Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Жаңартылған бағдарлама бойынша қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары

Қысқа мерзімді сабақ жоспары
 Пән: Қазақ тілі
Мұғалімі: Даулетбекова Гульжан Естемесовна
Күні: 17.03.2018ж
Сынып: 5 «А»
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 8-бөлім: «Адамның сырт келбеті мен мінезі»
Сабақтың тақырыбы: 8- сабақ « Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен »
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты: 5.О6.Оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу.
Ойлау дағдыларының деңгейлері Блум таксономиясы:Білу және түсіну. Қолдану. Жинақтау
Бағалау критерийі:
  • Мәтін мазмұны негізінде маңызды ақпаратты анықтайды.
  • Оқылым стратегияларын қолданады.
  • Негізгі ақпараттарды сақтайды.
  • Мазмұнына қарай мәтін құрастырады
  • Ақпараттарды қолданып, шағын мәтін жазады
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар орындай алады: мәтінді оқиды, түсінеді және тікелей нұсқаулықтарға сай орындау рәсімдеріне ілеседі.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: мәтінді нақты ақпаратты табу үшін оқиды, таныс және кейбір таныс емес жағдайларда білімін сәтті түрде қолданады, қорытынды жасайды.
Кейбір оқушылар орындай алады: мәтінді аналитикалық тұрғыдан оқиды, жинақы мәтін құрастырады, талдайды.
Құндылықтарға баулу: —          Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

—          Қарым-қатынас жасау;

—          Жауапкершілік;

—          Жақсылық пен жамандықты ажырату, әдеп нормалары көрсету құндылықтары.

Пәнаралық байланыс: Өзін-өзі тану, әдебиет
Тақырып бойынша алдыңғы білім: Сыртқы келбет және мінез.
Тілдік мақсаттары: Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдер: сан есім, сөйлем, мәтін
 

Жоспар

Сабақ кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
 

Сабақтың басы

5 мин.

 

 

 

а) Сәлемдесу;

б) Түгендеу;

в) жұмыс орнының сабаққа дайындығын тексеру;

г) оқушылардың көңілін сабаққа аудару.(психологиялық ахуал қалыптастыру) 

«Жақсы сөз – жарым ырыс» ойыны
Мақсаты: Баланың білетін бар жақсы сөздерін достарына айтқыздыра отырып, өзара сыйластыққа, достыққа жетелеу, әрі сөздік қорын молайту. Өзін-өзі тануға, өзінің тіл байлығын бағалауға үйрету. Баланың бойындағы ізгілікті ояту, түрткі болу.

– Балалар,  Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан –деп, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! Сабағымызды бір-бірімізге жақсы сөздер айтудан бастайық!

д).Топқа бөлу «Мозайка» әдісі арқылы жүзеге асады (3 түрлі суретті 5-ке бөлемін, сурет бөліктерін білім алушылар алады, сәйкес келген сурет бөліктері бойынша топқа бөлінеді).

Топ мүшелерінің міндеттері белгіленеді:

1. Тайм киппер (уақыт белгілеуші)

2. Спикер (топ басшысы)

3. Бақылаушы (топ жұмысын бақылайды)

4. Хатшы  (сызады, сурет салады)

3.Топқа бөлінген соң, сарапшылар тобын анықтаймын. (Білім алушылардың отырған орындықтарынды стикер жабыстырулы, сол орындыққа отырған оқушы сарапшы болады).

Дәйектеме:

Сарапшылар тобын құрған себебім:

  1. Оқушылар өздігінен ой қорытып, әрекеттеріне сыни тұрғыдан қарауға дағдыланады.
  2. Қалыптастырушы бағалау түрлері арқылы қолпаштап, қателерінің себебін түсіну қалыптасады.
 

 

Ғаламтордан алынды

 

 

5-ке бөлінген

3 түрлі сурет,

стикер

 

Стратегиялар:

«Белсенді оқу әдістері» Астана, 2013 ж, ПШО

 

А.Қ.Әлімов

«Оқытудағы интербелсенді

әдіс-тәсілдер»

Астана, 2014 ж.

 

 

Сабақтың ортасы

/ 24 мин/

 

 

4 мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6 мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың

соңы:

8  мин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білу

1-тапсырма (оқылым алдындағы):

«Болжау» стратегиясы арқылы мәтін тақырыбын ашу (топтық жұмыс).

  1. Білім алушылар топқа бөлінгенде қолданған суреттерін зерделейді.
  2. Оқылымға арналған мәтіннің тақырыбын болжап ашады.

Дәйектеме:

Оқылым алдындағы тапсырмаға «Болжау» стратегиясын алдым, себебі бұл оқушылардың болжау, ой қорыту дағдыларын жетілдіреді.

 

 

ҚБ:

Сарапшылар әр топтың жауабын тыңдап, «Көңілді смайликтер» арқылы бағалайды. Егер топ дұрыс болжаса, соған көңілді, егер топ қате болжаса, көңілсіз смайликті  көрсетіп бағалайды

 

Дәйектеме: тақырыпқа сай бағалау түрін бейімдеп, жақсылық пен жаман қасиеттерге байланысты алдым.

 

Бағалау критерийлері Дескриптор
Оқылымға арналған мәтіннің тақырыбын болжап ашады. Оқылымға арналған мәтіннің тақырыбын болжап ашады.
Тікелей нұсқаулықтарға сай тапсырманы орындай алады

Түсіну

2-тапсырма (оқылым кезінде):

«Араласып кеткен оқиға» стратегиясы. Мәтін бір бет қағазға жазылады, бөлімдер бойынша бірнеше бөлікке бөлініп қиылады. Ол бөліктер партаның бетіне орындарын ауыстырылып, араластырып, жайылып қойылады (топтық жұмыс).

1.      Берілген мәтіннің қима бөліктерін оқиды.

2.      Мәтінді  мазмұнына қарай құрастырады.

3.      Құрылған мәтінді оқиды.

 

Дәйектеме:

Осы стратегияны алу себептерім:

  1. Оқу мақсатына сай жалпы мазмұнын түсіну үшін оқиды.
  2. Оқушылар логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, мәтінді жүйелеу дағдыларын қалыптастырады.

… Шылым шегіп әдеттенген балаға ешбір сөз әсер етпей қойған. Бірде әкесі оның қиялына әсер етуді ойлайды. Ол баласына мынадай әңгіме айтады: «Кәрі патшаның патшалыққа мұрагер болатын жалғыз ғана ұлы болыпты, өзі дәл сен сияқты кішкентай бала екен. Еш уақытта өкпелемейді, ерте жатады, үстелдегі нәрселерге тимейді екен. Өзі ақылды болыпты. Оның бір ғана кемшілігі: шылым шегеді екен… патшаның баласы шылымнан көкірек ауру болып, жиырма жасында өліпті. Қаусаған ауру шал ешбір қолғанатсыз қалыпты. Мемлекетті басқарып, сарайды қорғайтын ешкім болмапты Жау келіп, шалды өлтіріп, сарайды қиратып тастапты. Сонымен енді бақша да, шие де, қоңыраулар да қалмаған».

Эмоциялы әсерге толы осы әңгіменің оған күшті әсер еткендігі сонша – бала қараңғы терезеге ойланып сәл қарап отырып, селк етті де, мұңайған дауыспен:

-Мен енді шылым тартпаймын… –деді.

(Антон Чехов)

ҚБ:

Сарапшылар  білім алушылардың  құрастырған мәтіндерін тыңдап, «Смайликтермен» бағалайды

 

Дәйектеме: осы бағалау арқылы  оқушылар үшін түсінікті, орындаған тапсырмаларына бірден айқын баға алады.

Бағалау критерийлері Дескриптор
Мазмұнына қарай мәтін құрастырады, , мәтінді оқиды. Мәтінді мазмұнына сәйкес жинақтай алады.
мәтін мазмұнын түсінеді
тақырып қояды
мәтінді оқиды.

 

Сергіту сәті.

« Ақиқат немесе жалған» ойыны
Шарты: Айтылған пікір ақиқат болса, қол соғыңдар, айтылған пікір жалған болса, қолымызды көтереміз.
Пікірлер:
Үлкендердің алдынан кесіп өтпеймін, Мен ұрлық жасағанды ұнатамын
Ініме оқу үйретемін, Кішкентай баланы ұрмаймын
Итті аяғыммен тебемін, Ойыншығымды ешкімге бермеймін
Сабақтан кешікпеймін,Досыма көмектеспеймін
Нанды шашпаймын, аяғыммен баспаймын
Бас киімді доп қыламын, Анама ренжітіп сөздер айтамын
Дәптерлерімді, кітабымды таза ұстаймын,Әкемнің айтқанын тыңдаймын.
Үлкендерге сәлем беремін,Ешкімнің айтқанын тыңдамаймын
Күлді баспаймын,Жақындарыма көп жақсылық жасаймын
Жарайсыңдар сендер ізетті баласы екенсіңдер, жарайсыңдар!

Қолдану және талдау

3-тапсырма(топпен жұмыс) Мәтіннің мазмұнын түсініп

» Топтастыру «кестесін толтырады.  Интербелсенді тақтада мәтін көрсетіліп тұрады.

 

Мәтін бойынша нақты мәлімет Мәтіннің идеясы Мәтін бойынша сұрақтар Мәтіннің жоспары
     

 

 

 

Бағалау критерийі:

   — Мәтіннің мазмұны негізінде ақпарат дайындайды.

   — Оқылым стратегиясы қолданылады.

Дескрипторлар:

  —  Мәтінді оқып отырып, мәліметтерді түртіп отырады;

   —  Жинақталған мәліметтерден 2 маңызды ақпаратты анықтайды; 

-Мәтіннің идеясын анықтайды;

-Мәтін бойынша сұрақтар құрастырады;

  —  Анықталған ақпараттарды кластерге түсіреді.

4-тапсырма (оқылымнан кейінгі):

 «Ақылды үкілер» стратегиясы.

Әрбір топқа мәтіндегі ақпаратты өңдеу мақсатындағы нақты тапсырмалары бар жұмыс парағын ұсынамын (топтық жұмыс).

Дәйектеме: «Ақылды үкілер» стратегиясын алған себебім:

1.      Әр топ мүшесі оқу мақсатына сай нақты ақпаратты табу үшін оқып, әрекеттенеді.

2.      Оқушылардың оқу әрекеті өзіндік ойлау, іздену арқылы жаңа білім   жинақтауға  бағытталады,  яғни   оқушының  құзыреттілігі  қалыптасады. 

 

І топ тапсырмасы «Күтілмеген ақпарат».

Мәтіннен сіз күтпеген, сіздің алғашқы пікірлеріңізге қарама-қайшы келетін ақпаратты табыңыз.

ІІ топ тапсырмасы «Иллюстративті бейнелеу».

Мәтіннің негізгі ойын сурет, сызба, карикатура және т.б. арқылы бейнелеңіз.

ІІІ топ тапсырмасы  «Ең негізгі өмірлік даналық».

Бір сөйлеммен мәтіннің негізгі ойын келтіріңіз.

ҚБ:

Сарапшылар  осы тапсырма арқылы әр топтың нақты ақпаратпен жұмыс істеу дағдысын бағалайды

 

Бағалау критерийлері Дескриптор
 

Мәтін мазмұнын түсініп, түсінігі негізінде маңызды ақпаратты анықтайды.

 

Таныс және кейбір таныс емес жағдайларда білімін сәтті түрде қолданады.
Нақты ақпаратты табады
Мәтіннің негізгі ойын табады

Жинақтау

«Дөңгелек үстел» стратегиясы.(топтық жұмыс)

5-тапсырма (жазылым):

  1. Өтілген тақырып бойынша бір сөйлем жазады;
  2. Екінші оқушы оның ойын жалғастырады
  3. Негізгі ақпараттарды сақтай отырып, шағын мәтін  жазады.
  4. Құрылған мәтінді оқиды.
  5. Оқылған мәтінге талдау жасайды

Дәйектеме: «Дөңгелек үстел» стратегиясын алған себебім:

1.       Оқу мақсатына сай бұл стратегия арқылы тапсырма орындау өте тиімді және талаптарға негіз бола алады.

2.      Бұл оқушылардың іздену, түйсіну қабілеттерін  жетілдіруге  әсер  етеді,  осыдан шағын мәтін  құрастыруға  жаттығады

ҚБ:

Сарапшылар «смайликтер» арқылы топтардың жұмысын бағалайды. Қай топтың мәтіні талапқа сай болса, сарапшылар смайликтерді топтарға сыйлайды.

Дәйектеме: осы бағалау арқылы сарапшылар топтарға қолдау көрсетіп, жылулық сыйлайды.

Бағалау критерийлері Дескриптор
Негізгі ақпараттарды сақтайды.

Ақпараттарды қолданып, шағын мәтін жазады, оқиды, талдайды.

Тақырып бойынша сөйлем құрайды.
Алдыңғы оқушының ойын жалғастырады
Ақпараттар негізінде мәтінді өз сөзімен жазады.
Мәтіндегі негізгі ақпараттарға сүйеніп, жинақы мәтін жаза алады.
Жазған мәтіндерін талдайды.

Қорытынды.

Сабақты қорытындылауға  «Жұмыс столы» стратегиясын қолданамын.

Дәйектеме:

Осы стратегияны алған себебім: оқушылар өтілген тақырыпты жинақтайды, қандай білім алғанын саралап, жүйелі түрде қорытындылайды.

Сабаққа кері байланыс

«Табыс сатысы» стратегиясы  арқылы өзіне баға беріп, Оқушылар оқу мақсатын бойынша жеткен жетістіктеріне кері байланыс жасайды. Стикерге жазған ұсыныстары мен тілектерін «Табыс сатысына» жабыстырады, әр топтан бір оқушы ауызша кері байланыс жасайды.

Дәйектеме:

Осы стратегия оқушылардың өзіне сыни көзқараспен қарап, сабақ мақсатына жетуге ықпалын тигізеді, алдағы сабақтарға мақсат қоюыма себептігін тигізеді деп ойлаймын.

Егер бүгінгі сабақ ұнаса, көңілдеріңізден шықса,үш рет қол соғамыз.

Үй тапсырмасын беру: «Тазалық – денсаулық кепілі» тақырыбында эссе жазу.

 

 

 

 

Үлестірме материалдары

Блум таксономиясы

«Оқу сауаттылығы»

2013ж. .

 

 

 

 

 

 

 

Ғаламтордан алынған суреттер.

Интербелсенді тақта, суреттер

 

 

 

 

 

 

 

смайликтер арқылы бағаланады

 

Бағалау критерийлері мен дескрипторлар:

Тапсырмалар жинағы ҚБ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәтін бөліктері жазылған қима қағаздар

 

 

 

 

 

 

Ғаламтордан алынды

 

 

 

 

 

 

 

 

Смайликтер

 

 

 

 

 

 

 

 

Нақты тапсырмасы бар жұмыс парағы,

маркер

 

 

 

 

 

Стикер, маркер

 

 

 

 

 

 

 

 

Үлестірме материалдар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәтін жазылған парақ, маркер

 

 

 

Интербелсенді тақта

 

 

 

 

 

кесте

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Күншуақ» суреті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Табыс сатысы» суреті

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *