Менің педагогикалық тұлғалық орным

Уразумбетова  Дамегул  Султанбековна

(Жас мамандармен жұмыс)
Мақсаты: Жас мамандарға кәсіби орнығуға, бейімделуге, педагогикалық шеберлігінің қалыпты дамуына кеңес, көмек беру.
Міндеттері:
1. Бір — біріне деген сенімділік, адамгершілік қатынасын қалыптастыру.
2. Психологиялық қолдау көрсету.
3. Шығармашылыққа бағыт беру.
Қолданатын құралдар: үнтаспа, жаттығулар, шарлар, ақ парақтар, тас бояулар, баяу ауен.
Тренинг барысы:
1. Тренинг: «Амандасу»
Қатысушылар бір — бірін көңіл күйлерін сұрайды. Есімдерінің шығу тарихын әңгімелеп береді.
2. Ойын:«Өз жұбыңды тап»
Қатысушыларға жазуды теріс қаратып, қалаулары бойынша парақ таратылады. Парақтарда белгілі өлеңінің сөздері жазылып тұрады.
Нұсқау: Әр қатысушы бөлмеде өлеңнің әуенін айтып бөлмеде жүріп, әнді табу арқылы топтасады.
3. Ой толғау
— Педагогикалық әдеп дегенді қалай түсінесіз?
— Педагогикалық қабілеттер дегенімізді қалай түсінесіз?
— Жаңашыл мұғалім дегенді қалай түсінесіз?
— Педагогикалық шеберлікті қалай жетілдіруге болады?

4. Ақыл – адам көрігі, ақылдың сабыр серігі. М. Әуезов
Адам пенде болғаннан соң көптеген өмірінде келеңсіздіктерге бой алдырады. Соның бірі, адамдар арасындағы жағымды қарым – қатынасқа, өкпе – реніш нұқсан келтіріп, өзара түсінбеушілік туғызады. Сол себепті өкпе, ренішке бой алдырмай адамдарға түсіністікпен, ізгілікпен, құрметпен қарау керек.
Өкпе, реніш адамның көңіл — күйіне, денсаулығына кері әсерін тигізеді. Айналаңа ылғи өкпелеп, ренішпен қарау, риза болмау, түрлі ауруларға шалдықтырады.
Кемшіліксіз адам болмайды. Білмегендіктен қателесу болады. Қателесу – кінәлі болу. Кінәсін мойындау әркімнің қолынан келе бермейді. Ал қатесін түсініп түзеу — ақылдылықтың, қайраттылықтың белгісі.
Іс — әрекеттің байына бара алатын, ұстамды, сабырлы, ақылды, жақсы мен жаманның арасын айра алатын, әрі іске дұрыс бағасын бере алатын адамды ақылды адам дейді.

Тренинг: «Ашулы шарлар»
Нұсқау: Шарды үрлеп, оларды байлаңыздар.
— Шарлар адамның денесін бейнелейді, ал оның ішіндегі ауа, сенің сезімің.
Шарды аяқтарыңмен жарыңдар. Шарды жарғанда қандай сезімде болдыңыздар. Ашудың осылай шыққаны дұрыс жол ма? Ондай ашудан кейін қандай көңіл — күйде боласыз?
Қатты жарылған шар – агрессияны білдіреді, ол қатерлі жол.
Енді шарды қайтадан үрлеңіз де, байламай ұстап тұрыңыз. Шарлар ашу толы сезімді
білдіреді, енді шардың жарты ауасын жіберіңіз.

 

Шар кішірейді, бірақ жарылмады. Бұл нені білдіреді. Біз ашуды бақылап шығарсақ, ол ешкімге зақым келтірмейді.
Енді шардағы ауаны толығымен шығарып жіберіңіздер. Бұл нені білдіреді?

Ашудың қауіпсіз жолын табу әр адамның қолында.
5. Тест «Қандай ағашты таңдайсыз»?
Мақсаты: Әркім өзінің қандай екенін білу үшін
Барысы: Суреттегі ағаштардың бірін таңдап алыңыз. Әрине қайсысы көзіңізге ерекше түсті, соның реттік санына қараңыз. Егерде суреттегі ағашты таңдап болсаңыз, өзіңіз жайлы психалогикалық тест жауабымен танысыңыз. Сіз қандай екенсіз?
6. Арт — терапия «Шеңбер бойынша сурет салу»
Нұсқау: Шеңбер бойлап отырған қатысушыларға А4 ақ параққа түрлі түсті тас бояумен өзінің ойына бірінші не келді сол бейнені сала бастайды(жәй әуен ойнап тұрады), 2 минут өткен соң әуен тоқтайды, аяқталмаған суретті келесі көршісіне ұсынады, осылайша өз суретіңіз қайта оралғанша шеңбер бойымен жалғаса береді. Өзің бастаған сурет өзіңе келгенде, суреттеріне қарап, тақырып беріп, талдау жұмысы жүргізіледі.
Жас мамандардың жалғастырма суреттерді бірінің ойынан бірі шыққандай, бірлесіп (топтасып) жұмыс жасауға үйренгені байқалады.
7. Күйзеліс (стресс)- бұл не?
Күйзеліс – ағзаның күш түсуге, алаңдаушылыққа және күнделікті қарбаласқа реакциясы.
Күйзелісті жеңуге арналған психогимнастика
1. «Өзіме күлкі сылаймын»
2. «Лимон»
3. «Доп»
4.«Марионетка»
5. Менің қолымнан келеді, мен істей аламын!

8. Қорытынды:
1.«Көтермелеу» тренинг арқылы қатысушылар өз ойларымен, алған әсерлерімен бөліседі.
2. Психологиялық кеңес жаднама ретінде ұсынылады.

Қатысқандарыңызға рахмет, барлығыңа сәттілік тілеймін!

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий