Жобалау қызметін балабақшада ұйымдастыру

Балтабаева Гүлмира

Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында».Сондықтан, біз педагогтар отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдіс – тәсілдерді ендіруге және болашаққа серпіліс жасауға міндеттіміз.

Жобалау іс – әрекеті – белгілі тақырып көлемінде педагогикалық үрдісті ұйымдастырып, жоспарлау үшін балалар мен үлкендердің бірлескен іс – әрекеті  — оқыту жүйесі – жобалау іс – әрекеті барысында балалардың білімі, біліктілігі, дағдысы біртіндеп күрделенген тәжірибелік тапсырмалардың жүйелі түрде орындалуы.   Жобалау іс әрекеті – жаңа технология, ізденушіліктің, зерттеудің, қойылған мәселесі тез шешу әдістерінің жиынтығы. Бұл әдісті пайдалану мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын жүзеге асыруға деген қадам болып саналады. Негізгі мақсат – балабақша педагогтарының жобалау іс – әрекетін қалыптастыруға мүмкіндік туғызу, кәсіптік құзіреттілігінің деңгейін көтеру және  балабақшаның білім процесінің нәтижесін көтеру.

Жобалау әдісі – инновациялық педагогикалық технология. Жоба технологиясының ерекшелігі – баланың алдағы іс-әрекетті жобалай алуы мен оның субьекті бола білуі. Жоба – ол баланың мақсатқа жетуде қоршаған ортасын кезеңді процестер мен алдын-ала жоспарланған тәжірибелік іс-әрекет  арқылы қабылдайтын педагогикалық әдіс.

Жобалау әдісінің қатысушылар құрамы (балалар, ата-аналар, тәрбиешілер) Балабақша  тәжірибесінде  жүзеге асырылу мерзімі:

қысқа мерзімді (1-2 апта);

орташа  мерзімді (1-3 ай);

ұзақ мерзімді (оқу жылы бойы);

Жоба түрлері:

Зерттеушілік – шығармашылық;

Рольдік, ойын түрінде;

Ақпараттау – тәжірибелік – бағдарлау;

Шығармашылық.

      Жобалау қызметінің  үрдісі бойынша  педагог  тек  дайын білімді беру емес, балалардың  танымдық қызметін   ұйымдастырушы рөлін атқарады.

Жобалау қызметі белсенді, шығармашыл педагогқа білім беру салаларының мазмұнын тиімді ықпалдастыра отырып ,әртүрлі, қызықты, толық мазмұнды қызметтер арқылы мақсат –  міндеттерді ойдағыдай шешуге мүмкіндік береді.  Жобалау әдісі тәрбиеленуші балалардың  ата-аналарымен  ынтымақты жұмыс жасау тиімділігіне және оларды балабақша өміріне тарту   мүмкіндігінде  оңынан.шешеді.  Балабақшадағы  жобалау қызметінің  ерекшелігінің мәні, балабақша баласы өзінің мәселесін, ойларын  өз бетімен тұжырымдай алмайды, сондықтан  балабақшаның тәрбиелеу мен оқыту үрдісіндегі жобалау қызметі балалардың, педагогтардың, ата-аналардың  қатысуымен ынтымақтастық  түрде өтеді. Мектепке дейінгі   жастағы  бала жобалау қызметінің ұйымдастырушысы, авторы бола алмайды, баланың  қызығушылығын  түсінетін   үлкендердің көмегін қажет етеді. Қойылған мақсат – міндеттердің шешілуіне байланысты  үлкендер  балаға  құрал – жабдықтар  және  мақсат қажету  тәсілдерін табуға көмектеседі. Үлкендердің көмегіне сүйене отырып, балалар  өз мәселелерінің шешімін   ата-аналарына сұрақ қою арқылы, танымдық әдебиет кітаптарды оқу, бақылау жасау арқылы  ізденіп табады. Олар  бірігіп шығармашылық қызметпен: сурет салады, шеберлік қолөнерімен айналысады.Жобалау қызметін  ойдағыдай  жүзеге асыруға   қажетті   жағдайлар: Баланың  қызығушылығын  есепке алу.Ерікті  түрдегі  қызмет.Тақырыптың түсініктілігі. Алынған мәселе  жағдайы  бәріне түсінікті  болуы қажет.Балалардың  аз  болса да, жеке  ынталы бастамаларын  қолдау.Жоба  жұмысына  ата-аналарды  өз еріктерімен тарту, балалармен бірге  шығармашылық жұмыс жасауға  жағдай туғызу.Жоба бойынша жұмыста  бірізділік  ұстанымды сақтау. Педагогпен  бірге  мақсатқа  жету  жұмысы.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *