Тіл өзгермей – заман өзгермейді

Ниетқұлова Маржан Қуанышқызы

Бүгінгі қазақ қоғамы өмір сүріп жатқан заман – орасан зор тарихи өзгерістер заманы.

Бір ғасырдың ішінде біздіңзаман бір емес, бірнеше саяси – экономикалық формациялардың куәгері болды. Ал осы өзгерістердің барлағы тіліміз бен тілтануымызға қалай әсер етті? Сол өзгерістермен бірге келген жаңа қоғамдық қатынастар мен ұғымдар тілімізге яғни  өмірімізге енді ме? Әрине бұл оңай сұрақтар емес. Десек те оларға дұрыс жауап іздеп,жанталасып жұмыс істемесек,ұлтымыздың болашағы жарқын бола қоймайды.Жиырмасыншы ғасырдың ғұлама ойшылы , физик Вернер Гейзенберг « біздердің көріп, аңғарып  отырғанымыз табиғаттың өзі емес, апайда сұрақ қою тәсілімізге байланысты танылып отырған табиғат » деген екен. Яғни біздер белгілі бір мәселелердің шешімін іздемес бұрын  өзімізге және қоғамға қояр  сұрақтарымыздың дұрыстығына ,заңдылығына ,қисындылығына көз жеткізуіміз керек.

Тіл сөзден тұрмайды,сөз тілден шығады! Тілді қалыптастыратын ой мен іс емес, тіл ой мен істі қалыптастырады.  Гумболтьша айтқанда, : «Тіл ойды жасақтайтын , қалыптастыратын орган». Олай болса,біздің мақсатымыз – ана тілімізді реформалау, дамыту арқылы, тіл шекарасын кеңейту арқылы  ұлтымыздың кеңістігін ашу, өрісін кеңейту!

Тіл өзгермей – заман өзгермейді. Тіл реформаланбай – тірлігіміз баянды болмайды. Адамдардың  ойлау тәсілі өзгермей, дүниені түйсіну, әдістері өзгермей , ештеңе өзгермейді. Тіл өзгермей ешқандай саяси , әлеуметтік, экономикалық , психологиялық жаңалықтар мен қатынастар орнамайды. Ал адамдардың ойлау қабілеті  тек тіл өзгерген кезде ғана өзгереді! Бұл аксиома!Одан қорқудың , үркудің қажеті жоқ. ХVІ ғасырда өмір сүрген бабамыз ХІХ ғасырдағы Абай  сіздерді түсінбесі хақ. Себебі заман өзгерген сайын тіл де өзгеріп тұрды.  Ал ХХІ  ғасырда  тұрған біздер « тіл тазалығын»  сақтаймыз  деген желеумен ойлау қабілетіміз  бен менталитетімізді ХІХ ғасыр не ХХ ғасырдың басты деңгейінде қалдырар берер болсақ , заман көшіне ілесе алмаймыз!  Тіл – біздің өміріміздің өзегі ,өоғамымыздың айнасы.  Тілдің даму деңгейі мен қоғамның даму деңгейі  бір – бірімен ұқсас,тығыз байланысты бар құбылыстар. Тілімізде орын таппаған , нақты атауы жоқ ұғымдар мен құбылыстар  өмірде де жоқ. Әрбір зат пен құбылыс  пайда болардан  бұрын алдымен тілімізге енуі тиіс.

Менің түсінігімде болашақтың тарихшылары  бүгінгі қоғамымызда  болған оқиғаларды тек қана тарихи құжаттар арқылы ғана емес, тілдегі өзгерістер арқылы зерттейтіні хақ. Күн сайын өмірге жаңа неологизмдер мен сөз тіркестері келіп жатыр. Әрине, олардың көбі заманның  контекстісі арқылы түсіндіре алады. Контекстен  айырылып қалған сөз  — жартылай өлі сөз.  Мысалы, Кеңес заманында пайда болған жүздеген « ауатком», «обком», сияқты сөздер мен сөз тіркестерін  бүгін ешкім қолданбайды. Заманы өткен соң олардың қажеттілігі де жоқ болып шықты. Сол сияқты бүгінгі  күні де жаңа сөзде мен  сөз тіркестері дүниеге келіп жатыр. Олардың сөзсіз, үлкен пайызы уақыты өте, контектісі өзгерген сайын мағынасы кетіп, қолданыстан түсіп қалады. Бірақ, тілде қалатын бөлігі де бар емес пе? Олардың барлығы да тілдік ноосферамыздың бөлігі. Оларды түсінбей сол заманды мүмкін емес.

Қорытындылай келсем, шын мәнінде сөзден іске көшетін уақыт келді.  Ұлтымыз біздердің барлығымыздан сындарлы, мазмұнды жұмыс күтіп отыр. Біз билік пен қоғамның өзара жұмыс істей алатынын, ортақ мүддеге келгенде бас біріктіре алатынын күнделікті еңбегімізбен, айналып келгенде ортақ нәтиже-бағдарламаның жоюасымен дәлелдеп беруіміз қажет.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *