«Менің құрдастарым» эссе

Менің өмірімдегі ерекше де орны бөлек жандардың қатарында құрдастарым да бар. Яғни, олар менің сыныптастарым. Олармен 9 жылымды бірге өткіздім. Басымыздан түрлі жағдайлар өтті. Ащыны да, тұщыны да бірге көріп, бір үйдің баласындай етене араласып, бір-бірімізді туған бауырымздай көріп кеттік. Бірге күлдік, бірге жыладық, бірге мұңайдық. Менің жүрегімде олардың әрқайсысының алатын үлкен орны бар. Біз ренжіссек те бірнеше минуттан кейін ұмытып кетіп, шүйіркелесіп отырамыз. Біз барлығымыз бір-біріміздің мінезімізді жақсы білеміз. Сыныпта он жеті бала болсақ, бізде он жеті түрлі мінез бар. Біз бір-бірімізге кек сақтаған емеспіз және де осылай бола бермек. Сабақ кезінде, кез-келген уақытта бір-бірімізге қолымыздан келгенше көмек береміз. Барлығымыз мектепке алғаш келгеннен-ақ аралас құралас болдық. Байқасам, осы көп уақыттың ішінде біз бір үйдің баласындай болдық. Жыл өткен сайын бір-бірімізді жақсы көріп, бір-бірімізге сенім артып, сыйластығымызды арттыра түстік. Олар мейлі жаман болсын, жақсы болсын, әрдайым менің жанымнан табылатын ерекше жандар. Түсініспеушілік, осы бір жаман қасиет расын айтқанда, біздің арамызда да болып тұрады. Бірақ осы уақытта сол түсініспеушілікті болдырмауға, оны арамыздан алып тастауға тырысып жүрміз. Құрдастарым жылдан-жылға жақсы жағынан өзгеріп келеді. Біз өз ауызбіршілігімізді пайдаланып, түрлі шараларға ат салысып, белсенді қатысып келеміз. Біз құрдастар сабақтағы қиын тапсырмалардан қиналған кезде бір-бірімізге көмектесіп, қол ұшымызды беруге әрқашан дайынбыз. Қиын сәттерде бір-біріміздің жанымыздан табылып, қолдау көрсеткен кездеріміз қаншама. Мұның барлығы өзін-өзі тану пәнінен оқып-біліп жатқан өз бойымыздағы құндылықтар мен адамгершілік қасиеттердің үздіксіз дамып, ашылып келе жатқандығының белгісі деп ойлаймын. Сондықтан да осы пәнге мен өз ризашылығымды білдіргім келеді.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *