Көңілді аялдама

Гумарова Аида Салимгереевна

Мақсаты:Балаларға негізгі төрт түс  (қызыл,сары,жасыл,көк) туралы алған білімдерін бекіту.Заттарды көлеміне қарай ажырата білуді жалғастыру.Үлкен –кіші,ұзын – қысқа ұғымдарын салыстыра білулерін,ұқсас заттарды топтастыруын,геометриялық пішіндерді атап,ажыратуын бекіту.Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.Ойлау қабілетін,көріп,тану, зейінін,есте сақтау қабілеттерін ойындар арқылы дамыту.

Әдіс – тәсілдері: Түсіндіру,сұрақ – жауап,әңгімелеу,дамытушы ойындар.Көрнекіліктер,қажетті құрал-жабдықтар:Геометриялық пішіндер,үлестірмелі материалдар,түрлі түсті қыстырғыштар,тастар,карзина т.б.

 

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педогог іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Балалар  бүгін ерекше  оқу қызметі болады өйткені бізге қонақтар келіпті қане қонақтармен амандасайық.

Шаттық шеңбері:

Қуанамын менде

Қуанасың сенде

Қуанайық баріміз

Арайлап атқан күнге.

Балалар қонақтармен  амандасады.

 

Шаттық шеңберін қимыл – қозғалыспен орындайды.

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастырушылық-ізденістік Жыл мезгілін пысықтау:

Сұрақ – жауап:

— Қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінде неше ай бар?

-Ауа райы қандай болады?

Балалардың жауабы.

-Балалар бүгін біз сіздермен саяхатқа шығамыз.Саяхатта түрлі кедергілер кездеседі,солардан өту үшін түрлі тапсырмалар орындаймыз соған сендер  дайынсындарма?

-Ендеше саяхатымыз алыста болғандықтан, оған тез жету үшін біз әуе шарын пайдаланамыз.

Д/о: «Шарлар»

Ш: Түрлі түсті шарларды атап ажыратады.

Саяхатымызды әрі қарай жалғастырамыз.

Д/О: «Заттарды көлеміне қарай ата және салыстыр»

Ш:Қарапайым математикалық ұғымдарды атау,ажырату,салыстыру.

-Мынау не? ( қарындаш)

-Мынау не?  (үй )

-Мынау не?  (доп)

Д/о: «Кілемшені безендір»

Ш: Түрлі геометриялық пішіндерді өз ұяшықтарына тауып орналастыр.

Сергіту сәті:

Д/о: «Не қажет»

Ш: «Түрлі түсімен әтешке  сәйкестендіріп қыстырғыштарды  құйрық етіп қондыр»

Тәжірибелік сәт:  «Тас пен доп»

Акварумге немесе шыны ыдысқа тастар мен доптарды салу.

Балалар тастар мен доптарды лақтырамыз,ал одан біз не көріп тұрмыз тас қайда тұр?

-Ал доп қайда тұр?

-Тас қандай? Доп қандай?

Әуе шарларымызды пайдалана отырып, балабақшамызға оралу.

-Қазір жылдың көктем мезгілі

-Үш ай бар

-Жылына бастайды.

 

 

Балалар  иә орындаймыз

Қызыл,сары,жасыл,көк түсті шарлар.

 

-Қарындаш, ұзын,қысқа.

 

-Үй,биік,аласа.

 

-Доп,үлкен,кішкентай.

 

Балалар түрлі түсті пішіндермен кілемше ұяшықтарына тауып орналастырды ойынға қызығушылықпен  қатысты.

 

Жаттығуды қимыл – қозғалыспен жасайды.

 

Балалар түрлі түсті қыстырғышты пайдалана отырып, әтештерге өзінің түсімен сәйкестендіріп  құйрық қондырады.

 

Балалар тастар мен допты лақтырды.

-Тас судың астында тұр

-Доп судың бетінде тұр

-Тас ауыр.

-Доп жеңіл.

 

 

 

Рефлексиялық- түзетушілік -Балалар біз бүгін қайда  шықтық?

-Саяхат сендерге ұнадыма?

Жарайсыңдар балалар  тапсырманы орындауда барлығың өте жақсы қатыстыңдар.

-Саяхатқа.

-Иә.

     

 

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Балалар пішіндерді атап,түстерін ажыратып, ретімен қоюды біледі.

Түсінеді: Көлемдкрді атап, салыстыру,ажырату дағдыларын  игереді.

Қолданады: Төрт түсті таниды,атайды,ажыратады.

Читайте также:

Добавить комментарий