Отаным — тағдырым!

Отаным – тағдырым!

Авторы: Ргебаева Жадыра Дидаровна

Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер бірлесіп еңбектенуде.  Мен соңғы жүз жылда Қазақстан жеріне әр түрлі халықтар қоныс тепкеніне жиі естимін. Біздің еліміз сияқты менің ағайындарым да көп ұлтты. Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық – қазақстандықтардың қалауы. Мен оны білемін. Онда татарлар да, орыстар да, қазақтар да бар. Олардың тағдырын, өмір тарихын тыңдағанда менің елім одан сайын маған жақындай түседі, оны жақсырақ түсіне бастаймын. Біздің отбасы тарихымыз да  мыңдаған басқа отбасылардың тарихына ұқсас. Өмірдің қиын кездерінде, ауыр жұмыстарда, өтіп жатқан күндер мен мерекелерде әр түрлі ұлт өкілдерінің әртүрлі пікірі қалыптасты. Адамзат баласының татулығына ұмтылу әр халықтың қанында бар, әсіресе, ол қазақстандықтарда ерекше дамыған. Бұл қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын қазақ халықтарының мінезінен жаралған. Осында тұрушылардың барлығы қазақ халқының тілін, тарихы мен салт-дәстүрін білуі келек. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігініңһ мәні осында. Ол байырғы көркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы. Қазақстан күн сайын дамып, көркейіп жатыр. Осындай елмен әрине мақтанасын. Қазақ елі мақтанышқа тұрарлық ел. Әрине, осы жетістіктеріміздің бәрі Елбасымыздың арқасында. Қазақстан менің елім, аңсағаным Кең байтақ жеріңменен тамсанамын. Асқар тау, белдеріңмен мақтанып, Күлімдеп, мен де бір шаттанамын. Отаным – Қазақстан туған елім, Ойнап күліп ер жеткен туған жерім. Өсе бер өркендей бер, Елім менің, Ардақтап мәңгі мен сені өтермін. Мен туған және өскен жері біртұтас болғанда ғана адам бақытты болады деп ойлаймын. Мен қандай бақыттымын, өйткені сен барсың – менің Қазақстаным! Сен барсың менің жанымда, Көктемнің гүлі ашылған! Балалық шағым қасыңда, Тағдырым сенсің, Қазақстан! Мен үшін Отан – құндылықтарды материалды тасымалдаушы емес. Бұл жан сезімі! Сенің әрқашан оймен болса да, оралғың келетін Жердің, рухани бұрышы. Менің жылдарым күндермен өлшенеді. Мен оның шексіз болғанын, менің кішкентай және үлкен Отаным татулықта болғанын қалаймын. Мен әрқашан да Қазақстанда тұратын адамдарға жанымның жылуын, жүрегімнің отын сыйлауға дайынмын. Мен өз Қазақстанымды қалай жақсы көремін? Мен өз отанымды қалай мақтан тұтпайын? Ол мені өз құшағына алады, әрдайым жылулық сыйлайды. Отанымда қонақта болғанда өзімді өте жайлы сезінемін, жақсы демаламын. Біз өмір сүреміз, кетеміз, өлеміз, ал біздің отанымыз мәңгі өмір сүреді.
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер
Солтүстік Қазақстан, Ғ.Мүсірепов ауданы, Мұқыр ауылынан басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және мектепке  барған көшеде әліде есімде. Сол кезде ауылым маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын. Иә… Туған жер ұзаққа қиып жібеһмейтін. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, ауылдастарымды еске түсіресің.Аулым деген де әліде жүректің әлсіз дүрсілі естіледі. Қазір бой жеттім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным болып қала бермек. Мен елімнің бір бөлшегімін, оның болашағымын. Туған және өскен жер бір болғанда  адам бақытты болады деп ойлаймын. Мен қандай бақыттымын, өйткені менің Отаным Тағдырым сенсің, Қазақстан! Отанға деген жан сезім ерекше болады екен Бұл біздің   ата-бабаларымыздың  сол заманда намысымызды сақтап қалған жеңістің жемісі деп білемін. Отанымыздың тағдыры мен болашағы біздің қолымызда. Менiң Қазақстаным неткен: бейбiқт, еркiн, бай, көп ұлтты.Бiз елімiзбен мақтанамыз!


Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *