ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ, РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ, «СҰЛУТӨР» КИНОТЕАТРЫНДА, АУДАНДЫҚ «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛАНЫМЫН» АТТЫ ЖАС АҚЫНДАР БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ.

«Т. Рысқұлов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» коммуналдық  мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік тапсырыс аясында «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жастар арасында қазақстандық патриотизмді насихаттау, ұлттық құндылықтарды сақтауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» жобасы шеңберінде Т.Рысқұлов ауданы, Сұлутөр кинотеатрында, 30-мамыр күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Абай Құнанбаевтың жүректі тебірентер даңқты жырларын, өлеңдерін болашақ жас ұрпақтың бойына сіңіртіп, аудан жастарының бос уақытын тиімді пайдалануын және белсенділігін арттыру мақсатында аудандық «Ұлы дала ұланымын» атты жас ақындар байқауы өтті.

Байқаудың негізгі мақсаты- аудан жастарының бос уақытын тиімді пайдалануына ықпал жасау арқылы белсенділігін арттырып, Абай Құнанбаевтың жүректі тебірентер даңқты жырларын, өлеңдерін болашақ жас ұрпақтың бойына сіңіртіп, тіл байлығын жетілдіріп, тұншығып жатқан шығармашылығын ашу арқылы санасының рухани жаңғыруына күш салу және ақынға және туған жерге деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру, жастардың ашылмаған таланттарын ашу және көпшілік алдында өз қабілеттерін көрсету.

Байқауға 12-18 жас аралығындағы ақын оқушылар қатысты.

Қатысушылар байқауда мемлекеттік тілде жазылған өлеңдерін оқыды. Байқауда алғашқы рет сайысқа түсіп отырған авторлар мен аудандық байқаулардың қатысушылары, облыстық ақындар байқауының екінші орын иегері де өз өнерлерін сынға салды.

Байқаудың шарты бойынша қатысушылар I-кезеңде, Абай Құнанбаевтың өлеңдерін жатқа айту.  ІІ-кезеңде, Ұлы ақын Абай атамызға арнаған өз  арнауларын паш етті.

Байқауда қазылар алқасы авторлардың сөз саптауын, өлең ұйқастарын дұрыс құрастыруын, шығарманың ой тереңдігін, дикциясын ескерді. Қатысушылардың байқауға әкелінген шығармаларынан басқа, өлеңдер жинағындағы шығармалары да қарастырылды.

Байқау қорытындысы бойынша:

1-орын — Әмреев Жәнібек;

2-орын — Жұмағали Аяулым;

3-орын — Жұмағали Анель;

Барлық қатысушыларға мақтау қағаздары марапатталып, естелік сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар жүлделі орын алған қатысуышларға «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» ЖҚБ арнайы сыйлықтары берілді.

Шараға мектеп оқушылары мен мекеме ұжымы қатысты.

Іс-шараға жалпы саны 20 адам қатысты.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *