«Шалқан» ертегісі

Ашық оқу қызметі «Шалқан» ертегісі
Білім беру саласы: Катынас
Ұйымдастырылған оқу — қызметі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Шалқан» ертегісі
Мақсаты:
Білімділік: «Шалқан» ертегісі туралы мағлұмат беру, шалқанға түсінік беру.
Дамытушылық: «Шалқан» ертегісіне сахналық қойылым көрсету. Ертегіні сахналау арқылы ой — қиялын дамыту.
Тәрбиелік: «Шалқан» ертегісін көрсете отырып, балаларға бір отбасының татулығын, бірліктерін көрсету.
Көрнекіліктер: «Шалқан» ертегісінің кейіпкерлерінің костюмдері, көкөністер.
Түрі: Көрініс, ертегі
Шаттық шеңбер:
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын алайық,
Жүректегі жылуды,
Балаларға сыйлайық!
Алғы сөз:
Құрметті балалар! Бүгінгі өткелі отырған «Балапан» ортаңғы тобының ертегілер еліне қош келдіңіздер. Бүгінгі сахналайтын ертегіміз «Шалқан» ертегісі. «Шалқан» ертегісі орыс халық ертегісі, балалар.
Ертегінің негізінен көптеген түрлері бар, олар:
1. Қиял — ғажайып ертегісі.
2. Шыншыл ертегі.
3. Жан — жануарлар туралы ертегі.
4. Тұрмыс — салт ертегісі, болып бөлінеді екен. Ал, осы, «Шалқан» ертегісі балалар, тұрмыс — салт туралы ертегі екен.«Шалқан» орамжапырақ тұқымдасына жататын екі жылдық көкөніс. Шалқанның түсі ақ немесе сары болады екен. Шалқанның құрамында ағзамызға пайдалы көптеген дәрумендер бар. Емдік қасиеті де бар. Ендеше, апайлар және балалар, мен сіздері, осы «Шалқан» ертегісін «Балапан» ортаңғы тобының балаларының сахналағанын көріп — тамашалауды ұсынамын.
«Шалқан» ертегісінің сахналық қойылымын тамашалаңыздар.
Ролдерде ойнағандар:
Автор: Тәрбиеші Ерекенова А.С
Атай: Жанболат Заңғар
Әжей: Тұрсынбай Аяна
Немере қызы: Адилжан Айлин
Күшік: Біржан Алимжан
Мысық: Тоқтасын Айша
Тышқан: Тлеуберді Айнұр
Автор: Ерте ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде шал мен кемпір болыпты.
Бір күні атай шалқан екті де:
Атай: — Өс, шалқаным, тәтті боп өс! Өс, шалқаным, мықты боп өс!
Автор: Күндерден күн өтті, айлардан ай өтті. Шалқан өте үлкен, мықты болып өсті. Атай шалқанды әрі тартқылайды, бері тартқылайды, жұлып ала алмайды. Сөйтіп атай көмекке әжейді шақырады.
Әже: Мен көмекке келдім.
Автор: Әжей атайдан, атай шалқаннан тартып, жұлып ала алмайды.
Әже: — Атасы, екеуміздің осыған күшіміз жетпейтін сияқты. Көмекке қызымызды шақырайық.
Автор: Сөйтіп көмекке қызын шақырады. Қызы әжесінен, әжесі атайдан, атай шалқаннан ұстап тартады. Алайда еш нәтиже болмайды.
Қызы: — Бізге көмекке тағы біреу керек сияқты. Мен күшігімді шақырайын.
Автор: Қызы көмекке күшігін шақырады. Күшігі қыздан, қыз әжесінен, әжесі атайдан, атай шалқаннан ұстап тартқылайды. Бірақ тағы да жұлып ала алмайды.
Күшік: Қанеки, біз көмекке мысықты шақырайық. Мысығым, мысығым келіп бізге көмектес.
Автор: Күшік мысығын шақырады. Мысық күшіктен, күшік қыздан, қыз әжейден, әжей атайдан, атай шалқаннан ұстап әрі тартқылайды, бері тартқылайды. Тағы жұлып ала алмайды.
Мысық: — Менің ойымша бізге тағы да көмек керек сияқты. Тышқан, тышқан бізге көмектесші.
Тышқанда шалқанды суырып алуға көмектеседі.
Автор: Барлығы бірге шалқанды тартады. Сол кезде шалқанды жерден жұлып алады.
Атай: Алақай, шалқанды суырып алдық, рахмет сендерге!
Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық
Алақанды ұрайық
Бір отырып, бір тұрып
Біз бір дем алайық.
Қорытынды:
-Балалар казір жылдың қай мезгілі?
-Біз қайда саяхатқа бардық?
-Қандай ертегі тамашаладық?
-«Шалқан» ертегісінен не түсіндік?
Автор: Балалар осымен бүгінгі ашық оқу қызметіміз аяқталды, рахмет сендерге!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *