«Мектепке дейінгі шақта балалардың тілін дамыту» (баяндама)

Оңғарбаева Гауһар Мақсатқызы

Ақыл-ой тәрбиесінің жетекші қозғаушы күші саналатын бала тілінің жетілуінің маңызы зор.Бала мектепке жақсы тілдік дайындықпен баруы тиіс.Бұл бағыттағы жұмыстарды жетілдіре түсу үшін тәрбиешілер тиісті әдіс- тәсілдерді қолдана отырып,балалардың тілдікдаму деңгейлерін жүйелі түрде бақылап, тексеру жүргізіп отыру қажет.

Тіл дамыту жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін тәрбиеші топтағы барлық балалардың тілінің даму деңгейін жақсы білу қажет.Балалар тілін дамыту жұмысының негізгі мазмұны-сөздің жалпы ұғым беретін жағын меңгеруге көңіл бөліп,ойлау қабілеттерін дамыту,өз ойын еркін жеткізуін,қоршаған орта мен айналасындағы адамдармен еркін қарым- қатынасқа түсу,сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру.

Бөбектер тобында балаларда барлық сөйлеу реакциясының түрлерін қалыптастыру,сөйлеуге еліктей білу және сөзді түсінуін өрістету.

І жартыжылдықтың негізгі мақсаты үлкендер сөзін түсінуін жақсарту.

ІІ жарты жылдықта сөйлеу белсенділігінің дамуына ерекше көңіл бөлу керек.

Сөзді түсінуін дамыту.Тіл дамыту сабақтарында балалар түсінетін сөздік қорын кеңейте отырып, заттар,тірі жәндіктер атын,қимылын(ұйықтап жатыр,тамақ ішеді,ән салады т.б) сонымен бірге олардың өте айқын балаларға таныс белгілерін білдіретін сөздік қорын кеңейту керек.Ойыншықтар мен қуыршақ театрының кейіпкерімен инценировкалар көрсету арқылы жеңіл сюжеттерін түсіне білуін,бейнелеп жатқан оқиғалардың барысын мұқият қадағалай білуін қалыптастыру керек.Инсценировкаға қозғалмалы (көлік,арба)ойыншықтар,ыдыс-аяқ, киім, жиһаздарды пайдалана отырып атату керек.Балаларды заттардың көлемін, түсін,өзіндік қасиеттерін және сапасын(жақсы,жаман) сонымен қатар үстеу сөздерді(анда–мұнда),уақытты(қазір,содан соң),сандық қатынастарын (біреу,көп) түсініп, ажыратып,атай білуге үйрету.Қуыршақ театрының кейіпкерлерімен инценировка жиһаздаарын көрсеткенде,тек 1-2 әрекеттен тұратын оқиғаларды емес, бірінен соң бірі туындайтын жеңіл сюжеттер мағынасын түсіне білуін қалыптастыру керек.Инценировкаға байланысты

 

 

қуыршақ киімін,ыдыс-аяғын, жиһаздарын т.б көптеп қолдану керек. Ойын кездерінде өздеріне таныc «Қуырмаш»,  «Саусақтай балақан», «Әлди-әлди»тақпақтарының,өлеңдерінің мазмұнына сай қимыл-қозғалыс әрекетін орындай білуін,оқу мен әңгімелесу кезінде халықтық шығармашылық өлең-тақпақтардың әуені мен ырғағына көңіл бөлуін дамыту керек.Белсенді  сөздік  қорын  дамыту. Балалардан жиі естілетін дыбыс  тіркестері мен сөздерге еліктей білуін қалыптастыру қажет, таң қалуды, қуануды, ренжуді т.б. білдіретін дауысырғақтарын  айтқызу  керек. Балалардың үлкен адамдар айтқан жеке сөздері мен тіркестерін  соларға  еліктеп айта білуін дамыту керек. Балалардың белсенді сөздерін (күнделікті тұрмыста пайдаланатын ыдыс- аяқ, киім- кешек атауларын) тиісті жерлерде пайдаландырып отыру арқылы орнықтыра түсу керек.(Қуыршаққа не киіндіреміз? Мысықты немен тамақтандырамыз? т.б.)  заттарды  айрықша  ерекшеліктері  бойынша  жинап  қана  қоймай,                оларды жалпы атауы мен атай білуге үйрету керек. Мысалы: қуыршақ   деп  машина  т.б. жануарларды, адамның оларға қатынасын бейнеленген  суреттерді  көрсетіп, өз көргендерін айтып беруге талпындыру керек. Суретті кітапты қарап, ондағы суреттерді атай білуге үйрету. Баланың                               дауысты ( а,у,и,о)  және  дауыссыз ( м,б,п,т,д,н) дыбыстарды анық айта  білуін қалыптастыру керек.

Баланың  күнделікті тұрмысында жиі ұшырасатын киімдер ыдыстар, ойыншықтар, көкеністер мен жемістер, үй жануарлары, үй құстары аттарын белсенді түрде қолдана білуге үйрету керек. Іс- әрекеткеқатысты (жуыну, сүрту т.б.), сондай- ақ сапалық мезгілдік, көлемдік, кеңістік ұғымдарға байланысты сөздерді меңгерту керек. Балаларды  дұрыс сөйлеуге үйрету, сөйлеуде бастауыш пен баяндауыштың орын тәртібін сақтап айтуға үйрету. Балалардың асықпай, анық, айқын сөйлеуін үнемі бақылап отыру керек.Дыбысқа еліктеу жаттығуларын жасату арқылы сөзді ақырын,тез, қатты айтуға, дауысты және дауыссыз дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету керек.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *