Тақырыбы: «Жақсылық жолымен жүреміз»

Мектеп: № 36 ҚОМ

Мерзiмі: 11.10.2018 ж.       Сабақ №17

Класс: 1                              Оқушылар саны: 25

Тақырыбы: Жақсылық жолымен жүреміз

Мұғалiм: Тажигулова Мейрамгул

Құндылық: Ішкі тыныштық

Қасиеттері: мейірімділік, сабырлық, жақсылық

 

Мақсаты:оқушыларға жақсы жолмен жүруді түсіндіре отырып, жалпы-адамзаттық Ішкі тыныштық  құндылығының  мәнін ашу.

Міндеттері:

— оқушыларға «жақсылық» ұғымының мәнін түсіндіру;

— оқушыларға мейірімділік жасау дағдысын  дамыту;

— оқушыларды сабырлы болуға, жақсылық жасауға  тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

үнтаспа

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңi. 5 «Т»ережесін еске түсіру. (Тәртіп,Талап,Тыныштық,Тазалық,Татулық)

 

Жағымды көңіл күйге келтіру .

Балалар бәріміз қолымызды жоғары көтеріп  нұрды аламыз(қолдарын жоғары көтереді)

Енді бір-бірімізге қарайық, құшақ толы нұрды айналаға шашайық (құшақ жайып,жан-жағына шашады)

Енді менің айтқанымды қайталаңдар

Мен Нұрлымын!

-Сен нұрлысың!(қасындағы оқушыны көрсетеді)

Әлем түгел нұрлы болды (қайтадан жан-жағына қол созады)

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 

Оқулық №17  «Бір жұлдызды құтқару» аңыз әңгімесі

 

Сұрақтар:

1.    Теңіз жағасын жағалап келе жатқан адам кімді көрді?

2.    Бала не істеп жатыр екен?

3.    Адам балаға қандай сұрақ қойды?

4.    Бала қалай жауап берді?

5.    Жақсылық қандай ойдан туындайды?

6.    Жақсылық жасағанда қандай сезімде болдыңыздар?

 

 

 

 Ескерту
ІІІ.Дәйексөз.

Жақсылық-жан азығы

                                мақал

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

(2    рет ұлдар, 2 рет қыздар, барлығы 1 рет қайталайды)

оқушылар дәптерлеріне жазып алады

ІV.Әңгімелеу. Мұғалімнің сыйы

                                        Тату ағайындылар

Ерте заманда шағын бір үйде ағайынды бес саусақ өмір сүріпті.Үлкенін — Басбармақ, екінші ағасын — Балаң үйрек, үшіншісін — Ортан терек, төртінші інілерін — Шылдыр шүмек, ең кенже қарындастарын — Кішкене бөбек деп атапты.Олар бірігіп жұмыс жасады, бақша екті, тамақ әзірледі.Ортаншы ағалары Ортан терек үйде отырып, үй шаруасына, кішкентайларына қарады.Шылдыр шүмек өте сабырлы, ақылды болыпты.Ол кіші қарындасына ертегі оқып беруді жақсы көрген екен.Ал, кішкентай бөбек болса үлкен ағаларына ұқсап ержеткісі келеді екен.Осылайша, бес ағайынды балалар тату — тәтті, өзара жарастықта, сыйластықта өмір сүріп жатты.

Сұрақтар:

1. Ерте де неше ағайынды өмір сүрді?

2. Олардың есімдері қалай?

3. Олар қалай жұмыс жасады?

4. Ортан терек қандай қызмет атқарды?

5.Шылдыр шүмек нені жақсы көрді?

6.Кішкентай бөбек кімге ұқсап ер жеткісі келді?

7.Кішкентай бөбек ағаларының қандай қасиеттерін алғысы келді?

8.Қандай әрекеттер адамды қуанышқа бөлейді?

9.Өзіңіздің жақсы әрекетіңізбен бөлісіңіз

V .Сергіту сәті.

Оңға түзу тұр

Солға түзу тұр

Алға бір адым

Артқа бір адым

Оңға бұрыл

Солға үңіл

Жоғар, төмен қарайық

Орнымызды табайық

 

VІ. Шығармашылық іс-әрекет, жеке жұмыс.

 

1-тапсырма Дәптерге «Жақсылық» деген сөздің әрбір әрпінен басталатын адами қасиеттерді жазыңыздар

 

VІІ. Топпен ән айту.

Болайықшы осындай

Жақсы бала еңбекшіл

Ер азамат болады

Қиындықты жеңіп кіл

Құшағы гүлге толады

 

Қайырмасы

Еңбекшіл осындай

Болайықшы досым-ай

 

Таза бала мұнтаздай

Сүйсінеді қараған

Ұқыпты деп бұл қандай

Жақсы көрер бар адамды

videoapkt
VІІІ. Үй тапсырмасын беру.

Оқулық, №18 сабақ 82-бет Мәдіхат Төрежанов «Қамқорлық» ертегісін ата – аналарымен бірге оқып келу.

ІХ. Сабақтың қорытынды сәтi.

—        Балалар, сіздер Күнсіздер, керемет жансыздар! Мен сіздердің жақсылыққа толы нұрлы жүректеріңізге  ризамын! Сау болыңыздар.

 

 

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий