Сайыс сабақ «Ғажайып информатика әлемі»

 «Ғажайып информатика әлемі» сайысы

Мақсаты:

  1. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және өз білімін өзге оқушылармен салыстырып, әрбір оқушы өзінің білім деңгейін топтық жарыста көрсете білуге үйрету.
  2. Оқушылардың тез ойлау қабілетін, логикасын дамыту.
  3. Оқушыларды өзін еркін ұстай білуін, бірін-бірі сыйлай білуге, уақытын тиімді жұмсауға баулу.

Сабақтың түрі: Сыныптан тыс жүргізілген сайыс сабақ
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, компьютер, ноутбук, А4 парақтары.
Қатысушылар:  8 сынып оқушылары
Жүргізуші: Ташкенбай Гулшарат. Мамбеталиева Раушан

Жүргізуші: Сәлем бердік, құрметті ұстаздар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып «Ғажайып информатика әлемі» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Барлықтарыңызды бізбен бірге қызықты сайыс сабағымызды тамашалауға шақырамыз. Өздеріңізбен бірге ойлау жылдамдығын, тапқырлықты, күлкіні, шапшаңдықты алып жүруді ұмытпаңыздар.Сайысымызға 8 сыныптардан құралған екі топ сайысуға келіп отыр. Біздің бүгінгі өткізілгелі отырған сайыс сабағымыз 8 — сынып оқушыларының жыл басынан өткен білімдерімен байланысты. Себебі, оқушының жыл бойы алған білімін ойын элементтері арқылы тексереміз. Өздеріңіз көріп отырғандай әр тобымыз 6 оқушыдан құралған және оның ішінде бірі топ капитаны. Әр топ өздеріне қойылған тапсырмаларды бірлесіп, ақылдасып шешулеріне мүмкіндіктері бар.
Алдымен ойынға қатысушы талантты да дарынды оқушыларымызды қошеметпен ортаға шақырайық.

 «Шаттық шеңберін» құрып, оқушылар бір біріне жылы лебіздерін білдіреді. Оқушыларды «Конфет» әдісі арқылы екі топқа бөліп, топ басшысын сайлап аламыз. (5 мин)

1-топ «Интернет»

2-топ «Компьютер»

 

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда, жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.

Ойын толқын жатқанда асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсеңде жеңілсе де қалма жасып.

 

Бүгінгі сайысымыз 6 кезеннең тұрады. Сайыс барысымен таныстырайық

(Слайд шоу)

 

 

Сайыс кезеңдері:

1-кезең. “Таныстыру”

2-кезең. “Кім жылдам”

3-кезең. “Полиглот”

4-кезең. “Инфобілім”

5-кезең. “ Тіл-өнер ”

6-кезең. “Сиқырлы әріптер”

Көрермен жиналған бұл тамашаға ,

Құр қарап жай отыру жараса ма?

Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес

Соқ қолынды, білімді жас талантқа,-

дей отырып, ойынымыздың «Таныстыру» кезенің бастаймыз.

 

I-кезең. Таныстыру (4 мин)

Әр топ басшысы өз тобын таныстырады.

2 — кезең. ”Кім жылдам”

Бұл кезеңде оқушыларға 12 сұрақ және 5 минут уақыт беріледі. Әр сұрақтың бағалануы – 1 ұпай.

  1. 1 байт неше биттен тұрады? 8 бит
  2. Өшірілген файлдар қай бумада сақталады? корзина
  3. Компьютердің ең негізгі құрылғылары? жүйелік блок, пернетақта, монитор
  4. Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы принтер
  5. Бірінші электронды есептеуіш машина қай жылы жасалды 1946 жылы
  6. 1 килобайтта неше байт бар? 1024 байт
  7. Windows — тің негізгі экраны жұмыс үстелі
  8. Деректерді сақтауға арналған құрылғы жады
  9. Windows сөзінің қазақша аудармасытерезе
  10. Компьютер жанына қойылатын өсімдіккактус
  11. Бүкіл әлемдік желі/интернет/
  12. Экранда жақтаулармен шектелген төртбұрышты аймақтерезе

 

3-кезең. Полиглот

Топтық жұмыс. Бұл кезеңде оқушыларға сұрақ қойылады. Оқушылар сұрақтың жауабын 3 тілде жауап беру қажет (қазақша, орысша, ағылшынша). (Әр топқа 5 мин)

1-топ. Интернет

1) …кеме  білім теңіз?/мектеп, школа, school/

2) Өнер алды қызыл …/тіл, язык, landuade/

3) Жақтаулармен шектелген төрт бұрышты аймақ?/терезе, окно, Windows/

4) Қандай команданың көмегімен құжаттардың көшірмесін аламыз?/көшіру, копировать,copy/

2-топ. Ақпарат

1) Графиктік курсорды басқаруды жеңілдетін құрылғы?/тышқан, мышка,  mouse/

2) Әр түрлі обьектілер орналасқан Windows экраны? /жұмыс үстелі, рабочий область, Work table/

3) Сурет салу қаламы?/қарындаш, карандаш, pencil/

4) Батырманы енгізу құрылғысы?/пернетақта, клавиатура, keyboard/

4-кезең «Инфобілім». 

Жұптық жұмыс. Компьютермен практикалық жұмыс. (10 мин)

Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір кеш болсын.
Білімдірек шәкірт озар
Қиынырақ сұрақ болсын.

 

5-кезең «Тіл – өнер» жұмбақтарды шешу. (5 мин)
Айналайын алға ұмтылған дарындар!
Айналайын жеңіс құшқан қырандар,
Бізден қиын жағдайларды сұраңдар,
Сұрап қоймай, шешу жолын табыңдар.

 

  1. 1. Төртбұрышты әйнек,
    Тұнып тұрған әлек. (монитор)Ұзынтұра Жалқаубек,
    Тұрмай ылғи жатады.
    Қозғала қалса артынан,
    Ешбір белгі қалмайды (пробел)
  2. Бұтақ орнында мың бір инесі,
    Компьютер жаны мекені (кактус)
  3. Тетігін бассаң алаңсыз,
    Жазады қалам, қағазсыз (пернетақта)
  4. Батырмасын бассаң
    Қажетті файлды ашасың (тышқан)
  5. Жұртты өзіне қаратқан
    Ақпаратты сақтап, таратқан. (флешка, диск, дискета)

 

 

6-кезең.  «Сиқырлы әріптер».

Берілген сөзден жаңа сөз құрастыру қажет. (10 мин)
1 – топ. – Бағдарлама  (бағдар, лама, рама, баға, марал, ара, дара, амал, мал, ал, арал, бар,…)
3 — топ. – Информатика (мата, информатик, ит, форма, формат, орман, ана, рим, ритм, ата, ар, ат,.) Әрбір сөзге 1 ұпай.
Жетпесіне жеткізген,

Қызықты уақыт өткізген.

Бар ғылымды сыйдырып,

Білетіні көп бізден

Жаңалықтың жаршысы

Жұртты елең еткізген

Информатикаға-мың алғыс

 

Қорытындылау! (3 мин) «Алма ағашы әдісі» арқылы оқушылар сабақты бағалайды. Осымен сайыс сабағымыздың соңына келіп жеттік, енді жеңімпаз топты анықтау үшін, жинаған ұпайларыңызды санап көрейік. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет. Келген қонақтарымызға қанаттарыңыз биікке қағыла берсін – деп алғыс білдіреміз. Қош сау болыңыздар!!!

 

Читайте также:

Добавить комментарий