жеткізейін. Сау болыңдар!
— Сау бол, Буратино!
Сергіту сәтін орындап,марапатталады

 

Күтілетін нәтижелер:

Жасайды: Логикалық тапсырманы орындай алады;;

Түсінеді: топтағы заттарды бір -біріне қою арқылы олардың саны жағынан тең келетінін;

Қолданады: геометриялық фигуралар — шеңбер, үшбұрыш және шаршы туралы түсінікті.

Читайте также:

Добавить комментарий