МАҚСАТЫМЫЗ – БІЛІМДІ ДЕ, БІЛІКТІ МАМАН ДАЯРЛАУ

МАҚСАТЫМЫЗ – БІЛІМДІ ДЕ, БІЛІКТІ МАМАН ДАЯРЛАУ

Құттыбаев Нұрдәулет Ерғалиұлы , Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің оқытушысы,

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдай жасау; еңбек нарығында бәсекеге қабілетті білікті жұмысшылар мен мамандар даярлау, олардың біліктілігін арттыру» делінген.
Бүгінгі таңда біздің елімізде жастардың таңдаған мамандығы бойынша білім алып, қалаған салада еңбек етуіне мол мүмкіндіктері бар. Елбасы өзінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: «Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында: «Әрбір адам, соның ішінде, әсіресе, жастар белгілі бір кәсіптік саладан өз болашағын көретіндігін мойындау қажет. Бұл – өте қалыпты жағдай. Өйткені, адам өзінің қайда бет алғандығын анық көрген кезде ғана биікке қарай күш-жігерімен ұмтылады» деген сөздері арқылы еліміздің кәсіптік және техникалық білім жүйесіне үлкен міндеттер қойып отыр.
Бұл орайда, алпыс жыл тарихы бар «Жамбыл политехникалық жоғары колледжі» өз қызметін уақытпен үндес жүргізіп келеді деуімізге болады. Колледж бүгінгі күннің сұранысына сай мамандар даярлауға басымдық береді. Осы мақсатты жүзеге асыруда колледж ұжымы аянбай еңбек етуде.
«Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде» білікті, тәжірибелі, сонымен қатар, өз колледжімізде тәлім-тәрбие алған түлектеріміз – жас мамандар қызмет атқарады. Оқу ғимаратымыз жыл өткен сайын көріктеніп, өркендеуімен қатар, сапалы мамандар дайындаудың тың тәжірибесін де оқу үрдісіне енгізуде. Колледжде сапалы білім алуға барлық мүмкіндіктер жасалған, оқытушылар сабақ барысында интернет желісіне қосылған интерактивті тақтамен жұмыс істейді. «Онлайн арқылы оқыту жүйесінің» жобасы енгізілген. Студенттер алған білімдерін практика кезінде ұштастырып, дуалдық оқыту жүйесі арқылы білімдерін арттыруда.
Дуалды оқыту жүйесі дегеніміз — теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту технологиясы.
Осы орайда, колледжіміздегі дуалды оқыту жүйесінің негізгі мақсаты – техникалық – кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші жеке сектордағы өндіріс, шаруашылық мекемелерімен серіктестік ретінде бірлесе отырып, нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын, жаңа инновациялық-технологиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы мамандар даярлау.
Бүгінгі таңда, еңбек нарығында жоғары білікті мамандар тапшылығы ерекше орын алуда. Қалыптасқан жағдайдың негізгі себепшісі білім беру үрдісін ұйымдастыру және жүйедегі мәселелер, яғни жас маманның бойынан табылуға тиісті тәжірибелік дағды, білім мен тәжірибені талап ететін нақты өндірістік жағдайлардан, теориялық білім берудің алшақтап кетуі болып табылады. Алайда, «Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде» бұл мәселе ерекше назарда.
Бұл ретте, колледждің алға қойған негізгі мақсаты: кәсіби білім жүйесі алдында еңбек нарығында бәсекеге қабілетті білікті мамандар даярлау, өз мамандықтарын жетік меңгерген, өз мамандығы бойынша тиімді жұмыс жасауға қабілетті, тұрақты кәсіби өсуге дайын, әлеуметтік және оңтайлы кадрларды дайындау болып келеді.
Колледждің түлектері, бүгінгі таңда, облыстың түкпір-түкпірінде өз мамандықтары бойынша абыройлы еңбек етуде.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *