Ең кішкене биологтар

 

Ең кішкене биологтар

(бастауыш сынып оқушыларына арналған сыныптан тыс шара)

Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының жаратылыстану ғылымының пәндеріне қызығушылықтарын ояту

Ресурстар: Суреттер, желім, А-3 қағазы, лимон, апельсин, мандарин, жаңғақ, алма, киви, қияр, қызанақ, пияз, картоп, аскөк т.б

Шараның барысы:

І. Психологиялық тренинг. «Күзгі бақта»

Шеңбер жасап тұрамыз. Көктем шықты. Көктемде адамдар бақта не істейді? Жер қазады, тырналайды, егеді, су құяды, арам шөп жұлады, қайта суарады. Жаз шықты. Күн күлімсіреді. Күз келді. Қабағын түйді. Жаңбыр себеледі. Жел тұрды, жаңбыр нөсерледі. Ал, бақтағы өнімдер не істеу қажет? Жинау керек. (Осы мәтін бойынша оқушылар бірінің арқасына бірі жасап, мимикамен көрсетіп отырады.) Ұнады ма? Қандай өнім алдық? Атап шығайық. Ең қажетті 3 өнімді атайық. Осы 3 өнім бойынша атап шығайық. Сол топпен отыра қоямыз.

ІІ. Негізгі бөлім. Балалар, мен сіздерге бұл шара бойынша күнделікті өмірде көріп жүрген, оқып біліп жүрген білімдеріңді сынамақпын. Ол үшін топпен бірігіп, тату, әдемі, алғыр топ қайсыларың екендігін көрсетеміз бе, балалар? Ендеше, кірісейік. Алдымен балалар, бізді бағалап отыратын, 1 бағалаушы сайлап алайық. (Бағалаушы сайланады, оның міндеті тақтады сызылған бағалау парағын толтырып тұрады.) Уақыт белгілеуші сайлаймыз. (уақыт айтып отырады.) Және де сіздерге тағы бір жаңалық 3 көмек  болады. Ол 1 -көрермендерден көмек, 2- сынып жетекшіден көмек, телефон арқылы көмек сұрауға болады. Әрқайсысын 1 рет пайдаланасыз.

Тапсырмалар

І. «Ойлан тап» сандар арқылы суреттерді құрастырып, сол нәрсе туралы білгендерін айтып беру. 5 минут

ІІ. «Табиғат деген не?» (аппликация жасау)     5 минут

Алдарыңа суреттер беріледі. Сол суреттерді ретімен қойып, жапсырып, әңгімелеп беріңдер. 10 минут

ІІІ. Сұрақ-жауап. Әр топқа 10 сұрақтан қойылады.  Тез-тез жауап қайтарылуы қажет.

1.     Ең кішкене құс                              колибри

2.     Ең ірі құс                                       түйеқұс

3.     Ең ұзын жануар                              керік

4.     Сиырдың үстіңгі жағында неше тіс бар?             Жоқ

5.     Сиыр неге жатады?                                               Жерге

6.     Мысық қай уақытта күжірейеді?                        Айбат шеккенде

7.     Гүл қайда болса,    ——(көбелек) сонда

8.     Жер – ана, Ел- (бала)

9.     Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың (жолын) ізде

10.                       Сабағы садақ оғындай,

Жер қайысқан тобырдай,

Жесең бірақ жұғымтал,

Көзден жасты шұбыртар      (пияз)

11.                       Сопақша көк өңі бар,

Пайдалы, мөлдір сөлі бар

Піскен кезде жияр

Оның аты……      (қияр)

12.                        Іші жұмсақ, сырты қатты,

Еті қызыл, сүті тәтті  (қарбыз)

 

 

ІҮ. «Мен тапқырмын». Топтан бір оқушы ортаға шығады. Көз байланады, ортаға бір зат қоямыз, соны анықтама беру қажет. Иісі арқылы, қол моторикасы арқылы, дәмі арқылы ажырата білу қажет. Топтан неше оқушы дұрыс мәлімет берсе, сонша ұпай беріледі.

Ү. «Анаграмма» көкөністерді ретімен жазу


І-топ

Ышұрб-

Ыпрұт-

Лакабанж-

Ашылқыз-

ІІ-топ

Зібәс-

Зықан-

Ужа-

сөкак-

ІІІ-топ

қасабақ-

рықбаз-

пократ-

Яриқ-


Ал, енді сөз кезегін бақылаушыларға берелік. Марапаттау.

БҚО

Бөрлі ауданы

Тихонов МБК

биология пәні мұғалімі

Сапина Замарад Койшигалиевна

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *