Көшбасшылықты басқару

Ұйымда кез келген өзгеріс жоспары
маңызды бір концептуалдық негізге сүйенуі тиіс.
Беннис

Рашитова Диана Елеуовна
Директорың оқу ісі жөніндегі орынбасары,
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Назарбаев интеллектуалдық мектебі мен ағылшындық педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірігіп жасаған жоба барысында ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы мектеп көшбасшылары мен педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының тыңдаушысы болғаныма өте қуаныштымын. Деңгей бағдарламасының мақсаты – оқытудағы басқару және көшбасшылық модулiн педагогикалық көрегендiк пен педагогтiк қиял, мамандығына лайықты жұмысқа қабiлеттiлiк, өз бiлiмiңдi көтеруге дайын болу және жаңашылдық сынды қасиеттердi дамытып, ұштай түсу керектігін меңгерту. Оқу сияқты, көшбасшылық та адамның басты, аса күрделі әлеуеттерінің бірі болып табылады. Өзгеріс енгізу үдерісін басқару оңай емес әрине, өйткені оның барысында жұмыста әр түрлі қиындықтар мен келіспеушіліктер туындап жатады.
Энн Либермaн пікірінше: “Оқыту қоғaмдacтығындa жүріп жaтaтын aқпaрaт aлмacу үдеріcі мұғaлімдердің тәжірибеcі мен жұмыcының мaзмұнын aрттырып, оғaн тaртылғaн aдaмдaрды өзaрa тығыз бaйлaныcтырып, олaрдың cырт көзге көрінбейтін, күнделікті жұмыcынa түр береді”.
Курстан алған теориялық білімдерімді тиянақтай келе, жаңа идеялар мен тәсілдерді, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру, сонымен қатар қолда бар ресурстарды қолдануға бағытталған мектептерді басқарудың жаңа концепциялары мен үлгілерін қарастыру, жаңа педагогикалық табыстармен, ұсынылған жобалардан алған әсерлерімен бөлісу деген тұжырымға келдім.
Реттеу және бақылау барынша күрделі және еңбекті көп қажет ететін қызмет болып табылады. Сондықтан, ең алдымен бұл «Табысты мектеп мәдениетін» қалыптастыру, яғни «оқушы — оқушы», «мұғалім — оқушы», «директор — мұғалім» және т.с.с. қарым-қатынастар жүйесіне байланысты екеніне толық көзім жетті. Қарым-қатынастар жүйесінің көбі, оқу-тәрбие үдерісінің критерийлерін жан-жақты анықтау.
Барлық мектептерде бүгінде өзіндік даму жолы, жаңа технологияларды қолданудағы өзіндік ерекшеліктері, нәтижеге бағытталған білім беруде, құзыретті тұлға даярлаудағы тәжірибелік басымдық жақтары бар.
Сондықтан біздің алдымызда үлкен міндеттер тұрды: Нәтижеге бағдарланған педагогикалық процесті қамтамасыз ету үшін инновациялық жобалар мен бағдарламаларды іске асыру.
Жоғарыдағы аталған проблемаларды шешу мақсатында «Мектептегі тәжірибе» кезеңінде 4 коучинг-сессия ұйымдастырылды. Әр академиялық топтағы мұғалім көшбасшы бола алады. Топ мүшелері мектеп жұмысын SMART-қа салып талдауға, негізгі релевантты ақпараттарға сүйене отырып даму жоспарына өзгерістер енгізуге, негізгі басымдықтарды анықтауға, ақылды мақсаттарды бекітуге жұмыс жасады.
Мектептің даму жоспарындағы іс-шаралар өзінің қалыпты деңгейінде іске асып жатқандықтан, мектептің жұмыс жоспарындағы үлкен бір іс-шара Қарағанды әдістемелік орталығының мамандарынмен біріге «Қазіргі білім беру: Жаңа мүмкіндіктер мен бағыттар» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Семинар 3 негізгі бөлімнен тұрды. І бөлім мектеп әкімшілігінің жаңа идеяны іске асырудағы жетістіктер мен кемшіліктер жайлы және мектептің даму бағдарламасындағы басты басымдықтар жайлы сөз қозғаса, ІІ бөлімде шығармашылық топтардағы қозғаушы күш мұғалімдер, яғни деңгейлі мұғалімдердің тәлімалушылары сабақ көрсетті. ІІІ бөлімде тек бірыңғай жаңа форматты мұғалімдер өз тәжірибесімен бөлісе отырып, аймақ мұғалімдерімен жаңа бағдарламаны іске асырудағы кедергілер мен шешімін таба алмай отырған мәселелерді сөз етті.
Қорытындысында, облыстық білім басқармасының даму бағдарламасында көрсетілген оқушылардың құзыреттілігіне бағытталған жобаларды іске асыру, мұғалімдердің кәсіби тәжірибе алмасуына мүмкіндік беретін желілік қоғамдастықтың аясын кеңейтуді даму бағдарламасына енгізу ұсынылды.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын басшылыққа ала отырып, мектеп-лицейдегі білім алушылардың функционалдық сауаттылығы мен негізгі құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған білім беру мазмұнын жаңарту жұмысын үйлестіруіміз қажет.
2011-2015 оқу жылдарына арналған мектеп-лицейінің даму бағдарламасының жалғасы ретінде ұлттық жоспарды негізге ала отырып, «Қ.И Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицей оқушыларының функционалдық сауаттылығын жеке даму траекториясын іске асырудың» 2015-2018 жылдарға арналған үш жылдық стратегиялық жоспарының жобасы жасалды. Бұл даму бағдарламасы осыған дейінгі екі рет қарастырылған даму жобасының аясында бірнеше рет қаралып жасалды. Жаңа деңгейден өткен мұғалімдерді және командалық жұмысты іске қосу үшін мектептегі 35 мұғалімді арнайы қысқа мерзімді апталық жеделдетілген курстан қыркүйек айында өткізуге тура келді.
Мектеп әкімшілігі ретінде мен бұл өзгерістерге қуандым. Себебі, білім саласына бір өзгерістің, реформаның керегі анық. Әлем қарқынды дамып келе жатқан соң, ол көштен біздің мектеп те қалмауы керек. Осы жерде мұғалімнің бойында Шульманның үш көмекшісі, бас – теориялық білім, қол – алған теориялық білімді іс-әрекетте қолдану дағдысы, жүрек – өз мамандығын шексіз сүйетін болса ғана нәтижеге жетеміз деп сенемін.

Читайте также:

Добавить комментарий