Есімдік, оның түрлері

Сабақтың тақырыбы: Есімдік, оның түрлері

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «Отаным – алтын бесігім» тақырыбы бойынша сөздерді меңгертіп, оларды сөйлесуде қолдана білуге үйрету. Мәтіннің мазмұнын сауатты айтуға дағдыландыру.

Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттерін, жазба және ауызша тіл байлықтарын дамыту, тақырыпқа қатысты айтылған ақпараттарды талдай, өңдей, жинақтай алу және сабақ барысында меңгерген белсенді сөздік қор мен үлгі құрылымдарды өзіне таныс өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алуға үйрету.

Тәрбиелік:Ұйымшылдыққа, тиянақты болуға, достыққа, ұйымшыл бола білуге жетелеу.

Ынталандыру: болашақта оқушылар алған білімдерін тәжірибе барысында жүзеге асырулары қажет.

Сабақта қолданылатын әдіс: түсіндіру,  сұрақ-жауап,  қайталау,  бекіту.

Сабақтың түрі: сұрақ-жауап, ойын тәсілдері, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: кеспелер, сандықша, интерактивті тақта.

 

Сабақтың барысы

 

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Жаңа материалды меңгертуге арналған жұмыс түрлері

Мұғалім алдымен бүгінгі сабақтың тақырыбына оқушылардың назарын аударады. Сабақ тақырыбына байланысты тіл дамыту, оқушы қызығушылығын ояту мақсатында 1-тапсырма бойынша ой қозғау сұрақтарын береді.

·        Қандай сөз таптарын білесің, оларды ата?

·        Сан есімнің қандай түрлерін білесіңдер?

·        Мысал келтір.

ІІІ Жаңа сабақ

Есімдік зат есім, сын есім және сан есімнің орнына жүретін сөз табы. Есімдік басқа сөз табынан мағына жағынан да, тұлғалық жағынан да ажырайды. Есімдіктер абстракті «ол –инженер.» және субстантивті түрде болады. Субстантивті есімдіктер және –мен— есімдігінен басқасы көптік жалғауды қабылдайды. Мысалы: сен+дер, не+лер т.б. Бірақ мен+дер болып айтылмайды. Субстантивті есімдіктердің көпшілігі тәуелденеді, септеледі, жіктеледі. Егер есімдік нағыз сын есім мағынасында (атрибуттық есімдік) жұмсалып тұрса, онда ол ешбір жалғауды қабылдамайды. Мысалы: «Ол қыз бүгін келмеді».

Есімдіктердің  семантикалық жіктемесі

 

Тұлғасына қарай:

§  Негізгі (Непроизводные) Мысалы: мен, сен, кім

 

Құрамына қарай:

o   Дара (Простые)  Мысалы: ол, анау, сонау, қанша

o   Күрделі  (Сложные) Мысалы: бір+неше, кей+біреу, 

Мағынасына қарай:

 

Түрі (Разряд)

Ереже (Правило)    Мысал (Пример)

1. Жіктеу есімдігі

 

мен, сен, сіз, ол, біз, сендер, сіздер, олар т.б.

 

Сұрақтары: кім? кімдер?                         не? нелер?  

 

Белгілі бір жақ түрінде қолданылады. Бірінші, екінші жақ үнемі адаммен байланысты болады. Үшінші жақ адамнан басқа да заттармен байланысты болады. Негізінен барлық жалғауды қабылдайды. Тәуелденгенде -нікі, -дікі, -тікі жұрн. қосылады. Мысалы: \  мен – ме+нікі, сен – се+нікі, біз- біз+дікі,  олар – олар+дікі  т.б.\

Сөйлемде барлық сөйлем мүшелерінің қызметін атқарады. Жіктік жалғау сөйлемде түсіп қалуы мүмкін, оның мағынасы жіктік жалғау арқылы  беріледі. 

2. Сілтеу есімдігі

 

бұл, осы, сонау,ол, мына, анау, әне, міне, мінеки т.б.

 

Сұрақтары: қай? қайсы?

 

Мезгеу, нұсқау және көрсету мағыналарында қолданылады. Сілтеу есімдік сын есім мағынасында (атрибуттық) еш жалғау қабылдамайды. Заттық мағынада (субстантивтік) есімдік барлық жалғауды қабылдайды. Түбір тұлғаға -дай, -дей – жұрнақтары жалғанып, туынды тұлға жасалады. Мысалы: /мына+дай, сон+дай/. Көбіне анықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: /Бұл кісі – менімен таныс кісі./

3. Сұрау есімдігі

кім? не? неше? қай? қандай? қанша? қалай? қашан?

Жауап алу мақсаты мен сұрау мағынасында қойылады. Сөйлемде барлық сөйлем мүшесі қызметін атқарады. Кейбір сұрау есімдігі қосарланып келеді. /неше-неше? қай-қайсы?/

4. Өздік есімдігі

 

өз, өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өзіміз, өздеріңіз т.б.

 

Сұрағы: кім?

Өздік есімдігіне  өз – деген бір ғана сөз жатады. Басқа сөздермен тіркесіп келіп, иемдену мағынасын білдіреді. Мысалы: өз үй+ім, өз  жұмыс+ың. Көбіне тәуелдік түрде қолданылады. Септік , жіктік жалғаулары  тәуелдік  жалғауынан кейін жалғанады. Көптік жалғау тәуелдік жалғаудың алдынан жалғанады. Мысалы: өз+ім+нің, өз+ім+мін , өз+дер+ің. Өз есімдігі қосарланып та жұмсалады. Мысалы: өзімен-өзі, өзді-өзі.  Өз  есімдігі сөйлемнің барлық мүшесінің қызметін атқарады.

5. Белгісіздік есімдігі

бір, біреу, бірдеңе, бірнеше, кейбір, біреу-міреу, қайбір, қайсыбір, әркім, әрне, әрқайсы,әрқалай, әрдайым, әрқашан, әлдекім, әлдене, әрнеше,әрқалай, әлдеқашан  т.б.

Сұрақтары: кім? не? қанша? қашан? қалай? қай? т.б.

Затты, сындық белгіні, сан-мөлшерді жорамалдап көрсетеді. Түбір тұлғада да, туынды тұлғада да  болады. Мысалы: бір – бір+еу, әр — әр+кім, әлде — әлде+не  т.б.

Жіктеу, сұрау есімдіктерден және басқа сөз таптарынан  /сан е,сын е, үстеу/ пайда бола алады. Көбісі септік және көптік  жалғауларын  қабылдайды.

Сөйлемнің барлық мүшесінің қызметін атқарады.

6. Жалпылау есімдігі

 

бәрі, бүкіл, барлық, күллі, бүтін, барша, түгел, бар, бүткіл, тегіс т.б.

 

Сұрақтары: кім? кімдер? не? несі? қанша? қандай? т.б.

Заттар мен құбылыстарды жалпылап, жинақтап айту үшін қолданылады.  Жалпылау есімдік түбір тұлғалы  -бар-күллі-бүкіл т.б  және туынды тұлғалы болады – бар- /етістік+жұрнақ./  Бар, барлық, барша  есімдіктері тәуелденеді.

Бүкіл, күллі, бүтін есімдіктері  тәуелденбейді. Бұл есімдік жіктік жалғау қабылдамайды. Бірақ көптеледі, септеледі. Септік жалғауы  тәуелдік жалғаудан соң жалғанады. Сөйлемде пысықтауыштан басқа мүшенің барлығының қызметін атқарады. Мысалы: бәрі+лер+ің+мен.

7. Болымсыздық есімдігі

 

еш, ешкім, ешбір, ешбіреу,  ешқашан, ешқайда, ештеме, дәнеме, ештеңе, ешқайсысы, ешқандай, түк, дәнеме, дым, бірде-бір   т.б.

 

Сұрақтары: кім? не? қайда? қашан? қайсы?   т.б.

Болымсыздық мағынаны білдіреді. Жіктелмейді. Септеледі. Көптік жалғауы мен тәуелдік жалғауы қоса келіп жазылады /ештеме+лер+і, дам+дар+ы/. Еш, әр, кей, бір, қай, әлде  есімдіктері басқа есімдіктермен және үстеулермен бірге жазылады да, ал зат есімдер олардан бөлек жазылады. Мысалы: бір+деңе, кей+бір, әр бала   т.б.

Еш, ешқашан, ешқайда, ешбір  есімдіктері тәуелденбейді. Сөйлем мүшелерінің  барлығының қызметін атқарады.

 

Есімдіктің сөйлемдегі синтаксистік қызметі

 

*    Бастауыш: Есімдік атау септікте тұрып бастауыш болады. Мысалы: Бүгін ешкім (кім?) келген жоқ.

*    Баяндауыш : Есімдік жіктеліп немесе заттанып баяндауыш болады.                      Мысалы: Менің айтарым –сол. (не?)  Менің күткенім сенсің.(кім?)

*    Толықтауыш: Есімдік атау мен ілік септіктерінен басқа септіктерде тұрып, толықтауыш болады. Мысалы: Оны (кімді?) көрген ешкім болмады.

*    Анықтауыш: Есімдік ілік септігінде келгенде немесе зат есіммен тіркесіп келсе, анықтауыш болады. Мысалы: Олардың ( кімдердің?) айтқандары болды. Барлық (қандай?) ұлт тату-тәтті тұрады

*    Пысықтауыш – Есімдік мекен, мезгіл мағыналарында қолданылса, пысықтауыш болады. Мысалы: Оның жұмысы осында (қайда?). Ол әрқашан (қашан?) кешігеді.

 

 

ІV Үй тапсырмасы. Ережелерді оқып, жаттау.

V Рефлексия. Сыныпқа рефлексиялық-танымдық тапсырмалар беріліп, талданып, оқушылар бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын айтып, ой қорытады.

VІ Сабақты қорытындылау. Мұғалім оқушылар арасында жағымды психологиялық жағдай қалыптастыра отырып, сабақты аяқтайды.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *