Математикалық сауаттылық және ой дамыту

Куралбаева Г.

Қазіргі  әлемде  болып  жатқан  қарқынды  өзгерістер ,түрлі  өзгермелі жағдайлар  білім  беру  жүйесінде де  өзіндік  әсерін  тигізіп  отырғаны  белгілі .  Елімізде  жүргізіліп  жатқан  білім  саясаты  әлемдік  білім  кеңістігімен   ықпалдасуға   негізделген . Әлемдік  білім  кеңістігіндегі  жалпы  білім  берудің  басымдық  мақсаты  — өзгермелі  өмір  жағдайына  тез  бейімделетін  ,өз  жолын  дұрыс  таңдай  білетін,  оң  шешім  қабылдай алатын  тұлға  дайындау  болып отыр .                                                                                                   Ұлттық  бәсекелестік  қабілеті  бірінші  кезекте  оның  білімділік деңгейімен  анықталады .  Осыған  сәйкес  Елбасы  Қазақстан  Республикасындағы  білім  сапасын  жетілдірудің негізгі  бағдары  ретінде мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  іс-қимылдарының біртұтастығы  мен  жүйелілігін қамтамасыз  етуге  бірқатар  талаптар  қойды . Функционалдық  сауаттылық  адамдардың  әлеуметтік , мәдени ,  саяси  және экономикалық қызметтерге  белсенді  қатысуына  ,сондай –ақ  өмір  бойы  білім  алуына ықпал  ететін базалық  факторлардың  біріне  айналуда .Бұл  бағдарлама  «Математикалық   сауаттылық  және  ой дамыту »  10- сынып  оқушыларына   математика  пәнінен қолданбалы курстарды оқытуға  арналған .  Бағдарлама құрылымында  оқушылардың жас ерекшеліктері мен даму деңгейі ескерілген        –   «Курстың мазмұны мен құрылымы»  бөлімінде оқытылатын  оқу материалының   тізімі  мен көлемі ұсынылады ;- «Оқу материалдарын тақырыптық жоспарлау » бөлімінде берілетін курс материалының көлемі мен реті ,тізбегі оларды оқытуға жұмсалатын сағат саны көрсетілген ;- «Оқушылардың білім-білік  деңгейіне қойылатын талаптар »  бөлімінде оқушының дайындығы мен міндетті деңгейі  сипатталады ;-  «Пайдаланатын әдебиеттер тізімі » бөлімінде курсты өткізуге қажетті әдебиеттер тізімі  берілген .                                                                                                                                     Тақырыбы:   Математикалық   сауаттылық  және  логикаМақсаты :   1. Оқушылардың пәнге деген ынтасын арттыру, математикаға оның қолданылу  саласына деген  тұрақты қызығуын ояту ;                     2. Білімді жалғастыру үшін,практикалық іс-әрекетте қолдану үшін нақты математикалық білімді меңгерту ;                           3. Оқушылардың  математикалық  мәдениеті  мен  шығармашылық  қабілеттерін дамыту. Міндеттері :   1.Оқушылардың  пәнге  деген қызығушылығын  арттыру  мақсатында  іздендіру арқылы  зерттеушілік  қабілеттерінің  дамуына  ықпал  жасау;                             2 . Математикалық  сауаттылыққа арналған  есептерді  шешудің  құпия  сырларын                                 ашуға  оқушыларды  ынталандыру ;                               3.Оқушылардың ой-өрісін ,ойлау ,есте  сақтау   қабілеттерін дамытумен қатар өздігінен білім ала алатын және сол білімді  пайдалана алатын қасиеттерін  қалыптастыру ;                                                     4 . Қажетті  ,нақты  тақырыптар  бойынша  математикалық  білімдерін тереңдетіп  толықтыру .

 

Оқушылардың білім-білік  деңгейіне қойылатын талаптар :

Берілген   тапсырмаларға  шығармашылық  көзқараспен  қарау  ;                                                          -Саналылық  пен  жауапкершілік  көрсету ;                                                                                    -Есеп  шартын түсініп оны  жүйеге  келтіру ,шығару  алгоритмін  таба білу ;                                        -Теориялық  мәліметтерді  формулалар  мен анықтамалар  түрінде  қолдана  білу ;                                     -Ой  дербестігі  болуы  қажет .Уақтылы өткізілген сабақтардан күтілетін нәтиже :                                                                      — Оқушылар есеп шығарудың негізгі әдістерін  меңгереді ;                                                                   — Еркін ойлай білетін  белсенді , біліеті, өзін-өзі  тани алатын , өзіне  сене отырып ілімге  жауапкершілікпен  қарайтын  тұлға  қалыптасады ;                                                                     —Оқушылардың  математикалық  мәдениеті  мен шығармашылық  қабілеттерінің  дамуы мен  танымдық  деңгейі  көтеріледі ;                                                                                                             -Түрлі мониторинг ,диагностика жасау арқылы оқушылардың жіберген қателіктері  үнемі талданып отырады .Түпкі нәтиже білім сапасын арттыру болып табылады .Оқушылардың оқу жетістігін бағалау жүйесі : Тест тапсырмасы ,бақылау,сынақ жұмыстары .

Пән  аралық байланыс  :физика, химия, информатика, география, биология, геометрия.Кәсіби бағдарлау : математик, информатик, инженер, статистика, бизнес, экономика саласына байланысты кәсіпке бейімдеу де және оқушылардың білімдерінің терең де мазмұнды болуына ықпалын тигізу .

Тақырыптық күнтізбелік жоспар

Аптасына  1 сағат       Барлығы  34  сағат

р/с Өтілетін  тақырыптар  мазмұны Сағат саны Өтілу  мерзімі
1 Қатыстарға  берілген  есептер .Транзитивті қатыстармен  есептер  . 1
2 Корректілі емес шарттармен  берілген  есептер 1
3 Теңдік  қатысымен  берілген  есептер 1
4 Бірнеше  қатыстармен  берілген  есептер 1
5 Схемалар  мен  кестелердің  көмегімен  шешілетін  есептер 2
6 Мүмкін  нұсқаларды  іріктеу. Мүмкін  нұсқалар  ағашы 1
7 Сандардың  бөлінгіштігіне  берілген  есептер 2
8 Сұрақ  белгісінің орнына  қандай сан қойылу керек,  санның  соңғы  цифрын  анықтауға  берілген  есептер 1
9 Процент  және  пропорцияға  берілген  есептер 1
10 Оқулықтың  беті  қанша ? 2
11 Адамның  жасын анықтауға  табуға  берілген  есептер 2
12 Аптаның  күндерін , жылдың  айларын  анықтауға  берілген  есептер 2
13 Қозғалысқа ,  жылдамдыққа  берілген  есептер 1
14 Қорытпа  мен  қоспаға  берілген  есептер 1
15 Бірлесіп жұмыс  істеуге  берілген  есептер 1
16 Теңдеу  және  олардың  жүйелерін  құруға  берілген  есептер 2
17 Геометриялық   фигураларды  санауға  берілген  есептер 1
18 Геометриялық  фигураларды  қиюға  және  теңдей  етіп  бөлуге  берілген  есептер 2
19 Оқиға  ықтималдығы 2
20 Комбинаторика  есептерін  шешу  әдістері 2
21 Комбинаторика  формулалары (терулер, орналастырулар , алмастырулар ) 2
22 Әр түрлі  логикалық  есептерді  шешу 2
23 Өз  біліміңді  тексер  ! 1

 

Пайдаланылатын әдебиеттер  :

1 . Жанасбаева   Ұ.Б. Жанасбаев Ж.Б.                                                                                 Логикалық  және  комбиноторикалық  есептер   Алматы —  2017 ж                                                    2.  Д.Алиасқаров ,Ж.Бейсеков , О. Маханбетов  7- сыныптағы   оқушыларды   математикалық  олимпиадаға  даярлау: Жалпы  білім  беретін  орта  мектептің 7- сыныбына  арналған факультативтік  курс .  Шымкент –2013.                                                                                                                                                                   3. Әлімбетов Н ,Бейсеков  Ж, Мирсоатов  А                                                                Математикадан  логикалық  есептерді  шешуге  арналған  әдістемелік  құрал .             Шымкент-20164.Рамазан  Баяр ,Ернұр  Базаров. Логикалық  сұрақтар : 500 сұрақ                                         Алматы :Шың-кітап ,2013ж5.Омаров Ә.К. Матеаматика  логикалық  есептер  . Шымкент -20136.Талапкерлерге  арналған  оқулық- тест . Жаңа  формат .                                                          Шың-кітап  Алматы-20177.Рамазан Омаров  .Логикалық сұрақтар,  есептер, ойындар  мен құрастырмалар .            Алматы:  Өлке  баспасы 2012ж8.Мұхаммед Али Өздуман , Рамазан  Баяр .  Математика  тестер  жинағы .                         Алматы : Шың-кітап 2007ж9. Қайрат  Бекболат ,Айгүл  Сердалы .Республикалық «KAZBILIM» орталығы .                Астана -2017 . Математикалық  сауаттылық .Оқу-әдістемелік  құралы .

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *