«СТУДЕНТТІК ӨЗІН – ӨЗІ БАСҚАРУДЫҢ КОЛЛЕДЖДІҢ ӨМІРІНДЕГІ РӨЛІ»

 

  «Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ. Ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып,өмірге енгізу, игеру, және жетілдіру бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз»

                                                                                                   Н.Ә. Назарбаев.

 

Студенттік өмір – бұл, әрине, ең алдымен жауапты оқу, кәсіптік білімнің негіздерін игеру. Дәрістер, семинарлар, есептер, емтихандар – бұл біздің студенттердің күнделікті өмірі.  Бірақ жастықтың аты жастық. Олар өздерін басқа қырларынан көрсетіп, қызықтырарлық іс жасап, көбірек ұмытылмас әсер алғылары келеді. Оқу уақытынан бос кезде өтетін сабақтан тыс іс-шаралар студенттердің әлеуметтік белсенділігін дамытуға арналған жақсы мүмкіншілік. Оқу әрекетімен тығыз байланыста болғанымен сабақтан тыс жұмыстардың одан айырмашылығы ол ерікті түрде құрылады, ал оны құру студенттің жеке қызығушылығына сай келуі тиіс.  

Жалпы, колледж өмірі кез-келген оқушыны студенттіке оңай илендіреді. Себебі, колледж өмірі — мүлдем басқа. Жаңа ғана мектеппен қоштасқан оқушыны колледж тынысы, ішіндегі болып жатқан қоғамдық өмірі ертеңгі күні қызықтыратыны мәлім. Бұл жерде пысуды, шапшаң болуды үйренетінің хақ. Студент деген ертеңгі болашақтың жарық отын тұтататын тұлға. Сондықтан, әрбір студент ең алдымен, өзін басқаруды игеруі қажет. Анығырақ айтқанда, өзіңді, сөзіңді, ойыңды, қабілетіңді, іс-қимылыңды ақылыңа жүгіндіре білу. Бүгінгі студент- ертеңгі жарқын болашақтың маманы. Осы сияқты, менің колледжімде студенттің өзін-өзі басқару жұмысыда  жақсы  деңгейде. Атап айтсам: Арқалық медицина колледжінде  «ЗЭМ»  (здоровая,энергичная,молодежь)  жастар ұйымы жұмыс жасап келеді. Бағытымыз:  Қазақстан  Республикасының  президенті  Н.Ә. Назарбаевтың  «Саламатты  Қазақстан», «Денсаулық 2016 – 2019ж.ж.»  бағдарламасын  жүзеге  асыруға  ат  салысу, жастардың  арасында   салауатты  өмір  салтын  насихаттау. 

         «ЗЭМ»  жастар ұйымының негізгі мақсаты: Жастардың бойында адамгершілік құндылық қасиеттерін қалыптастыру, іздемпаздыққа елін жерін сүюге,қоршаған ортаны қорғауға баулу. Осы мақсатты басшылыққа ала отырып  ЗЭМ жастарының бастамасымен   «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тапсырмасы бойынша «Іскер жастар кеңесі» қоғамдық бірлестік ұйымдастырумен өткен мемлекеттік емес ұйымдар арасындағы әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесінде 3 жыл қатарынан 2013 жылы «Салауатты өмір салты үшін» номинациясы бойынша жоба ұсынып,жеңімпаз болып 50000 теңге көлемінде шағын грантты ұтып алып қаламыздың тұрғандарының арасында «Темекіні алмаға айырбастайсыз ба?», колледж, мектеп жастарының арасында «ХХІ ғасыр жастары ЖҚТБ-ға қарсы», «Туберкулез ауруының салдары» атты акцияларының дөңгелек үстелдерінің ұйымдастырды.

Елбасының 2014 жылдың 17 қаңтар айындағы кезекті халыққа жолдауында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көбірек көңіл бөлу керектігі, бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің  парызымыз екендігі айтылған. Осы жолдауды негізге ала отырып, 2014 жылы «Біз баршамыз бірдейміз» атты жобаны ұсынып,жоба үздік деп аталып 60000 теңгенің сертификатын ұтып алды. «Жартылай стационар жағдайында мүмкіндігі шектеулі балалардың күндізгі болу бөлімшесінде» әртүрлі диагноздағы 78 мүмкіншілігі шектеулі балаларға арнап «Жасыл шырша маңында» атты мерекелік ертеңгілік ұйымдастырылып, әрі әр балаға арналған мерекелік сыйлықтар таратылды, жаңа жыл алдындағы ғажайыптарға санетін бүлдіршіндерге арналып бір күндік қуаныш сыйланды.

«Сенің азаматтық көз қарасың атты» жоба аясында 35 мың теңге сертификат ұтып алдық, Жобаны іске  асыру  мақсатында Қалалық ардагерлер кеңесімен келісе отырып Ұлы Отан соғысының  ардагері Пуцикина  Тамар әжейді, тыл ардагерлері Каки Ақан Шәріпұлы, 30 жылдан артық ұстаздық еткен Макажанов Түйебай, Сағындықов Шәкәрбек аталарымызды қалалық  теледидар арнасымен бірге жаңа жыл қарсаңында құттықтадық.

         Ата – бабаларымыз айтқандай: «Ауылыңа қарт болса, жазылып қойған хат пен тең» — демекші. Қаламыздың ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған «Ана – дария» мектебінің ақжаулықты әжелерімен бірлесе отырып «Қыз тәрбиесі ұлт тәрбиесі» атты қыздар жиналысы, «Қазақ қызы қайдасын» атты бейне ролик көрсетіліп талқыланып, «Ана — дария» мектебінің елге сыйлы аналары  қыз баланың тәрбиесі жөнінде ақыл кеңестерін айттылып отырады.  Сонымен қатар «Қазыналы қариялар» мектебінің ақсақалдарыда колледжіміздің іс-шараларында құрметті қонақтар қатарында болып, өз ақыл кеңестерін беріп, жастар тәрбиесінде тура жол сілтейді.

         Қазақстан Республикасының Президентінің «Жасыл ел» бағдарламасының жүзеге асыру мақсатында колледжіміздің студенттері үнемі  Жастар паркіндегі колледжге тиісті аумақтың тазалығы көгалдануына көп көңіл бөледі, сонымен қатар «Таза жағалау», «Таза қала» акциясының белсенді қатысушылары.

         «Құрметтейік Жеңістің ерлерін» атты акциясы аясында, «Жас Отан» жастар қанатының оқушылары қаламыздағы ардагерлердің үйлерінің ауласын жинастырып акцияға өз үлестерін қосты.

         Болашақ ақ халатты абзал жандар үнемі жастар арасындағы салауатты өмір салтын ұстануға шақырады соның дәлелі жоғарғы курс студенттері қаламыздағы Ы.Алтынсарин атындағы  мектеп гимназия, бастауыш гимназия тағы басқа мектеп  оқушыларының арасында  «Туберкулезге жол жоқ», «Фаст — фуд тағамдарының зияны», «Темекі тартқаның болашағыңды  құртқаның» тақырыбындағы танымдық сағаттары  мектеп оқушыларының  арасында  медицина  мамандығына  деген  қызығушылықтарын арттырады. Кеше ғана  өз  араларында  мектеп  табалдырығында  жүрген  апа-ағалары  ақ халат  киіп зиянды  әдеттерден аулақ  болуға  шақырып  денсаулық  бағытында  танымдық  сынып  сағаттарын  жиі  өткізіп  тұрады.

 Сонымен қатар Арқалық  қалалық мамандандырылған сәбилер үйіндеде 1-Маусым балаларды қорғау күнінде тәрбиеленушілерге ертегілер қойып, қызықты ойындар өткіземіз.

         Қаламыздың «Мұхтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бас имамы Уалиев Бектұрсын Торғайбайұлы және қала теологымен Әсет Бауыржанұлымен «Имандылық жүрекке ұяласа», «Ислам тәрбие дігегі», «Абайлаңыз секта!» т.б. тақырыптарында дөңгелек үстел басындағы кездесулер дәстүрлі түрде өтіп тұрады.

         Сонымен қатар колледждің белсенді оқушыларының қатарынан құрылған «Молодежный дозор» жасағы әр жетінің жұма, сенбі күндері түнгі көңіл көтеру, қоғамдық орындарда заңды өкілдерсіз жүру фактісін анықтау үшін ІІБ қызметкерлерімен рейдттерге шығып жүр. Осы  орайда  мақтанышпен айта  кететеін жай колледж студенттерінің  арасында құқық бұзу фактілері бойынша тіркелген оқушылар жоқ.

         Қала әкімінің қатысумен жылда  қалалық «Патриот» форумы өттіп, отырады. Форум барысында колледжіміздің белсенді жастарынан құралған агитбригада «ЖасҰлан» жасөспірімдер орталығында, қаламыздың оқу орындарының жастарының алдында өз өнерлерін көрсеттіп, қаланың қоғамдық өміріне белсене араласқаны үшін мәтінде қала әкімінің алғыс хатымен, шағын сыйлықпен колледж жастары марапатталып  тұрады. Колледжде өткізіліп жатқан тәрбиелік іс-шаралардың басым көпшілігі қалалалық теледидардың жаңалықтарынан әрі жергілікті, облыстық баспа басылымдарында мақала ретінде жарық көріп отырады. Сонымен қатар жылына екі рет жергілікті газеттеріміз «Торғай», «Арқалық хабары» беттерінен арнайы колледждің «Шапағат» басылымы шығарылады.

           Төменде өзім айтып кеткендей, ХХІ ғасыр жаңа технологияларды жүзеге асыру заманы. Сондықтан, әрбір студент өмірге қандай да болмасын жаңаша үлгідегі технология енгізуге қабілетті. Жаңа технология емес, игілікті іс қылу да  үлкен парыз, үлкен сауап, оның барлығы түбі үлкен жетістікке әкелмек. Арайлы Тәуелсіздігіміздің  25 жылдық мерекесін мерекелеу  қарсаңында «25 игілікті іс» біздің  де колледжімде аталып өтті деп, үлкен мақтанышпен айта аламын. Іс шараға колледж студенттері   белсене қатысты. Жұмыс барысында студенттер өз тараптарынан ұйымшылдық, бірлестік, ынтымақтастық сияқты қасиеттерін бұрынғыдан да жоғарғы деңгейге жеткізді. Игілікті іске тоқталып өтсем: Топтың құрамында – тәрбие ісі жөнінің орынбасары колледжіміздің белсенді студенттер және  мен болдым. Жадыра Мұхаммеджанқызының келісіуі бойынша біз Арқалық  қалалық  балалар мен  жасөспірімдерге  арналған  баспанасының   тәрбиеленушілеріне  көмек бердік. Біздің өзін – өзі басқару тобының белсенділері киім-кешек жағынан көмек көрсетейік деп шештік. Киімдер әдемі, әртүрлі жастаға балаларға арналған, судай жаңа болмаса да, бүтін, таза, түсінен айырылмаған көзге жаңа көрінетін киімдер болды. Өмірде әртүрлі отбасылар болады ғой, біреулер 1-2 киіп тастап, келмей қалған киімдерін, екіншілері жаңалық белгісін білдіретін қағаздарымен бірге алып келіпті. Шыны керек, сол ғимаратқа кіріп,балалар бөлмесіне ене бергенде, алдымыздан кішкене балалар жүгіріп шығып,құшақтай ала бермесі бар ма?! Жүрегіміз елжіреп, аяқ-қол буынымыз дірілдеп бойымызды ерекше сезім биледі. Тағдырлары жақын бүлдіршіндер бір-біріне бауыр басып қалғандай. Мынау маған, мынауы оған деп алып келген киімдерді өзара ыстық ықыласпен бөлісе кетті. Бір-бірімен таласпады да. Не деген жанашырлық десеңізші… Тәрбиешілері бізге өз ризашылығын білдіріп,алдаға уақытта бізбен байланыста, тығыз қарым-қатынаста болатынын айтты. Сөйтіп, біздің топ өз жөнімізге жөнелдік. Мен үшін бұл уақыт, сол кез сипаттай алмайтын, болашаққа ой салатын,қазіргі өміріме ризашылығымды білдіріп, келер өмірге үлкен ой салды. Осындай іс-шараға студенттерді тартып,студент бойына өзін-өзі басқару қабілетін ұялатып, бар қасиетімізді аштыра білген тәрбие ісі жөнінің орынбасары Искакова Жадыра Мұхамеджанқызына шексіз алғысымды білдіргім келіп отыр. Өте ой саларлық, болашақтан сабақ аларлық іс-шара болды. Арине    мен  тоқталып  кеткен тәрбиелік маңызы зор іс – шаралар барлық  колледждерде өткізіліп  жатыр, бірақ  бүгінгі   дөңгелек  үстелді  пайдалана  отырып  тәжірбие  алмсау мақсатында  алдарыңызға  ұсынып  отырмын.

Осы  орайда, Еліміздің тұңғыш Президенті ел жастарымен болған кезекті  бір кездесуінде «Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік
болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рух-
ты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл
жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет
етуге ұмтылады,» — деген еді. Елбасының «Мен жастарға сене-
мін!» деп айтқан сөзінен бізге үлкен сенім артып отырғанын
байқауымызға  болады. Егер Тәуелсіз  Қазақстанымыздың  әр бір жасы осы  тамаша сөздерді  өмірлік  кредо  ретінде  қолданса, еліміз әлемнің  алдыңғы  қатарлы көшбасында  көрінетеніне  сенімдімін.

Құрметті  бүгінгі дөңгелек  үстелге  қатысушылар  жоғарыда  атап  өткендей студенттік  өзін-өзі  басқарудың  колледждің  қоғамдық  өміріндегі  ролі  зор, себебі студенттің өзін-өзі басқаруы жастардың өмірін және  қоғамның  және  мемлекеттің өмірімен, жауапкершілікті  өздеріне  алу болып табылады, және  қоғамға белсенді араласа отырып, азаматтық тәрбиені түсінуі тиіс.

Читайте также:

Добавить комментарий