Жаңа ақпараттық технологияларды ағылшын тілі сабағында тиімді пайдалану

Жунусова А.С.

Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық  технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр. Ол тек ғана техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа ақпараттық,  коммуникациялық технология және білім беру жүйесіндегі  сабақ берудің жаңаша әдісі болып отыр.

Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті: Компьютерлік техниканы, интернет, телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көрсету. Сонымен қатар тәуелсіз еліміздің болашағы – жарқын, білімді, парасатты, өз ана тілімен бірге шетел тілі «ағылшын тілінде» еркін сөйлеп, өз елін, халқын, мәдениетін шетелге таныстыра алатын үш тілде еркін сөйлейтін азамат болып шығуы керек деген еді.

Компьютерлік телекоммуникациялар бүгінгі қоғамда үлкен қолданысқа ие. Мәселен бизнесте, ақпараттық құралдарда, ғылым мен білімде. Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-псхологиялық сауатты, саяси-экономикалық білімді және ақпараттық-коммуникациялық білімді және ақпараттық-коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек.

Ағылшын тілі- бүгінгі заманымыздың кілті, компьютер технологиясының кілті екені белгілі. Ағылшын тілі – ұлы әдебиет тілі. Бұл тілде әлемге әйгілі Вильям Шекспир, Джонаттан Свифт, Вальтер Скотт сөйлеген. Біздің мемлекетімізде жаңа телекоммуникациялық құралдың дамып келе жатқаны сөзсіз. Қазіргі заман педагогтарына компьютер және мультимедиялық құралдарды қолданудың сабақ өту барысында өте тиімді тәсіл екені белгілі. Бұл құралдың қуаттылығы соншалықты онымен бірге білім жүйесіне жаңа әдістермен бірге әлемдік ойлаудың жаңа идеологиясы (шығармашылығы) енгізілді.

Компьютерлік және ақпараттық технологиялар заман талабы. Бұл жұмыстың басты мақсаты компьютер желісін және мультимедиялық –электрондық құралдарды шет тілі сабағында тиімді қолдану, нақтылап айтқанда ағылшын тілі сабағында презентацияларды және мультимедиялық-электрондық құралдарды мектеп қабырғасында және білім бері процесінде терең қолдану.

Ең тиімді бағдарламалардың бірі Microsoft Power Point. Ол мұғалімге қысқа мерзімде өзінің үлкен дидактикалық материалдарымен қамтамасыз етіп, компьютерлік білімін даярлауға көмектеседі. Оқушылардың аңылшын тілі пәніне деген қызығушылығын арттыруда көп ізденіп, жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруді, әр түрлі әдіс-тәсілдерді білуді қажет деп санаймын және мен өз сабақтарымда қолданамын.  Өз сабағымда «English grammar for pupils», «English 95», «Enjoy English» электронды оқулықтарын жиі қолданамын.

«English grammar for pupils» ағылшын грамматикасы мен фонетикасын оңай әрі тиімді жолмен түсіндіруге көмектеседі. «Enjoy English» электрондық оқулығында оқушылардың ойлау, сөйлеу және олардың коммуникативті дамуына көп ықпал етеді. Бұл диск екі бөліктен тұрады. Бірінші – ойындар, жаттығулар және диалогтардан, караокелерден тұрады. Екіншісі – мультфильмдерден тұрады.

Жаңа ақпараттық құралдарды ағылшын тілі сабағында қолданғанда күтілетін нәтижелер:

  • Үлгерімі төмен оқушыларға көмектеседі;
  • Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырады;
  • Сабаққа пайдаланатын көрнекіліктердің саны артады;
  • Оқушылардың шығармашылығын арттырады;
  • Оқушыларды жеке жұмыс істеуге үйретеді;
  • Грамматикалық құрылымдарды оңай түсінуге көмектеседі;
  • Оқушылардығ есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады.
  • Пікірталас, талдау, анализ жасау мүмкіндіктерін арттырады.

Көбіне мен ағылшын тілі пәнінде компьютерді жаңа сабақ түсіндіргенде, грамматикалық құрылымдарды өткенде және қорытынды сабақта қолданамын.  Қорыта келгенде ағылшын тілі сабағында компьютер және т.б. жаңа ақпаратты пайдалану заман талабы.  Жаңа замандағы – Жаңа Қазақстанымыздың дамып келе жатқан қадамында оқу процесінде жаңа ақпараттық технологиялардың енгізілуі де, келешекте компьютер заманы болатынына көз жеткізеді.

Шетел тілін оқытудың басты мақсаты – оқушыларға шетел тілінде қарым–қатынас жасауды базалық деңгейде игерту. Осыған сәйкес оқыту мазмұнына қарапайым коммуникативтік біліктілікті, қажетті жағыдайда ауызша және жазбаша өзара мәдени қарым–қатынас процесінде қолдана алу қабілеттілігі мен дайындығын қалыптастыруды қамтамасыз ететін тілдік, сөздік, әлеуметтік–мәдени білім, білік дағдылары енеді.

Осы мақсатқа сай оқыту міндеттері екі үлкен бағытқа бөлінеді:

  1. Танымдық бағыт бойынша:
  • Оқушының лингвистикалық дүниетанымын қалыптастыру;
  • Тілдің әлеуметтік–қоғамдық мәнін түсіндіру;
  • Оқушының тілін дамыту, тілдік шығармашылық қабілеттерін жетілдіру;
  • Сөз мәдениетін таныту;
  • Пікірталас мәдениетін жетілдіру;
  • Сөйлеу түрін және сөйлеу тәсілін меңгерту;
  1. Коммуникативтік, практикалық бағыт бойынша:
  • Оқушыларға тіл нормаларын меңгерту;
  • Тілдік сауаттылығын арттыру;
  • Оқушылардың тілдік–эстетикалық талғамдарын қалыптастыру;
  • Этикет нормаларына сай тіл мәдениетін жетілдіру;
  • Сөйлеу әрекетіне қажетті заңдылықтар мен талаптарды меңгерту;
  • Шығармашылық қабілеттерін дамыту;
  • Қарым–қатынас талаптарына сай іскерлікті қолдана білу;
  • Пікірталас түрлеріне сай сөз қолдану біліктілігін қалыптастыру.

Бұл міндеттердің жүзеге асырылуы тілдік білімнің (мұның қай–қайсысы да тіл арқылы баланың логикалық ойлауын дамытуға, қарым– қатынастық дағдыларын жетілдіруге, сөз әрекетінің түрлеріне) қатынасты машықтануына әсер етеді.

Бұл қағидаларды өз оқу-әдіс, іс тәжірибеде естен шығармай, пайдалы жақтарын көруге тырысамын. Жаңа ақпараттық технологиялармен қатар, өз сабағымда интербелсенді оқытудыпайдалана отырып, ойын әдіс-тәсілін қолданамын. Ойын арқылы ұстаз қойған мақсаттарына жетеді деп ойлаймын. Оқу үрдісіндегі диімді ойындардың бірі төмендегідей:

  1. Рөлдік ойындар.
  2. Іскерлік ойындар: саяхат ойындар, блиц ойындар.

Мектептегі шетел тілін оқыту әдістемесі бойынша ойындарды екі түрге бөлуге болады.

Олар дайындық ойындары және шығармашылық ойындары. Дайындық ойындарына грамматикалық, лексикалық, фонетикалық жіне орфографиялық ойындар жатады. Грамматикалық құрылымдар, қиын жіне бабаларды жалықтырып жібереді, сондықтан ойын тәсілін қолдану тапсырманы жеңілдетеді. Фонетикалық ойындар сөзді дұрыс айтуға арналған. Ал орфрграфиялық ойындардың мақсаты сөзді қатесіз жазу. Сонымен қатар әр түрлі викториналар, жағдаяттар, «Жұлдызды сәт», «Таңғажайып алаңында»  ойындарын өткіземін, Бұлардың бәрі дамыту ойындарына жатады.

Ең бастысы, Белгілі бір нәтижеге жету үшін сабаққа үздіксіз дайындаламын, көп ізденемін, тиімді жолдарын тауып, оқушыларға дәріс беруге ынталанамын.

Мектептерде ағылшын тілін оқытудың негізгі элементтерінің бірі – сөздік жұмысын жүргізу. Ол оқушылардың сөздік қорын байытуда ерекше орын алады. Сөздік жұмысын ұйымдастырудың басты қағидасы – оқушының лексикалық материалды белсенді түрде меңгеріп, сөйлеу тілінде оларды бекітіп, сөйлеуде бесенді түрде қолдана білуге үйрету негізінде қалыптастыруды жүзеге асырамын.

Сөздік жұмысын ұйымдастырудың қағидаларын біліп алу қажет. Ағылшын тіліндегі сөздер тек лексикалық түрде ғана оқушыға меңгеріп қоймай, ол лексика-грамматикалық бірлікте іске асырылу қажет.  Мысалы «оқушы, оқы, кітап» деген сөздерді жеке бермей, сөз тіркесінде берген жөн. Бұл сөздік жүргізудің бір қағидасы болып саналады.

Ұстаз жан-жақты ізденісті қажет етеді. «Нашар ұстаз шындықты қайталайды, жақсы ұстаз сол шындықты іздеп табуға үйретеді» деп ұлы ойшыл А. Дистерверг айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты. Өз білімімді үздіксіз көтеріп, үнемі ізденіс үстінде боламын деген үміттемін.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *