Оқушылардың өз ойы мен пікірін еркін жеткізуге үйрету,ойлау қабілеттерін дамыту

«Адамды бір нәрсені қайталауға үйреткеннен гөрі,білім есте сақтау арқылы емес, өз ойының күш салуымен алынғанда ғана білім» Л.Толстой.

Шығармашылық — бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі.Көркем еңбек пәнін оқыту кезеңінде мен әрбір оқушыға жаңа сабақтарды меңгертіп қана қоймай, оқушыдан жеке тұлға қалыптастыру қажеттілігін ескеремін. Көп жолығатын қиыншылық – сабақ өткізу барысында баланың өзіндік ой қорыта алмау, сөз мағынасын ашып айта алмау сияқты кедергілер бар. Оқушының білім алу үдерісінде оның оқу мақсатына жету үшін өзіндік реттелуі арқылы ойлау жəне іс-əрекетін жоспарлау дағдыларын дамытудың маңызы зор. Оқытуды үйретудің қозғаушы күші бар ол-  метатану, басқаша айтқанда оқу бар , сонымен қатар оқуды үйрету де бар, адамдар ойлауға қабілетті және ойлау туралы ойлануға да қабілетті. Топ басшылары көшбас-шы бола отырып, тобынғы үндемейтін оқушыларды сөйлете біледі. Оқушы-ларды диалог түрінде сөйлесуі, сұхбаттасуы, берілген сұрақтарға жауап беру-ге дағдыландыру мен қатар ой-өрісін кеңейтіп, шығармашышылыққа, іздену-шілікке  баулиды. Физика сабағында теориялық мəтінді, графиктерді, кесте-лер мен сызбаларды жəне формаулаларды талдау сияқты оқу материалдарын талдаудың барлық түрлеріне ерекше көңіл бөлінеді. Мəтінмен жұмыс істеу. Бұл жағдайда оқушылар сұрақтарға жауап беретін бөліктерді белгілеу арқы-лы мəтінді талдап, табылмаған сұрақтардың жауабын жоғары деңгейде ойлау дағдысын дамыта отырып өздері ұсынады.  Не белгілі? Нені табу керек? Есеп не туралы? Мұнда оқушылардың талдау, салыстыру, синтез, жалпылау сияқты логикалық ойлау дағдылары дамиды. Кестелермен жұмыс. Белгілі бір сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылардың танымдық ойлау дағдылары дамиды.  Берілген ақпаратпен жұмыс істегенде оқушылардың тілдік дағдылары дамиды. Графиктермен жұмыс. График арқылы берілген есептер физика сабағында оқушылардың жоғары деңгейде ойлау дағдыларын (талдау, синтез, бағалау) дамытуды көздейді. Бейнеүзінді немесе мультимедиалық құралдардың көмегімен оқушылар эксперименттің мазмұнын түсініп, нəтижені талдау жəне қорытынды жасай білуі маңызды болып табылады. Электронды құралдардың көмегімен оқушылардың танымдық ойлау дағдылары дамиды.

Ой-пікір қабілеттілігін жетілдіру, білімді, саналы, тілге жетік тұлға дайындап шығару — мұғалімдердің мақсаты болатын болса, сол мақсатқа жету үшін шығармашылық жұмысты мұғалім өзі емес, оқушыларымен бірге іске асыру керек деп ойлаймын.(МАН)

1.Ойлау және оның балалық шақта дамуы.

2.Ойлау және оқыту үрдісінде оның дамытудың жолдары.

3.Ойын арқылы балалардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Баланың ойының ақылдылығы деген не? Бұл сұрақтың мәні біздің сөз етіп отырған мәселеміздің негізгі мазмұнын ашып беруге тиіс деп санаймын.Мен тек қана бір мәселені бөліп алып,соған баса назар аударған тиімді болар деймін.Бұл мәселе баланың ойлауы мен сөйлеуі және ақыл-парасатқа қатысты мәселелердің бәрі өздеріңіз байқап отырғандай ойлау мен сөйлеуге келіп тіреледі.Егер бала өзгелермен сөйлеспей өзімен-өзі тұйықталып қалса,онда оның ойының жүйеге түсуі тіптен қиындап кетеді.Оған мысал, 8в сыныбында Нурумов Дарын және т.б.

Бүгінгі күн талабы-баланың ақыл-ойын дамыту,ойлау қабілетін жетілдіру,заман талабына сай ойын жүйрік етіп тәрбиелеу.Оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып,баланың логикалық қабілетін арттыруға жағдай жасау негізгі міндет.Бала ойын негізінде ойлай отырып тапсырмаларды зерттейді,өзінше шешім жасайды.Сонда бала еркін ойлы өзіне сенімді,сөйлеу тілі жақсы қалыптасқан дара тұлға ретінде жан-жақты дами алады. «Ойы саяздың-тілі саяз» деген ұлағатты сөз бекер айтылмаған.Ойлау негізгі баланың сөйлеу тілін қалыптастырады.Бүгінгі мәселе-ойлау және оның дамуы.

Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудағы негізгі мақсаты:

  1. Оқушының сөздік қорының көп болуына, сөйлей білуге үйрету.
  2. Тың мәліметтерді тауып, зерттеуге, талдауға, қорытынды жасауға үйрету.
  3. Пәнге деген қызығушылығын ояту.
  4. Тақырыпқа қызығушылық танытқан оқушылармен жеке жұмыс, бағыт-бағдар беру.
  5. Әр түрлі шығармашылық сайыстарға қатыстыру.

Мұғалімнің шығармашылық жұмысы ең бірінші сабаққа даярлықтан басталады, өтілетін сабақтың жоспарын құру, оны өткізу әдістері, оқушылардың қабілеттерін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, иллюстрация, техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды пайдалану. Мұғалімнің осы шығармашылық әрекеті арқылы оқушының шығармашылық қабілеті қалыптасады. Ал, шығармашылық қабілеттер шығармашылық елес, шығармашылық ойлау арқылы жүзеге асады. Оқушыны шығармашылық ойлауға, жылдамдыққа, икемділікке, тапқырлыққа үйрету ол мұғалімнің әр сабағында қалыптасып отыратыны анық. Қазіргі білім берудегі жаңа әдістер оқушының өз бетінше білім алуына, танымдық белсенділігін арттыруға, шығармашылығын қалыптастыруға, кез-келген мәселе жөнінде өз пікірінің болуы және оны дәлелдей алуына ықпал ететіндігі белгілі. Қазіргі кезде қолданылып жүрген әдістерде бала бұрынғы өзі білетін нәрсенің ерекшеліктерін саралап, оның жетістігі мен қажеттілігі арқылы жаңа білімді алуға ұмтылады. «Төкерілген сабақ». Қайткенде де оқушының ойына, сезіміне серпіліс ендіруді мақсат еттім, дайын тақырыптар оқушыны қызықтырмайды, мұғалім оқушыны өзіне тең дәрежеде екенін есте шығармай, оны жеке тұлға екендігін қабылдап, сан алуан әрекет арқылы –ойды ұштау, жетілдіру, жеке тұлғаның өзіндік идеясын, көзқарасын, сенімділігін, жауапкершілігін біртіндеп дамыту жолдарын іздестіру- осының бәрі бүгінгі қажеттілік.Балалардың ойлауын дамыту туралы М.Жұмабаевтың сөзімен алсақ: «Ойлау жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр, сондықтан басқыштап іс істеу керек». Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей, оқушының оқуға, білімге деген ынта – ықыласы, құштарлығы болуы керек.Бүгінгі ең негізгі мәселе болып отырған жағдай оқушылардың ойын оқу мен жазуға сыни тұрғысынан ойлауды дамыта оқыту жүйесін қолға алу.

Сыни тұрғысынан ойлау әдісі мұғалім қызметінде ұйымдастыра оқыту, оқушылардың жеке топпен жұмыс жасау негізінде білім алуымен ұштасады. Бұл стратегия оқушының жекелеген мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға бағытталады. Бұл әдістің ерекшелігі — оқушылардың ауызша және жазбаша тілін, ойлау, есте сақтау қабілетін, әрбір ақпаратқа, сонымен бірге өзінің және басқаның шығармашылығына сыни қарауына, шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталады. СТО жобасы мұғалім мен оқушының белсенділігін арттыруда қолдануға болатын бірден – бір әдіс деп айтар едім. Бұл әдіс оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырып, жаңа сабақты оқушының өзі меңгеруіне жағдай жасайды. Меңгерген жаңа тақырып бойынша салыстырулар, болжамдар жасайды, тақырыпты жүйелейді, ұмтылыс, белсенділік пайда болады. Оқушылар алған білімдері мен оған дейінгі білімдерін салыстырады. «Әрбір ұстаз — білікті маман, ал әрбір оқушы — ойшыл тұлға» деген қағидаларды үнемі ұстанып отыру қажет.Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.Осы педагогикалық технологияның ерекшелігіне сүйене отырып, оның тиімді әдіс- тәсілдерін жетілдіруге болады. Атап айтқанда:

— дарынды оқушыны дамытады, оқушылар шығармашылығын арттырады;

— оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіріп, білім сапасын көтереді;

— пәнге деген бейімділігі, қызығушылығы артады;

Жаңа технологияның арқасында оқушының белсендігі артып, жан- жақты талдауға, өз ойын ашық айтуға, сын тұрғысынан ойлауға үйренеді.Сабақта сыни тұрғысынан оқыту технологиясының стратегияларын пайдалана отырып, балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отырамын. Әрбір әдіс оқушылардың ойлауына және қиялына негізделіп келеді.Мұғалім бұл жүйемен жұмыс жасағанда, үнемі оқушы санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап, оның дамуын жан- жақты зерттей отырып, өз сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс. Әйтпесе жаңа жүйенің құны болмайды.ІІІығармашылық — бүкіл тіршілік көзі.Ежелден-ақ ойшылдарымыз Жүсіп Баласұғын, Әл-Фараби, Абайды ерекше толғандырып, өз еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды үнемі көтеріп отырған. «Шығармашылық» сөзінің төркіні — шығару, ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек.

Оқушыларды шығармашылыққа баулып, бала бойына шығармашылық қасиетті қалыптастыруда, ізденуге, білім алуға құштарлығын оятуда қазақ тілі мен әдебиеті сабағының берері мол.

  1. Өйткені әдебиет пәні оқушы тілін дамыту, сөйлеу мәдениетін көтеру.
  2. Оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру.
  3. Оқушылардың ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеуін дамыту.
  4. Оқушылардың өзіндік ой-пікірін айта білуге баулу мақсаттарын көздейді.

Аталған мақсат пен міндеттерді шешуде Б.С.Блум жүйесіндегі алты категория орындалды:Білу,Түсіну,Қолдану,Талдау,Жинақтау,Бағалау.

Сыни тұрғысынан ойлау- баланың еркін де терең ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады;оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.

Сыни тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төменгі шаралар орындалуы шарт:

1) сыни тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;

2) оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;

3) әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;

4) үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау;

5) кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау;

6) оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету;

7) сыни тұрғысынан ойлауды бағалау.

Ал оқушылардан осыған байланысты:

— сенімділікпен жұмыс жасау;

— бар ынтасымен оқуға берілу;

— пікірлерді тыңдау, құрметтеу;

— өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет.

Ақпарат алу кезінде дереккөздерді табуға үйренді. Ал өзімнің өзгерісіме келетін болсам: Бұрынғы дәстүрлі сабаққа қарағанда Кембридж бағдарламасы негізіндегі әдіс-тәсілдердің тиімділігін анықтадым. Сабақты түрлендіріп оқытуда нәтиженің жоғары болатынын, оқушы қабілеттерін түрлі тәсілдер арқылы ашуға болатынын түсіндім. Оқушыны бағалауда басқа да бағалау тәсілдерін қолдануға болатынын білдім. Деңгейлеп әдісін қолдану арқылы оқушының ойлау-логикалық қабілетін дамыттым. Ойлауды дамыту үшін мәртебесі жоғары  сұрақтарды пайдаландым. Бұрынғы сабақтарымда менің рөлім басым болса, тиімді тәсілдерді үйреніп қолдану арқылы оқушылардың сабаққа араласуы олардың қызығушылығын оятатынын және жоғары нәтижеге қол жеткізеті-нін білдім. Оқушыларға өз жұмысым арқылы және білім беруді білімді ұсыну емес, өзінің жеке білімін қалыптастыру үшін мүмкіндіктер беру керек және мұны  жүзеге асыру қажет ойладым. Сабақтың  қорытынды  нәтижесі: тақырып бойынша ойын өзектендіре алды, тақырыпты өз бетінше тәжірибе-лер жасай отырып,  зерттеулер жүргізе алды, өз ойын еркін жеткізе білді, сыныптастарымен қарым қатынас нығайды. Сабағымның сәтті өткен тұстары: шығармашылық жұмыс барсында «Көзбен көру айғақтарын» керемет  топтастыруы, қызықты тәжірибе жасау барысында оқушылардың өлшемдер мен қателіктерді нақты табуы, физика пәнінен жақсы оқитын оқушылардың сабақтың «білімді мыңды жығар» есептер шығару кезеңінде көшбасшылық қасиеттерімен таныла білгендігі. Сәтсіз өткен тұстары: жаңа сабақты кодтық тапсырмалар арқылы бір-біріне түсіндіргенде кейбір  оқушылардың қиналғандығы, жоғарғы дәрежелі, төменгі дәрежелі сұрақтар кезінде оқушылардың қате жауап бергендігі.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *