Мамандығым — мақтанышым

Көпбергенов Бейсембай Сырлыбайұлы

Бұл өмірде адам үшін өміріндегі ең маңызды құбылыс, ол — оның болашақ мамандығы.

Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан», — деп халқымыздың ұлы ақыны, ойшылы, сазгері, қара сөздің қас шебері Абай Құнанбаев атамыз айтып кеткендей, кез келген адам «Өмір» деген атты дүниеде өз орнын табуға тырысады, яғни өседі,көреді, өнеді,тәрбиленеді. «Еңбекпен тапқан нан тәтті» демекші, қалаған мамандықтарының жемісін, қызығын көреді. Мемлекетке әр мамандық қажет. Алайда оны дұрыс таңдау – бағыңның ашылғаны. Мамандық иесі болу үшін ең алдымен білім мен қабілет қажет. Өйткені, білім арқылы адамның қабілеттілігі артса, ал қабілеттілік білікті маман болуыңа өз үлесін тигізеді.

Мен мамандық таңдауда  болашақ маман жеке тұлға болып қалыптасуы үшін — ол қоғамдық сананың, адамның тұрмыс тіршілігінің барлық түрлерінен хабардар болуы керек деген ой болды. Мен таңдаған мамандық мақтанышыма айналды.

Шәкәрім Құдайбердіұлы: «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз болады. Олар — адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек» десе, ұлы Абай «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда адам боларсың елден ерек» деп толғаған. Міне, осы  пікірлер ұстаз хақында айтылған секілді. Себебі, осы қасиеттер өз бойынан табыла отырып, оны ұрпақ бойына дарытатын да, дамытатын да ұстаз. Яғни, ұстаз — мемлекетіміздің бірінші байлығы деп саналатын халықтың,  ұрпақтың санасын қалыптастырушы, мол жауапкершілік пен қоғамның ауыр жүгін арқалаған тұлға болса дәрігер болу адам жанының арашасысы.

Мен — осы қиын болғанмен қасиетті, ауыр болғанмен абыройлы — қос мамандықты  таңдағаныма мақтан етемін, мақсатына жеткен бақытты жандардың бірімін деп санаймын.
Қазіргі жағдайда мамандарды кәсіби даярлаудың белгілі бір деңгейіндегі сапасы мен бағыты еңбек нарығында оның бәсекеге түсу қаблетінің негізгі шарты болып табылады. Нарық бәсекесіне түсе алатын адами және кәсіби құндылық қасиеттерімен қатар ақпараттық мәдениетін қалыптастыру қазіргі таңның кезек күттірмес мәселелерінің бірі екенін ұмытпаған абзал. Сондай құзыретті мамандық иелерін «Мейіргерлерді» дайындауға өз үлесімді қосып жатқанымды мақтан тұтамын.Қазіргі заманда мейірбикелік үрдіс мейірбикелік білім берудегі өзегі болып табылады.

Мейірбикелік іс пен мейірбике мамандығының дамуы қазіргі кезде денсаулық сақтау саласында  мейірбикенің ролін ерекше нығайтып келеді. Бұрын дәрігер көмекшісі саналса және дәрігер тағайындауын, медбикелік күтімді орындаса, қазіргі кезде  ғылыми тұрғыда негізделген және тәжірибеде дәлелденген заманауи теориясы бойынша дәрігермен тең құқықты  серіктесі ретінде мейірбикелік шешімдер қабылдай алады. Бұл әрине мейірбикелер үшін үлкен мәртебе болса, сол бәсекеге қабілетті, білімді, білікті  маман мейірбикелерді дайындау біз үшін зор міндет.

Еліміздегі  жалпы әлеуметтік, саяси экономикалық, тәрбиелік
және білімдік, мәдениеттік деңгейлеріміздің жаңа сатыға көтеріліп,
жаңаша реңге ие болуы, жеке тұлғаны оқыту, білім беру, дамыту жүйесін жақсартуды талап етеді. Сол себепті еліміздің ертеңін дамытатын, жетілдіретін болашақ мамандардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру ерекшеліктеріне назар аударуымыз қажет. Болашақ маман тұлғасының қандай да ғылымды меңгеруі оның дүниетанымдық, қызығушылық, шығармашылық ерекшеліктеріне байланысты болмақ. Қазіргі жағдайда қоғамда болып жатқан өзгерістерді терең тану, оның рухани дамуының дәрежесін айқындау, халықымыздың дәстүрлі мұраларынан сусындай отырып, оның даму қасиеттерін бойына сіңіре отырып өзі өмір сүріп жатқан қоғамның даму үрдісіне елеулі үлес қоса алады. Осындай қоғамға қажетті мамандарды тәрбиелеуде қанатымыз талмай, жаңалық жаршысы боп, шығармашылығымыз шыңдалып, жетістікке жете берейік.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *