Наурыз- жыл басы

Жанкулова Кунсая

Мақсаты: Наурыз мерекесі туралы балалардың түсінігін кеңейту.Наурыз- жыл басы, ұлыстың ұлы күні,қазақ халқының жаңа жыл мерекесі екенін балалардың бойына сіңіру. Салт-дәстүрімізді қолдана отырып, адалдыққа, ұлтжандылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Әдіс тәсілдер: Сұрақ- жауап,әңгімелеу, үнтаспа,ойындар.

Сөздік жұмыс: көгерсін,теңелді.

Оқу қызметінің көрнекіліктері: Наурыз тойының суреттері, наурыз көже пісіріп жатқан аналардың суреті.

Оқу қызметінің барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар шаттық шеңберге тұрады.

Көктем,көктем, көктемде,

Құстар келіп жеткенде.

Қуанып бір қаламыз,

Әнмен қарсы аламыз.

Тәрбиеші:

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілі неше айдан тұрады?

-Көктем мезгілінің алғашқы мерекелері қандай?

-Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?

-Көктем мезгілінде алғаш ұшып келетін құстар қандай?

-Қандай ұлтық мерекені тойлаймыз?

Сурет бойынша әңгіме құрастыру.

Наурызда күн мен түн теңеледі.Жер көгереді.Байырғы қазақ күнтізбесі бойынша, наурыздың алғашқы күнін жаңа жылдың басы деп, ұлыстың ұлы күні деп атаған.Бұл суретте туған ел табиғатының әсемдігін көреміз.

Тыныштық сәті: баяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмады. Көз алдарына көктем мезгілін елестетеді.Жер әлемі жап-жасыл. Күн шуағын төгіп тұр. Сылдырлап су ағып жатыр.Киіз үйлер қаз-қатар тізіліп тұр.Балалар алтыбақан ойнап, аналар наурызкөже пісіріп жатыр.Айнала түгел әсем. Наурыз тойы басталды.

Көзімізді ашайық. Көңіл күйлерің қандай болды? Наурыз тойы несімен ұнады?

Дидактикалық ойын: «Бұл қай салт-дәстүр?»

Ойын шарты: Қазақ халқының бірнеше салт-дәстүрлерінің суреті көрсетіледі. Балалар қай салт-дәстүрлері екенін тауып айтулары керек. Ол туралы толық жауап беруі керек.

 

Сергіту сәті:

Көктем келді, құс келді,      (шеңбер бойымен жүреді)

Ойнаймыз біз саз илеп.       (тоқтап шеңебрдің ортасына қарайды)

Біздің көлге түсті енді,        (қолдарын екі жаққа жаяды)

Былтыр кеткен қаз-үйрек.  (ұшқан қаз-үйректі бейнелейді)

Көк көйлегін кейді жер,      (шеңбер бойымен жүреді)

Шешіп ақ қар ішігін.            (тоқтайды)

Емірене сүйді жер,               (қолдарын жоғары көтереді)

Тал-теректің бүршігін.         (тербетіліп, желдің соққанын бейнелейді)

Ұлттық ойын:«Қамшы алу».

Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Әр топтан төрт баладан ортаға шығады. Бір-біріне арқаларын тіреп тұрады., қамшыны аяқтарының ортасына қояды. Берілген белгі бойынша қамшыны жылдам алып, жоғары көтеруі керек. Кім тез алып көтерсе, сол бала епті, әрі жеңімпаз болғаны.

Қорытынды:

-Наурыз мерекесі қандай мереке?

-Наурызкөжені кімдер пісіреді және ішіне неше түрлі дәм қосады?

-Наурыз мерекесінде қандай ұлттық ойындар ойналады?

-Наурыз тойы сендерге несімен ұнайды?

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *