Мектепке дейінгі білім беруде топтық жұмыстың тиімділігі

Кадырова Гүлзира Әділбекқызы

Жоспар:

 Кіріспе бөлім:

 Топ болып жұмыс істеу не үшін қажет?

  1. Негізгі бөлім:
  2. «Мектепке дейінгі білім беруде топтық жұмыстың тиімділігі»
  3. Бірлескен оқудың мәні
  4. Топта жұмыс жасау ережелері

 

  • Қорытынды бөлім

Топтық жұмыстың тиімділігімен жеткен нәтижелер

  1. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Мектеп түлектерінің дайындық деңгейі Мемлекеттік стандарт тағайындаған талаптардан төмен болмауы тиіс. Бұл деңгейлерге жету білім ұйымдарының алға қойған мақсаттарға жетуінің куәсі болып табылады. Балалардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар екі деңгейде беріледі: міндетті (минимум) және базалық.

Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу- әрбір ұстаздың басты міндеті. Қайсыбір тәрбиешілер оқу қызыметінің жаңа түрлерін пайдаланса, кейбірі жаңашыл педагогтардың  тәжірибесін қолданады.

Қай әдісті пайдаланса да мақсат- бағдарламадағы материалдың  мазмұнын шәкірт бойына сіңіру, пәнге ынтасын, қызығушылығын арттыру, тәрбиелеу.

Мектепке дейінгі білім – үздіксіз білім берудің  алғашқы басқышы. Осыған сәйекс балаға белгілі бір көлемдегі білім, білік дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып , олардың сыни ойлауын жан- жақты  дамыту бүгінгі күннің басты талабы.   Осы талап тұрғысынан  алғанда, оқу- тәрбие  үрдісін ұйымдастырудың  сан түрлі әдіс- тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.

Зерттеудің обьектісі: мектепке дейінгі білімнің  оқу үрдісі.

Зерттеудің  мақсаты:

            —  Мектепке дейінгі білім беруде топпен жұмыс жасау дағдыларын дамыту,

           —  тапсырмаларды орындау мүмкіндіктерін анықтау.

           — шығармашылық тапсырмаларды орындаудың жолдарын,                іздестіру.

         Зерттеудің ғылыми болжамы:

Егер балаларға топтық жұмыс қызықты болса, оқу үрдісін де жеңіл қабылдайды, проблемалық мәселелерді тез шешеді

         Зерттеудің міндеттері:

  1. Қазіргі дамыта оқу жағдайына сәйкес, мектепке дейінгі балаларды білім беруде топтық жұмыстың тиімділігін дәлелдеу.
  2. Мектепке дейінгі білім беруде балаларды шығармашылыққа баулу барысында орындалатын шығармашылық тапсырмалардың мазмұнына сипаттама беру.
  3. Мектепке дейінгі білім беруде балаларын шығармашылық тапсырмаларды түсінуін және оны орындау жолдарын белгілеу

XXI ғасыр- білікті, білімді, бәсекеге қабілетті жастардікі. Қазір бой                                                           салыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман.

Н. Ә. Назарбаев

«Қазіргі заманда жастарға жаңа технологиялар негізінде әлемдік стандартқа сай мүлделі жаңа білім беру өте қажет»,- деп елбасымыз Н. Ә. Назарбаев деп айтып өткендей  жас ұрпаққа білім беру жолында, жаңашыл әдіс- тәсілдерді оқу тиімділігін арттырудың маңызы зор.  Мұның нәтижесі білімдерді терең және жоғары мәдениетті, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін игерген азаматтарды тәрбиелеумен тығыз байланысты.  Мектеп тек белгілі бір білім қорына ие азаматты тәрбиелеп қана қоймай, еңбек сүйгіш, білім негіздерін терең меңгерген зиятты азаматты тәрбиелеп шығаруы тиіс деп ойлаймын. Мұның барлығы білім берумен жоғарлатуды талап етеді. Осы деңгейлерді жоғарылатудың бір түрі ретінде топтық, ұжымдық оқыту түрлеріне кеңінен тоқталмақпын.

Көптеген әдіскерлердің  еңбектерінде оқу қызметін ұйымдастыруды  жетілдірудің қажеттігі айтылған. Әрине балалардың  білімдерін бір жүйеге түсіруде оқу қызметтерінің  әр түрлі түр-пішіндерін ұйымдастыру аса қажет. Оқыту әдістері мен оқу қызыметінің  түр-пішіндері бір- бірі арқылы жүзеге асады. Оқыту әдістері оқу қызметінің мазмұнының баяндау тәсіліне байланысты болса, оқу қызметтерін ұйымдастыру  түр – пішіндері балалардың оқу әрекетін ұйымдастыруға тікелей қатысты болып келеді. Оқу қызметі түр-пішіндерінің  әртүрлілігінің  қажеттілігі білім беру мен тәрбиелеу міндеттерінің сан алуандылығымен сипатталады:

-Балалардың ғылым негізі білімдерін жүйелі баяндауға және өз бетімен білім алуға, оларды тәжірибеде қолдана білуге дағдыландыру;

-Балаларда дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру;

-Өз білімдерін жалпылауға және жүйелеуге дағдыландыру.

Білім беру және тәрбиелеу міндеттерінің бұл түрлерін тек бір оқу қызыметінің көлемінде шешу мүмкін емес. Оқу қызыметін ұйымдастыру түрлерінің бір-бірінен айырмашылығы тәрбиеші балаларға орындауға беретін тапсырмаларына байланысты анықталады.

Топтық  жұмыстарды ұйымдастыруда ұжымдық танымдық қызметтердің әртүрлі формалары мен түрлері жүйесінде топтық жұмыс және оның әртүрлілігі маңызды орын алады. Топтық жұмыс өзінің барлық белгілері көрініс табатын оқу ынтымақтастығының  идеалды моделі болып табылады. Топтық жұмыстардың пайдасымен оның тиімділігі бойынша зеріттеулерді әртүрлі бағытта жүргізуге болады.

 

Топтарда жұмыс істеу не үшін қажет?

«Ынтымақтастық» және «бірлескен оқу» дегеніміз не?

Ынтымақтастық оқу- өзара іс-әрекет жасау философиясы, ал бірлескен оқу  соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады.

Ынтымақтастық оқу қызметінде пайдаланатын әдіс қана емес, жеке философия болып табылады.  Адамдар  топтарға  бірлескен  барлық  жағдайларда  топтың  жекелеген мүшелерінің қабілеті мен іске қосқан үлесі құрметтеліп, атап көрсетілетін, адамдардың жұмыс істеудің  басқа тәсілі орын алады. Топтың жұмысы тиімді болуы үшін билік пен топ пен жауапкершілік топ мүшелерінің арасында бөлінеді.Ынтымақтастық оқудың негізгі аспектісі  топ  мүшелерінің  ынтымақтастығы  арқылы бітімге,келісімге  қол  жеткізуіненегізделген.

Дәстүрлі оқу қызметтері барысында балалардың топтағы оқу үдерісіне түгел қатыспайтындығы байқалатын. Тәрбиеші дәрісін тыңдағанда, күнделікті түсінбей қалған  оқу қызметтерінің көлемі ұлғайып, үлгерімі орташа балалар шегіншектеп, үнсіз қалып отырды. Бұл тығырықтан шығу жолын іздестіргеніммен, нәтиже көңілге қонымсыз болып отырды.

Алғашқы оқу қызметінің бірінші тапсырмасында, әрине қабілеті жоғары балалар алға шығып, топтың атынан жауап беруге тырысты. Балаларды суреттер арқылы топқа бөлдім. Топтық жұмыс барысында үш топқа бөлінген  балаларымның жауабы  бір сұрақты қамтығандықтан, бұл жерде идея қайталанып, үлгерімі орташа балалардың айтылған пікірлерімен  механикалық түрде келісіп отыруы басым болды. Келесі тапсырмаларды орындау барысында балаларымның топтың ережесін  басшылыққа алып отыруларын ескерттім. Ережеде топтың әр мүшесінің  пікірі құнды екендігі және топтың жұмысына барлығы бірдей атсалысатындығы көрсетілді. Алғашқы оқу қызметінде балаларға бұрын таныс болмағандықтан  топ ережесінің үлгісі ұсынылды. Әуелгіде оқу қызметінде оңай ілесе алмайтын балалар енді жанындағы достарымен біртіндеп әңгімеге тартыла бастады. Топ мүшелерінің арасында сұрақ жауап туындап, балалар  бір- бірімен диалогтік қарым –қатынасқа түсе бастады. Талантты, дарынды балалар да серіктестеріне сеніммен қарап, бір-бірлерінің пікірін тыңдауды, құрметтеуді, қажет болған жағдайда түсіндіріп, көмектесуді үйренді. Келесі топтық тапсырмаларды қорғауда топтағы балалар бір- бірлеп емес, тобымен шығуды ұйғарды. Және бір- бірінің пікіріне көңіл аударып, демеп отыруға, бір-бірінің пікірін толықтыруға дағдыланды. Бұл үлгерімі орташа балалардың тапсырмаларды орындауда достарына арқа сүйей отырып, еркін жауап беруді үйренуіне мүмкіндік туғызды. Балалар біртіндеп өз ортасында оқу қызмет мазмұнына қатысты сөйлесуді, пікірлесуді,бір-бірінің кемшіліктерін түзетуді, бір-бірін тыңдауды үйренеді.

Мен оқу қызметінде  белгілі бір тақырыпты берген кезде олар өз пайымдаулары бойынша түсініп,талдап, ой қорытып, білімдерін ортаға салу арқылы өзара әрекеттесетінін байқадым. Демек, оқу қызметінің қызықты өтуі, баланың теориялық білім алуы тәрбиеші балаға оқу қызметі түсіндіруімен байланысты емес, балалардың өз қалауымен ерікті түрде білім алуына, сол жолда еңбектенуіне жағдай туғызуға байланысты деп ойладым. Әрине бастапқыда олар қателесті. Мұндай сәтте оған бағыт беріп, қателігін дұрыстауға үйреттім. Балалардың оқу қызметіне деген қызығушылығының, іздемпаздылығының артқанын байқадым. Мен ынтымақтастықты, сұрақ қою мен жауап беру үдерісін бағалауды, мәдениеттілікке барар жолды, серіктестермен әңгімелесе отырып, жағымды кеңес алуды, дарынды және талантты  балаларды аша білуді үйрендім. Тобымда алғашқы кезде топтық жұмыстың барысы шуға ұласқан жағдайда орын алып жатты. Бірақ келе-келе балалар оқу қызметінің  мақсатын өздері айқындап, өздері жаңа оқу қызметін түсіну үшін жұмыс жасаған сәтте жауапкершілікті сезіне білгеннің арқасында оқу қызметіне көңіл аударып, өз жұмыстарынабайыпты қарауды үйренді. Топтағы диалогті орнату үшін алдымен әр оқу қызметімде  ынтымақтастық атмосферасын  қалыптастырып отыру қажет екендігін түсіндім.  Мен ендіоқу қызметі барысында танымдық қабілетті дамытатын тапсырмалар құрастыруды қолға алдым. Себебі кейбір балалар  өзге қатарласынан тапсырманы тез орындап болады. Сондай жағдайда уақытты бос жібермес үшін ондай  балаларға жеке тапсырмалар дайындап әкеліп отырдым. Тіпті кей кездері мұндай балалар өздері ынталаныпүлгерімі төмен достарына көмектесіп те жатты. Өзара әрекеттесу кезінде балалар бір-бірін оқытуға, тыңдауға үйренді. Сұрақ қоюдың сынақтан өткізу, түрткі сұрақтар сияқты түрлерін балалар өздері бір-біріне немесе топ мүшелері қарсы топқа сұрақтар қойғанда белсенді қолданып отырды. Балалардың бір-біріне сұрақ қойып, оған жауап беруі өздеріне де ұнайтындықтарын аңғардым. Бұл маған оқу қызметі барысында тақырыпты талдап ашуға, балалар өздерін еркін сезініп ойларын білдіруіне көмектесті. Сондай-ақ оқу қызметі барысында сұрақ қою мен жауап беру әдістерін меңгерту кезінде белсенділігі төмен балалардың қызығушылығын арттыру үшін қайта бағыттау сұрақтарын қойдым. Олар бастапқыда өз ойын айтып жауап беруге қиналды. Сондықтан жұмыс барысында мұндай балаларды зеріттеуіме тура келді. Оларды қайтсем топ алдында сөйлетемін деп алдыма мақсат қойдым. Осылайша оларға жауапкершілік жүктеп көрмек болдым. Осы мақсатта  презентация жасап жаңа тақырыпты түсіндіру, тақырып бойынша сұрақтар құрастыру, бұқаралық ақпарат құралдарына шолу жасап тақырыпты бүгінгі өмірмен байланыстыру сияқты тапсырмаларды арнайы бердім.  Осы кезде қасындағы балалардан көмек сұрап, жан-жақты ізденетінін байқадым. Оқу қызметінің мақсатын бала анықтап, өздері талдап, дәлелді пікір айтуға баулуды алдыма мақсат етіп отырмын. Қай кезде болмасын баланы оқыту мен қатар бағалауда бар. Мен оқу қызметі құрылымын жасау кезінде мақсаттын балаға бағыттай отырып, оқу қызметінде балаларды топта бірлесе жұмыс жасап, өзіндік пікірлерін ортада жүйелі жеткізе білуге бағыттадым. Және балалармен де, әріптестермен де ынтымақтаса жұмыс жасау арқылы  кері байланыс орната отырып, әріптестердің де пікірі құнды болатынын ұқтым.  Балалармен бірлесе жұмыс жасау арқылы олармен үндесе білуді үйрендім. Көшбасшы болып тұрып, балалардың өздерінің топтық жұмыстарда басқарушылық қабілеттерінің артуына ықпал еткенім.

Қазіргі уақытта білім беру үдерісінде ақпараттық – коммуникациялық  технологияларды қолдану қажеттілігі туып отыр. Осыған байланысты білім берудегі әдіс-тәсілдер жаңарып отырады. Ақпараттық – комуникациялық  технологияларды пайдалану қазіргі кездегі заман талабы болғандықтан оған басты назар аударуымыз қажет. Жаңа ақпараттық технологияларды білім беру үдерісінде қолдану біршама жетістіктерге апаратын жол. Яғыни, ақпараттық-коммуникациялық  технология білім беруде маңызды құрал деп айтсақ та болады. Басты мақсат ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды жетік меңгеру және балаларға меңгерту. Ақпараттық -коммуникациялық  технологияны қолдану тәрбиешіге де, балаға да қолайлы. Біз әр оқу қызметінде теория мен практиканы ұштастырамыз. Бұл екеуі бір-бірімен өзара тығыз байланыста болады. Тәжірибелік жұмыс жасау барысында бала технологиялық білімін шыңдайды. Конфуций: «Маған айтып берсең-ұмытып қаламын, көрсетсең- есте сақтаймын, өзіме жасатсаң- үйренемін » деген. Конфуций айтпақшы бала қолымен жасағанда ғана жақсы түсінеді, есте сақтайды. Сондықтан да оқу қызметінде АКТ пайдалану қызметі туындайды. АКТ-ні тек оқу қызметі кезінде ғана емес, оқу қызметінен тыс уақыттада қолданамыз. Өйткені кез-келген деректерді интернеттен алуымызға болады. Қазіргі кезде қашықтан оқыту тәсілі қолға алынған. АКТ- ны оқу қызметінде қолдану балалардың белсенділігін, қызығушылығын арттырады, сыни ойлауға, басқалармен ой бөлісуге, өз тәжірибесін шыңдауға, АКТ пайдалану машықтарын арттыруға көмектеседі.

Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, жетелеу әрбір тәрбиешінің басты міндеті. Білім негізі мектепке дейінгі білмде қаланатын болғандықтан, оның шығармашылық мүмкіндігінің дамуы да сол балалық шақтан басталады. Тәрбиеші еңбегі – бала білімімен өлшенеді десек, тәрбиеші еңбегінің күрделілігі-әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өмірді әлемді тани білуге, болашақта жауапкершілік қасиеттерін сездіре білуінде жатыр. Осындай әдістерді жиі пайдалану балалардың өмірге деген көзқарасының өзгеруіне, бала бойында талант көзін ашуына, тіл байлығын дамытып, қиялын ұштауына зор әсерін тигізді.

Қорыта айтқанда, бала бойындағы шығармашылықты дамытуда үздіксіз құлшыныс, оқуға, білімге, білім алуға деген ұмтылыс ұдайы өшпей күннен –күнге дами түсуі қажет. Сонда ғана бала бойына білім нұры тасып, бала дүниетанымы одан әрі арта түсері белгілі.

Бірлескен оқудың мәні

Ынтымақтастық оқу – бұл  оқыту мен оқутәсілі,аталған тәсілпроблемаларды шешу,  тапсырмаларды  орындау  немесе  әлдебір  өнім  жасау  үшін оқушылартобының бірлесіп жұмыс істеуін білдіреді. Ынтымақтастық оқу оқуды табиғи әлеуметтік әрекет ретінде қабылдауға негізделген, оған қатысушылар бір-бірімен әңгімелеседі, және осы әңгімелесу арқылы білім алады.

Педагогикада ынтымақтастық оқу тәсілдерінің саныжеткілікті, бірақ та бірлескен

оқу үдерісінің негізгі сипаттамалары мынадай:

1.Оқу  балалар  ақпаратты  игеретін  және  өздері  игерген  мәліметті  бұған  дейін меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады.

2.Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталау емес, құрдастардың белсенді қатысып, ақпараттарды өңдеуі және қорытуын талап етеді.

3.Қатысушылар әр адамдардың көзқарасымен танысудан пайда алады.

4.Оқу балалардың әңгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі. Осы зияткерлік жаттығукезінде оқушылар ой-пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады.

5.Оқудың  ынтымақтастық  ортасында  балалар  әлеуметтік  және  эмоционалдық тұрғыдан да дами түседі, өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады. Мұндайда балалар сарапшылардың немесе мәтін аясында шектеліп қалмай, өздерінің ерекше тұжырымдамалық түсініктерін құруды бастайды. Осылайша ынтымақтастық оқу жағдайында оқушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларға күмәнменқарауға және оған белсенді қатысуға мүмкіндік алады.

Жалпы алғанда, топтардағы бірлескен жұмыс төмендегімақсаттарда жүзеге

асырылады:

 

Топтарда қалай жұмыс істеуге болады?

Топтық  жұмыстан  барынша  көп  басымдылық  алу  үшін,  тәрбиеші менбалалар барлығынан хабардар болуы қажет және бақылау мен қарым-

қатынас жасау барысында жеке тұлғалық дағдыларын дамытып, өз ойларын білдіріпжәне басқаларға қолдау көрсетуөте маңызды

Топтық жұмыс барысында мынадай дағдылардамиды

 

 

Топты ұйымдастыру ережелері

Топтар  түрлі  тәсілдермен  құрылуы  мүмкін.  Кей  кездері  мұғалімдер  (және балалар)  әріптестерінен  (немесе  достарынан)  бірге  жұмыс  істеуін  өтінеді,  басқа жағдайларда  кездейсоқ  іріктеп  алынған  топтар  құрастырылады.  Ал  кейде  топтар жекелеген мүшелердің нақты бір мықты қасиеттеріне қарай құрылады.Топтың қандай тәсілмен құрылғанына қарамастан, жаңадан құрылған кез келген топқа бір-бірімен жұмыс істеу сипатына, дағдылары мен стиліне икемделіп, бейімделуге уақыт  талап  етіледі.  Табысты  топтар  осы  айырмашылықтардың  артықшылығын пайдалануды,  оларды  бастапқы  кезеңде  анықтауға  және  тиісінше  топтың  қызметін ұйымдастыруды бірден үйренеді. Қалыптасу кезеңі топ жұмысының басталуымен шектелмейді. Топ мүшелерінің бір-бірі туралы хабардар болуына қарай, топтың қарқыны біртіндеп өзгереді, және де топмүшелерінемұндай өзгерістерге қатысты әрекет ету үшін қажеттілігіне қарай жұмысты түзетуге дайын болу керек.

 

Топтажұмысістеуережелері

Топтықжұмысжекешешугеболатынтапсырмалардыемес, анағұрлымкүрделітапсырмалардышешудікөздейді.Кез келген команда барлық мүшелері білетін және түсінетін жалпы ережелерді басшылыққа алуы қажет. Ол топтың әрбір мүшесінің одан не күтілетіндігін, жұмыс қалай бөлінетіндігін және қолдау көрсетілетіндігін, сондай-ақ нәтижелерге қалай қол жеткізетіндігін білулері үшін қажет.

 

Топ мүшелерінің саны қанша болуы қажет?

Топтағы балалардың саны балалар арасындағы сонымен қатар, балалар мен тәрбиеші арасындағы қарым-қатынасты барынша тиімді қамтамасыз етуі тиіс.Топтың көлемі мен санының арасындағы тепе теңдікті орнату маңызды. Мысалы, көптегеншағын топтар немесе жұп шектеулі қысқа уақыт (мысалы, шамамен 5 минут) барысында  тиімді  жұмыс  істей  алады. Аздаған  үлкен  топтардабалалардың  көңілі басқаға ауып, тәртіптерінің бұзылуына әкелуі ықтимал. Белгілі бір тапсырманы айрықша

тиімді орындау үшін, тәрбиеші топ қатысушылар саны канша болатынын анықтап алуы қажет.

 

Топтық жұмыс ұтымды, тиімді болу үшін белгіленген тапсырмалар мен топтың қызметі стратегиялық тұрғыдан дұрыс құрылуы тиіс, олар топта тиімді жұмыс істеуге ынталандырып/қамтамасыз  етіп,  жоғары  деңгейдегі  оқытуды,  ойлауды  және  түсінуді дамыту үшін қолданылады.

 

Топтағы бірлескен жұмыстың нәтижелері

 

Жақсы  ұйымдастырылған  топтық  жұмыс  балалар  арасында  әлеуметтік  өзара қарым-қатынасты,  тиімді  араласу  және  проблемаларды  шешу  дағдыларын  дамытуға ықпал  етеді.  Бұл,  өз  кезегінде  балаларды өздерінің  оқуларына  белсенді  қатысуға итермелейді.

Балаларды  алынған  ақпаратты  ойластыруға  және  талқылауға,  өзгелердің пікірлерін түсінуге немесе теріске шығаруғаынталандырған жағдайда топтық жұмыс тиімді болады.Фактілер  бұл  үдеріс  кезең-кезеңмен  өтетінін  растап  отыр. Айталық,  бастапқы кезеңдегі топтық жұмыс әлеуметтік өзара әрекеттестікдағдыларын дамытуы қажет, содан кейін балалардың арасында қарым-қатынас біршама орнаған соң, тәрбиешілер олардың тиімді қарым-қатынас жасау және мәселелерді шешу дағдыларын дамыта алады.

Тапсырмаларды орындау барысындағы бірлескен жұмыс балаларға жағдайды басқа адамдардың пікірлерін ескере отырып, қарауға мүмкіндік береді.Тиімді топтық қарым- қатынас дегеніміз не?Қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігі топтағы жұмыстың барынша қолайлы аспектісі болып табылады, алайда ол тек айта білуді ғана емес, сонымен қатар тыңдай білуді де қажет етеді, сондықтан балалар білуге тиісті бірнеше негізгі ережелер бар, олар:

  • кезекпен сөйлеу;
  • белсенді тыңдау;
  • сұрақ қою және сұрақ бар ма екенін сұрау;
  • ұсыныс енгізу және басқаларда ұсыныс бар ма екенін сұрау;
  • өз ойларын және пікірлерін ортаға салу және басқалардың идеялары мен пікірлерін білу;
  • ұсыныстарды, идеяларды және пікірлерді ұжыммен талқылау;
  • көмектесу және көмек сұрау;
  • түсініктеме беру және түсініктеме беруді өтіну;
  • идеяларға түсініктеме беру және оны бағалау;
  • топтық шешім қабылдау және бір тоқтамға келу;
  • талқылаудың қорытындысын шығару;
  • дәйекті айғақтар келтіру

 

Проблемаларды шешу стратегиялары

Орын  алған  проблеманы  шешу  мақсатындағы  топтық  жұмыс – оқытудың  өте ықпалды  тәсілдерінің  бірі.  балалар  ересек  адамдарға  тәуелді  болмау  үшін тапсырмаларды  жоспарлайды  және  оларды  орындауды  ұйымдастырады.

Бұл  тәсіл балаларға:

  • уақытты ұтымды жоспарлауға;
  • инновациялық көзқарастар мен идеяларды ұжыммен талқылауға;
  • топтағы жұмысқа дейін қандай да бір жеке

-дара қызмет немесе ойластыру қажет пе екендігін анықтауға;

  • топ ішінде рөлдерді анықтауға (басшы, хатшы, тілші, бақылаушы және т.б.) немесе топ мүшелеріне тапсырмаларды бөліп тапсыруға;
  • тапсырмаларды орындау барысында келісімге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

 

 

 

Талқылауды қолдануды не үшін ұлғайту керек?

 

Егер топта жайлы өзара әрекеттестік орнап, балалар оқу қызметіне тартылса, талқы жүргізіп, әңгімелесу үшін мүмкіндіктер жасаудың маңызы зор болмақ. Бір мақсатқа жету үшін жүргізілетін талқылау- бұл топттағы барлық жұмыстардың сәтті болуының негізі. Талқылау балаларға өз идеяларын зерделеп, өзара әрекеттестікті жақсартуға, топтық жұмыстың қарқынды өтуіне ықпал етіп, балалардың оған белсенді қатысуына көмектеседі.

Қорыта келе, топтық жұмыстың балаларым үшін пайдасы зор болды.

Балаларым мынадай нәтижеге жетті:

  • Пікір білдіру, талқылау жолдарын меңгерді.
  • Сыни ойлауға дағдыланды.
  • Өз идеяларын дәлелдеді.
  • Топ алдында сөйлеу мәдениеті қалыптасты.
  • Шығармашылық қабілеттері дамыды.
  • Өзін –өзін реттеуге үйренді.
  • Топта жұмыс жасауға дағдыланды.

Топтық жұмыс барысында өзім:

  • Әр баламның жетістігін көрдім.
  • Уақытты ұтымды пайдаландым.
  • Өзара қарым-қатынас орнатуды үйрендім.
  • Жаңа әдістерді тиімді қолдана білдім.

 

Болашақта мен не істеймін?

Шәкірттеріме сапалы білім мен тәрбие беруде үнемі ізденіс үстінде жүремін. Қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында бәсекеге қабілетті тұлға дайындау – менің ұстаздық борышым. Алдағы уақытта жаңа технологиялардың тиімді әдістерін зерделеп, оқу қызметіне байланыстыра отырып, балаларымның өзін-өзі бағалауына нақты критерийлер жасау арқылы дамыта отырып, олардың білімге деген құлшынысын арттыруды әрі қарай жалғастырамын. Жеке пікірлерін жеткізе білетін, білімін өмірде қолдана алатын тұлға дайындауға алдағы уақытта жұмыстану арқылы шәкірттеріме сапалы білім беріп, өркениетті елдің еңсесін түсірмейтін шәкірт дайындауға өз үлесімді қосамын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық, 6- бет
  2. Педагогика А. «Санат», 2002 ж 48 –бет
  3. Мұғалімге арналған нұсқаулық үшінші басылым.
  4. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 12,44 беттер
  5. «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде» С.Мирсейтова 118 бет

 

Читайте также:

Добавить комментарий