Компьютерлік желілер

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 1 бөлім. Компьютер мен желілердің техникалық сипаттамалары Мектеп: №70 орта мектеп
Күні: 26.04.2019ж Мұғалімнің аты-жөні: Айгелдиева М
Сынып: 8 Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы Компьютерлік желілер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.1.3.1-желілің өткізу қабілетін анықтау
Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар: Желінің өткізу қабілетін анықтайды
Оқушылардың басым бөлігі: Байланыс түрлеріне қарай өткізу қабілетін,сенімділігін,мүмкіндігін анықтайды
Кейбір оқушылар: желінің өткізу қабілеті мен жылдамдығын формула көмегімен анықтайды
Бағалау критерийі — желінің өткізу қабілеті мен жылдамдығын анықтайды

Тілдік мақсаттар
Компьютерлік желінің өткізу қабілетін анықтауда термин создерді пайдалана отырып есептеуді ауызша түсіндіре алуга баулу
Негізгі сөздер мен сөз тіркестері:
Желі, желінің өткізгіштік қабілеті, жергілікті желі , байланыс арнасы
Сыныптағы диалог құру үшін пайдалы:
 Жергілікті желінің ерекшелігі болып . . . табылады
 Желінің өткізу қабілеті дегеніміз . . .
 Желінің өткізу қабілеті . . . өлшенеді
Құндылықтарға баулу

Желіде жұмыс жасау барысында мәдениеттілікті сақтауға,
жас ерекшеліктеріне қарай ақпараттарды дұрыс мақсатта, тиімді пайдалана білуге,достық және айналадағыға қамқорлық көрсетуге, өмір бойы оқуға дайын болуға баулу.
Пәнаралық байланыс Физика 7 сынып, Жылдамдық бірліктері
Алдыңғы білім
Компьютерлік желілер туралы біледі
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Сабақтың басы

2 мин

3 мин Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың ынта-назарын сабаққа бағыттау мақсатында «Көңіл -күй» әдісі арқылы психологиялық ахуал қалыптастырамын.
«Сый қоржын» әдісі бойынша топқа бөлемін. қоржынның ішінде құрт болады, қағазға оралған, қағазда «Жергілікті желі», «Ауқымды желі» деген жазу болады. Сол таңдалған мәтіндер бойынша сынып екі топқа бөлінеді.
I топ –« Жергілікті желі »
II топ – « Ауқымды желі »
«Адасқан әріптер » әдісі арқылы тақырыпты ашу.
КЖМОЕПЕЬРЛЕРЮТІКЛ КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕР

Сабақтың ортасы

10 мин

15 мин

«Бірге
ойлайық»
әдісі

«Ұпай жинау» әдісі

5 мин

Жаңа тақырыпты түсіндіру
Слайдта бейнеленген ақпараттар арқылы желінің өткізу қабілетін және жылдамдығын формула бойынша анықтау жолдарын түсіндіріп өтемін.
Тапсырма №1. Топтық жұмыс « Серпілген сауал» әдісі
Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және анықтау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін топтарға сұрақтар беріледі.
І — топ
1 .Ақпарат берудің жалпы сызбасы қандай?
2. Деректерді қашықтықтан тарату ненің көмегімен жүзеге асырылады?
ІІ — топ
3. Компьютер желісінде ақпарат алмасу қандай байланыс арналары арқылы орындалады?
4. Желінің өткізу қабілетін қалай өлшеуге болады?

«Өзін-өзі бағалау» бағалау парағына топтар бірін-бірі
«+», «-» әдісі арқылы бaғaлайды
Тапсырма №2 «Бірге ойлайық» әдісі. Жұптық жұмыс. Жұптарға кесте таратылады
Тапсырма: Кестедегі мәліметтерді оқып отырып толтырыңдар.

Байланыс түрі Өткізу қабілеті
Мбит/с Сенімділігі Мүмкіндігі
Желілік жалғау
Тікелей кабельдік
Телефон торабы
Оптоталшық кабель

«Өзін-өзі бағалау» бағалау парағына жұптар бірін-бірі
«+», «-» әдісі арқылы бaғaлайды

Тапсырма №3 Жеке жұмыс : «Ұпай жинау» әдісі

1. Көлемі 30 Кбайт бойынша файлды 2 минутта желі бойынша тасымалдау үшін желінің өткізу қабілеті қандай?
2. Өлшемі 1687,5 Кбайт файл 1 минутта тасмалданады, Желінің тасмалдау жылдамдығын анықта
3. 20 Кбайт жылдамдықпен 5 секунд ішінде қандай ақпарат
көлемін тасымалдауға болады?
Әр оқушы «өзін-өзі бағалау» парағына тапсырмаларды «+», «-» әдісі арқылы өзін – өзі бaғaлайды

Аты -жөні 1 есеп 2 есеп 3 есеп Барлығы

Қосымша тапсырма
Берілген тапсырманы өзге оқушылардан тез орындаған қарқыны жоғары оқушылар , қосымша тапсырманы алып орындайды.
Тапсырма: «Желінің өткізгіштік қабілеті» тақырыбына MS PowerPoint программасында құрыңдар.
ҚБ
Ойлау дағдысының деңгейі: түсіну
Бағалау критерийі
желінің өткізу қабілеті мен жылдамдығын анықтайды
Тапсырма

1. Өлшемі 525 кбайт файлды 8 минутта ақпаратты қандай жылдамдықпен таратуы мүмкін.
2. Көлемі 60 кбайт 6 минутта желі бойынша тасымалдау үшін
желінің өткізу қабілеті қандай болу керек.

Дескриптор
— желінің жылдамдығын анықтайды
— желінің өткізу қабілетін анықтайды
Оқушылардың жұмыстарын дискриптор бойынша тексере отырып, кері байланыс беремін.
Презентация

Қосымша материал
С.Т.МұхамбетжановаА.С.Тен, Н.Т.Маликова «Информатика оқулығы
Алматы «Атамұра» -2018

Үлестірмелі
парақшаға
жазылған
кестелер

Бағалау парақшасы

Сабақтың соңы

5 мин Қорытынды: Оқушылардың сабақ барысында қолданған бағалау парағын жинап алып, қорытындысын айтамын. Әр оқушыға жеке –жеке тоқталып, ауызша кері байланыс беремін.
Сабақ соңында «Плюс, минус, қызықты» әдісімен рефлекция беремін.
Плюс Минус қызықты
Сабақтын барлығы ұнады Ұнамады,түсініксіз болды Барлық әдістер,мәліметтер қызықты
Үйге тапсырма. 1.4 тақырыпты оқу

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Оқушыларды «Сый қоржын» әдісі бойынша топқа бөлемін. Топтық, жұптық жұмыстар арқылы оқушыларға өзара қолдау, көмек көрсету жүзеге асырылады.Барлық оқушыларға тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және анықтау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін топтарға сұрақтар беріледі.
Сынып оқушыларының басым бөлігіне желінің қабілетін анықтау сызбасы ұсынылса, қабілеті жоғары оқушыларға қосымша тапсырма беремін.Сабақты қорытындылай келе оқушылардың бағалау парақтары бойынша кері байланыс жасаймын. Оқушылардың қажетті білімдерін білу мақсатында сұрақтар арқылы сабақ түсіндіріледіі.
«Өзін –өзі бағалау» әдісі арқылы бағалау парақтары бойынша топта және жұпта жұмыс істеу кезінде, жеке тапсырманы орындаған кезде дескритор бойынша кері байланыс беріледі. Қауіпсіздік ережелерін сақтауды еске түсіру.Информатика сабағында техника қауіпсіздігін және кабинет тазалығын сақтауды үнемі ескертемін.
Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?
Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *