Латын әліпбиіне көшу – заман талабы

Еліміздің басты мәселелерінің бірі тіл екені баршамызға мәлім. Қазіргі уақытта еліміздің басты проблемасына айналып отырған ең өзекті тақырыптардың бірі – әліпбиіміздің өзгеруі, яғни кириллицадан латын әрпіне көшу.  Алда күтіп тұрған көп қиындықтарға қарамастан, латын әліпбиіне көшудің маңызы зор.

Мақсаты: латын тіліне көшудің маңыздылығын көрсету және артықшылығы мен кемшілігін ашу, тілді меңгерудің тиімді жолын қарастыру.

Өзектілігі: латын әліпбиіне көшу арқылы тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік алуды дәлелдеу.

Гипотезасы: латын әліпбиі жайлы көп мәлімет жинақтап тұрғындарға және оқушыларға ұсынсам, бұл олардың қызықтығын және білімін арттырар деген ойдамын.

      Бүгінгі таңда қоғамда әліпбиді ауыстыруға байланысты түрлі пікірлер айтылуда. Біреулер латын әліпбиінің оңтайлы тұстарын алға тартса, енді басқалары бұл істе асығыстық жасамайық деп сақтандырады. Мұндай пікірлердің орын алуы өте заңды. Соның арқасында көпшілік осы бір күрделі мәселеге орай өзінің көзқарасын қалыптастырады. Алайда анық болатын бір мәселе бар. Ол – қазақ тілі бүгін бе, ертең бе міндетті түрде латын әліпбиіне көшеді. 

     Менің ойымша, ынтасы бар адамға бұл әріпті үйренудің еш қиындығы жоқ, соның ішінде жоғары білімді немесе шет тілін білетін адамдарға.   Алысқа бармай-ақ қоялық, қазір көп адамдар әлеуметтік желілерде отырады. Сонда отырып-ақ, өзара латынша жазуды үйрене берсе де болады. Себебі, онда көбісінің аты-жөндері латынша болып келеді. Электрондық пошталары да солай.

      Латын әліпбиіне көшу — заман талабы деп санаймын. Себебі әр ұлттың өзіндік бірізділігі, ерекшелігі ең бастысы оның тілімен белгіленеді. Сондықтан тілдің дамуы, өркендеуі қандай болса да этнос үшін өте маңызды.

«Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешендіжобаларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз. Қазақ алфавитін 2025 жылға қарай латын графикасына көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпараттың тіліне айналдырады» ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауынан. Жолдауда Қазақ елінің болашақ даму стратегиясы айқындалды, соның ішінде қазақ тілінің латын әліпбиіне көшетіні туралы қорытынды пікір айтылды.

    Алдымен, бүгінгі компьютер заманында интернет жүйесінде үстемдік ететін латын әліпбиі екендігін мойындауымыз керек. Бәріміздің электрондық поштамыз бар. Ол поштамыз кирил, араб, немесе басқа емес, латынмен жазылған. Астымыздағы көлігіміздің нөміріндегі әріптер латынмен берілген. Куәлігіміз бен паспортымызда латын әліпбиі тұр. Осындай мысалдарды көптеп келтіре беруге болады.

     Елбасымыздың айтуынша латын әліпбиіне көшу келешек жастарға жаңа технологияны меңгеруге үлкен пайдасын тигізеді және дамыған 30 елдің қатарына кіруді мақсат етсек латын әліпбиіне көшу шетелдіктерді еліміздің тарихын, мәдениетін түсіну үшін жасалған ең оңай жолдардың бірі болмақ. Латын әліпбиіне көшу арқылы біз әлемдік деңгейге өзімізді таныта аламыз.       Сонымен, латынның бізге берері дегенде толып жатқан тиімді тұстарын көрсетуге болады. Латынға көшкенімізде ұтатын тұстарымыз төмендегідей: біріншіден, тіл тазалығы мәселесі. Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылады. Төртіншіден, түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латынды қолданады.

     Қорытындылай келе, қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі тіліміздің әрі қарай жаңғыруына жақсы ықпал етері сөзсіз.

Қазіргі таңда латын әліпбиіне көшу туралы көтеріліп жатқан мәселе өте өзекті. Елбасы латын әліпбиіне көшудің маңыздылығын айтты, нақты бағыт-бағдарын көрсетіп берді. Енді оны халық болып қолдауымыз қажет.

Бұл – заман талабы

Читайте также:

Добавить комментарий