Жаңартылған білім — қабілетті тұлға қалыптастырудың тиімді жолы

          Жаңартылған білім —  қабілетті тұлға қалыптастырудың тиімді жолы

 

Таджибаева Тенге Таджикараевна

 

 

№12 жалпы білім беру орта мектебі, ағылшын тілі пәні мұғалімі, Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы

 

«Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сын тұрғысынан ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет.»

           «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге   қабілеттілік» 31.01.2017 жылғы

 

                                 ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан Халқына жолдауы

 

Білім – елдердің бәсекелестікке қабілетті болуын қамтамасыз ететін ең тиімді әрі ұзақ мерзімді стратегия. Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда. Осы мәселе аясында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені үйренуі керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген  негізгі сауалдар туындайды. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында жоғарыда сипатталған жаһандық проблемаларға жауап бере алатындай деңгейдегі жұмыстар республикалық деңгейде жүргізілуде. Оқу бағдарламасындағы ұлттық стандарттарға, бағалауға, оқулықтар мен оқыту әдістеріне қатысты білім беру саласындағы өзекті құндылықтар мен мақсаттар мектеп оқушыларының жалпы үлгерімін арттыруды, сондай-ақ инновация мен көшбасшылықты енгізу үшін талап етілетін дағдыларды дамытуды, мектеп мәнмәтіні арқылы ұлттық сананы қалыптастырып, іске асыруды және ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесуді көздейді. Жаңартылған оқу бағдарламасы мен бағалау жүйесін енгізу, осы  міндеттерді шешу үшін қабылданған шаралардың бірі болып табылады. Сондықтанда «Білім беру мазмұнын жаңарту қандай қажеттеліктен туындады?» деген сұраққа, төмендегіше жауап бола алатыны белгілі.  Бүгінгі бала-ертеңгі маман иесі. ХХІ ғасыр жағдайында бәсекелестікке қабілетті табысты болу үшін ол еңбек нарығында өз орнын таба алатын дәрежеге жетуі тиіс. Сонымен қатар мектеп оқушысы  оқу мен жазу дағдыларымен шектеліп, халық, көпшілік алдында дұрыс сөйлеу, өз ойын ашық айту, тыңдау дағдыларынан шет қалып жатады. Сондықтан коммуникативтік дағдыларды толықтай оқушыға игерту мен көшбасшылық қасиеттерді бойына сіңірту, топпен, командамен жұмыс жасауға, ақпараттық-технологияны меңгерген оқушы тұлғасын қалыптастыру. Яғни, экономикалық, адамдардың өз-өзін басқаруы, қарым-қатынас көлемі мен жылдамдығы, еңбек нарығының құрылымы, басқа мемлекеттермен байланысымыз, оқыту мен үйретудің анағұрлым нәтижелі тәсілдерінің болуы.

Міне мына келтірілген факторлар  білім беру жүйесіне өзгеріс енгізуіне әсер етуде:

  • Әлемдік білім беру стандартымен сәйкестендіру;
  • Бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру;
  • Табысты өмір сүру дағдыларын қалыптастыру;
  • Үштілді білетін тұлға қалыптастыру;
  • Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру;
  • Тәжірибелік дағдыларды дамыту;
  • Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жетілдіру болып табылады.

Бағдарламаның  мақсаты: пәндер бойынша оқу бағдарламаларын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу мәнмәтінінде мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру болса, бағдарламаның  міндеттері:

— мұғалімдердің пәндер бойынша оқу бағдарламаларының мазмұнын білуін қамтамасыз ету;

 

— пәндер бойынша оқу бағдарламаларына сәйкес педагогикалық тәсілдер мен оқу материалдарын қолдануды үйрету;

 

— пәндер бойынша оқу бағдарламаларына сәйкес оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін қолдануды үйрету.

Ал осындай мақсаттан  күтілетін оқу нәтижелері:

 

— мұғалімдер пәндер бойынша оқу бағдарламаларының мақсаттарын, міндеттерін, құрылымын және мазмұнын біледі және түсінеді;

 

— мұғалімдер пәндер бойынша оқу бағдарламаларына сәйкес педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана біледі;

 

— мұғалімдер пәндер бойынша оқу бағдарламаларына сәйкес оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін түсінеді және қолдана біледі.

.

Қазіргі кезде оқушыларға білім табысты болу үшін қандай қажет болса, дағды да сондай қажет деген тұжырымдамаға келуде. Бұл оқушылардың ақпаратты есте сақтап, алған білімдерін ұғынуын, түсінуін және әртүрлі салада қолдана білуін талап етеді.

Бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығының көмегімен өлшенеді. Бұл нормаға негізделген бағалаудан өзгеше. Нормаға негізделген бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі олардың сыныптастарының үлгерімімен салыстырылып қойылады. Оқушылардың пән бойынша оқу жетістіктері екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде жүреді. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді, балл не баға қоймастан-ақ оқу үдерісін түзетіп отыруға мүмкіндік береді. Мұғалімдер оны оқушылардың жетістіктерін өлшеп, алдағы сабақтарын жоспарлау үшін қолданады. Жиынтық бағалау оқу бағдарламасының бөлімдерін/ортақ тақырыптарын және белгілі бір оқу кезеңін (тоқсан, оқу жылы, орта білім деңгейі) аяқтаған соң оқушының үлгерімі туралы ақпарат алу мақсатында балл және баға қою арқылы өткізіледі.

Білім беру жүйесіне  өзгеріс енгізуге әсер ететін факторлардың  бірі бұл үштілді  білетін тұлға қалыптастыру.

Әрине,  «Көп тіл білу-заман талабы». Адам көп тіл білген сайын оның көкірек көзі ашылып, өмірінің көкжиегі кеңіп, өрісі ұлғая түсетін болады.Әлемдегі дамыған алпауытты елу елдің қатарына қосылу үшін «үштұғырлы тілді» үйрену қиындық тудырмайтын сыңайлы,себебі осындай технологияның дамыған заманында,барлық мүмкіндіктер қарастырылған. Сондықтан да, үштілділік өмірлік қажеттіліктен туындаған идея. Қай заманда болсын, бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырады. Яғни, бүгінгі таңда Қазақстан үшін үштұғырлы тіл – елдің бәсекеге, қабілеттілікке ұмтылуда бірінші баспалдағы. Өйткені, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін Қазақстандықтар өз елінде де, шетелдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналары сөзсіз. Олар өз ұрпағының  жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты, өз елінің өкілдері болады» деп сенгеніндей, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш білімге тән екендігін мәлім. Мемлекетіміздің болашағы — бүгінгі ұрпақ. Оларға бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілетін, нақты мүмкіншілігін анықтап, ана тілінде еркін сөйлеуге, сауатты жаза білуге, жүйелі дамыту мен бірге орыс және ағылшын тілдерін оқып үйрену— бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр.Өзекті мәселеге айналып отырған,үш тілділік идеясының үшінші құрамдас бөлігі – ағылшын тілін үйрену.

Енді алдағы асу –ағылшын тілі. Ал біздің мақсат – ағылшын идеологиясын сіңіріп, ағылшын болып өмір сүру емес, ағылшынның тілін ғана үйрену емес пе? Балаларымызды әлемге қанат жайған ағылшын тілімен қаруландыру ғана…

Ал, ағылшын тілі әлем мойындаған  жаһандану тілі. .Бұл әрине заңдылық. Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру дегеніміз – ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағымына ілесу деген сөз. Іс жүзінде тілдердің үштұғырлылығы идеясы бәсекеге қабілетті Қазақстанның ұлттық идеологиясының бір бөлшегі болып табылады. Яғни, мемлекет әрбір Қазақстандық үшін үш тілді білу әркімнің жеке дамуының міндетті шарты екендігін әрдайым есте ұстауды қолдап отыр. Адам жеке басын қалыптастыру үшін төмендегі  талаптарды қанағаттандыру керек:

— баламен шынайы көз қараста болуы тиіс;                                                                                    — үлкен шыдамдылық пен жан сезімінің жомарттылығы қажет;                                                           — өз отанының патриоты;                                                                                                                  — шеберлігін үнемі жетілдіріп отыруы тиіс;                                                                                      — ғылымның  озық тәжірибесінің жетістігін үнемі пайдалануы;                                                            — жан жақты болуы керек.

Біз осындай талаптарды жүзеге асырған да ғана,әлемдік аренаға шығатын ағылшын тілін жетік меңгерген  «Мәңгілік Ел» боларымыз сөзсіз.  Міне, мұның бәріне қол жеткізуде әр ұстаздың шығармашылығы, жұмыс істеу ерекшелігі, қажет деп есептеймін. Өз тілің бірлік үшін, ал өзге тілді тірлік үшін демекші, әуелі өз ана тілімізді құрметтеп, оны ардақтап, аялап үйренейік те, өзге тілдің бәрін білуге барынша құлшыныс жасайық.

 

Қорыта айтқанда, жаңартылған оқу бағдарламасын қолдану барысында оқушылардың пәнге ынтасы, белсенділігі артып, ізденімпаздық, дербес ойлау, өзіндік қорытындылау қабілеттерін дамытамыз. Сөйлеу, дұрыс сұрақ қоя білу, өз ойын сауатты, толық жеткізу дағдыларын одан әрі жетілдіреміз, алған білімдерін өмірде тиімді қолдану  арқылы функционалды сауатты ұрпақ тәрбиелеуге жол ашамыз. Олай болса, білімді дәл осылай қолдану арқылы оқушыларға «ХХІ ғасыр дағдысы» деп жиі айтылып жүрген кең ауқымды құзыреттілікті меңгеруге мүмкіндік береміз.

 

Әдебиеттер тізімі:

 

  1. «Қазақстан мектебі» журналы, 2016 — №8
  2. «Қазақстанның Білім және ғылым әлемі» журналы, 2016-№ 4
  3. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050: « Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа жолдауынан

4 «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» 31.01.2017 жылғы

5   Ж.Жонтаева «Оқу бағдарламаларының мазмұнын жаңарту»\\ Білімді ел\\ 16, тамыз, 2016ж. №15.52.

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *