Мектепке дейінгі ұйымда ұйымдастырылған оқу қызметінде қолдануға тиімді жаңа технологиялар

Имашева Гулим Куанышкалиевна

Білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, оқу үрдісінде жаңа технологияларды пайдалану. Оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгеру педагогтан орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер педагогтың  жаңа технологияны меңгеруіне, инновациялық жетілуіне мүмкіндік береді.

Педагогикалық технология – педагогтың кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер көзі. Мұның өзі жаңа технологияларды пайдаланудың екі бағыты бар екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Бірінші бағыт тұрғысынан алып қарасақ, жаңа технологиялар білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, балалардың саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды, ал екінші бағыт тұрғысында жаңа технологиялар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады.

Қазіргі кезде мектепке дейінгі ұйымның оқу-тәрбие үрдісінде бірнеше педагогикалық технологиялардың қолданылып жүргені мәлім. Бұл технологиялардың бәрін бір ұйымдастырылған оқу қызметінде қамту мүмкін емес. Сондықтан, мектепке дейінгі ұйымда әрбір ұйымдастырылған оқу қызметінде оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы тәрбиеленушілердің білім жетістіктерін арттыруға  болады.

Мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес  жан-жақты дамытуға бағытталған жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі түрлері мыналар:

  1. Мнемотехника, мнемотехнолгия – есте сақтауды жеңілдететін және таным үрдістері мен байланыстырып сөйлеу тілін дамытатын технологияның түрі. Мектепке дейінгі жастағы балаларға мнемотехника тәсілдерін қолдану аса маңызды өйткені сыртқы құралдардың әсерінен ойлап шешетін тапсырмалар ауызшаға қарағанда көрнекі материал арқылы жақсы меңгеріледі. Әрбір сөзге немесе сөз тіркесіне белгілі бір сурет (картина) қойылады, осылайша кестеде қанша сөз немесе сөз тіркесі болса, сонша сурет болады. Ол суреттерге қарап отырып, бала мәтінді оңай оқып шыға алады.  «Біздің Дана жылады» тақпағы.  Балаларды мнемотехнологияны пайдаланып, мнемокестелермен күнделікті жұмыстанған мектеп жасына дейінгі балалардың ертегіні мазмұндауға деген қызығушылықтары артады, мұқият тыңдайды, мәтінді тез есте сақтайды,сөйлеу тілі дамиды, мектепте білім алуға дайындығы жоғары болады.
  2. Мария Монтессори әдісі.

Монтессори әдісінің мақсаты – балаларды еркін тәрбиелеп, өмірге бейімдеу, өзінің үйреніп, өзін дамытуына жаңа мүмкіндіктер беру. М.Монтессоридің пікірінше баланың тұлға болып қалыптасуы фазыға бөлінеді:

  • Балалық шақтың бірінші кезеңі(0-6 жас)
  • Балалық шақтың екінші кезеңі(6-12 жас)
  • Жасөспірімдік кезең(12-18 жас)

Монтессори педагогикасындағы үлкендердің негізгі рөлі – көмек көрсету. Педагог бақылаушы ретінде баланың өз бетімен жұмыстануын бақылайды, бағыт-бағдар береді.

Монтессори әдісі  5 аймаққа бөлінеді:

  1. сенсорлық даму аймағы – бала қоршаған ортаны зерттеуде өзінің сезімдерін қолдана білуге үйренеді, материалдар арқылы көру, есту, сипап-сезу сезімін, иіс сезу, дәм сезу, температураны ажырату, заттарды айырмашылығын білу және есте сақтау қабілетін жаттықтырады.

2.Тәжірибелік өмір аймағында бала өзі киінуге (түйме, кнопка,сыдырма, жіпшелер, түйрегіштер, баулар, бантиктер, ілмектер т.б.) үйренеді,ұқыпты бір нәрсені құюға, төгуге, ыдыс жууға, салаттар жасауға, тіпті аяқ киім тазалауға үйренеді.

  1. Логикалық аймақ – сенсорлық материалдармен жұмыс істеп, логикалық ойлауды үйренген соң бала еш қиындықсыз өзіне таныс ұғымдарды математикалық терминдерге айналдыра алады.
  2. Тілді дамыту аймағы – баланың тілін дамытуға, жазуға моторлық дайындық, жазу мен оқуға үйренеді.
  3. Ғарыш аймағы – балалар қоршаған ортамен таныстырылады. Осы орталық материалы ботаника, зоология, анатомия, география, физика, астрономия негіздерін меңгеруге көмектеседі.

Денсаулық сақтау технологиясы

Мектепке дейінгі ұйымдарда қолданылатын денсаулық сақтау технологиялар балалардың дене жаттығуларына, балалар ағзасын сақтау мен  нығайтуға қызығушылығын дамытуға бағытталған.

Денсаулық сақтау және ынталандыру бағытына мына технологиялар кіреді:

-ритмопластика;

-динамикалық үзілістер;

-қимылды және спортты ойындар;

-релаксация;

-саусақ жаттығулары;

-тыныс алу жаттығулары;

Салауатты өмір салтын жүргізуге оқыту бағытына кіретіндер:

-таңғы жаттығулар;

-дене шынықтыру оқу қызметтері;

-өзін-өзі уқалау, сылау;

-белсенді демалыс.

Түзету бағытына:

-артикуляциялық жаттығулар;

-музыкатерапиясы;

-ертегітерапиясы;

-арттерапия кіреді.

 

  1. Шығармашылық қабілеттерін дамыту (ТРИЗ) технологиясы.

Қазіргі таңда ТРИЗ технологиясының әдістері мен тәсілдері мектепке дейінгі балалардың өнертапқыштық тапқырлықтарын, шығармашылық қиялдарын, мазмұнды-сатылы ойлауын дамытуда тиімді қолданылып жүр.

ТРИЗ технологиясының мақсаты: баланың қиялын ғана дамыту емес, берілген тапысрманы дұрыс түсініп, оны жүйелі ойлауға үйрету.

Мектепке дейінгі ұйымда балаларды оқыту-тәрбиелеу процесінде қолданылатын ТРИЗ элементінің негізгі кезеңдері

1 кезең мақсаты- балаға өзін қоршаған ортадағы ұқсастық, қарама-қайшылық (жақсы-жаман, болады-болмайды) тұстарын табуды үйретіп, айтқызу.

2 кезең мақсаты – баланы қиялдау мен тапқырлыққа үйрету. Мыс: балаларға жаңадан ынғайлы әрі әдемі орындық жасауға тапсырма беру. Немесе балаға әлемде басқа бір ғаламшар бар екен, ол жерде тек қорап-қорап сағызбен қоректенеді. Ол жерде қалай аман қалуға болады?

3кезең мақсаты – түрлі ертегілерді ойдан шығару, ертегі желісімен тапсырма орындату. Мыс: «Сені Жалмауыз кемпір ұстап алды делік, енді сені жеймін дейді. Не істейсің?» деген сұрақтар қойып, баланың ұшқыр жауабын тыңдау. Суретті тірек-сызба арқылы ойдан жұмбақ құрастыру. Мыс: ериді- бірақ қар емес, салқын –бірақ балмұздақ емес, қатты – бірақ тас емес. Ол не?

Осылайша, жаңа технологияларды қолдану – тәрбиешіні қазіргі заманға сай өзгеріп отыратын әлемде өмір сүруге дайын, денсаулығын сақтай алатын, білімі мен машықтарын көрсете алатын, шығармашылығы кең, ақыл-ой өрісі дамыған, өз ойын сауатты жеткізе алатын, бәсекеге жарамды тұлғаны өсіруге жетелейді.

ҰОҚ жаңа технологияларды пайдалану арқылы біз:

  • Балалардың ҰОҚ деген қызығушылықтарын оятамыз.
  • Өз бетімен ізденуге, зерттеуге, яғни өзін-өзі дамытуға мүмкіндік туғызамыз.
  • Өзіне қызмет көрсету дағдылары мен кез келген жағдайға тез бейімделуге үйретеміз.
  • Сөздік қорларын молайта отырып, ойларын еркін жеткізуге үйретеміз.
  • Трбиеленушілердің танымдық қабілеттерімен қатар, сенсорлық, шығармашылық қабілеттерін дамытамыз.

Жаңа технологиялар – тәрбиешілер үшін жаңа мүмкіндіктер, тың жаңалықтар және жарқын болашақтың ертеңгі ұрпағын тәрбиелеуді сенімді кепілі болып табылады.

Читайте также:

Добавить комментарий