Ел дамуының жарқын үлгісі

Айдаров Алтынбек Абдикаримович

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстың, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда Ел президенті Қазақстан үшін қайта түлеудің айрықша маңызды екі үдерісі- саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, біртұтас ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі[1].

Мемлекет басшысы аталмыш жаңғырудың негізгі қызметі мен ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, бұл жаңғырудың маңыздылығына тоқталады: «жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды.[2,3] Сонымен бірге рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен, маңызды, саяси экономикалық реформаларда егеменді еліміз бірқатар жақсы нәтижелерге қол жеткізгені баршамызға мәлім. Ол адами құндылықтар, рухани қазына, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу жұмысында рухани салаға басымдық берудің қажеттілігін алға қойып отыр. Бұл дегеніміз- ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту деген асыл ұғымға келіп саяды. Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім, ғылымға маңыз беруі- үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерілеуін жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш. Бұл- тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс. Өйткені, рухани байлықтың кемел болғаны бұл жеке азаматтарымыз үшін де, әрбір жеке тұлғадан құралған қоғам, туған еліміз үшін де өте маңызды үдеріс[4,5].

Рухани байлығымыз тарих қойнауында қалған қолөнер түрлерімен де елді таңдай қақтырып, алға жетелеуге мүмкіндігіміз жоқ емес.

Қолөнер, қолданбалы өнер- дәстүрлі тұтыну және сәндік бұйымдарын жасайтын ұсақ өндіріс. Қолөнершілер негізінен табиғи- шикізаттарды пайдаланып, қарапайым еңбек құралдарының көмегімен көркем композицияның шешімімен тұрмысқа қажетті мүліктер, музыкалық аспаптар, қару-жарақ, құрал-саймандар жасады. Әрбір қолөнер туындысы өз заманының материалдық мәдениетінің үлгісі және халық талғамының, әлеуметтік қоғамдық жағдайының, діни сенімінің, салт-дәстүрінің нақтылы көрінісі[6,7].

Халықтық сәндік-қолданбалы өнер әлемдік көркем мәдениеттің негізі. Даналық пен әсемдіктің таусылмас қайнар көзі. Онда сан ұрпақтың түрлі материалдарды: ағаш, саз, жүн, металдарды өңдеу тәжірибесі бейнеленген. Көне дәстүрлерді көздің қарашығындай сақтап және байыта отырып, халықтық көркем қолөнер кәсібі. Қазіргі мәдениеттің айқын құбылысы болып, үй тұрмысының маңызды және бөлінбес құрамына айналды. Қолөнер туындылары қайталанбас және алуан түрлі әсем әшекейлерден және шағын ойыншықтардан бастап күрделі кестеленген композицияларға дейін және көлемді кілемдерді, тоқыма маталарынан жасалған көп заттық жиынтықтарды, шыны, ағаш, метал бұйымын қамтиды. Пішімдердің ықшам да мәнді үйлесімі, түстердің жоғары талғамы, өрнектердің әсемдігі, композициялық шешімі, көздің мүлтіксіздігін, қолдың дәлдігін және қиял ұшқырлығын ұштастырып, шебердің өзіне тән тәсілдерімен орындауына жеткізеді. Халық өнерінің сарқылмай дамуы үшін, ол шебер жандардың қолында өрістеп, жүрек жылуына бөленіп жетіле беруі тиіс[8].

Қазақ ұлттық мәдениетінің ең байырғы, аса құнды салаларының бірі- қолөнері, оның ішінде ою-өрнек болып табылады. Ою-өрнектер әсемдік пен сәнділіктің белгісі ғана емес, сонымен бірге халықтың арман-ойының, тілек мүддесінің нышаны, осы тұрғыдан алып қарағанда ою-өрнектің мазмұндылық ерекшеліктері сан алуан. Бүгінгі ұрпақ өзінің ұлттық сезімдерін, өнерін жоғалтпауы қажет. Өнер адамға жақсы әсер ететін және оны тәрбиелейтін нәзік дүние. Сонымен қатар негізгі өрнек түрлерінен бөлек қазақ шеберлері көп қолданатын ою-өрнек элементтерінің мынадай атаулары бар:

-Аспан әлеміндегі құбылыстарға байланысты өрнектер «ай, күн, жұлдыз, айшық, аймүйіз, құс жолы, жұлдызша, кемпірқосақ» т.б.

-Заттардың атауына байланысты өрнектер «балға, балта, тарақ, балдақ, күмбез, табақ, қармақ»т.б.

-Эпиграфиялық өрнектер, яғни жазуды өрнек тәріздендіріп, белгілі бір заттың бейнесіне келтіре әдемілеп, астарлап жазу.

-Ру таңбалары мен ел таңбаларға байланысты ою-өрнек элементтері: «тұмар, айшық, босаға, тарақ, көз, шөміш, шылбыр, көсеу» т.б.

Халқымыздың бізге жеткен ою-өрнек үлгілері бай мұра, сарқылмас қазына.

Қажетті қасиеттер мен құндылықтардың қайнары тоғысып, ақыл-парасаты толысқан, ғаламдық ғылымды игерген адамдар көп болса, еліміз өркениетті, бәсекеге қабілетті болатыны ақиқат. «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлықтарына емес, бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан әрбір қазақстандық сол арқылы тұтас ұлт 21- ғасырға лайықты қасиеттерге ие болу керек.» Заман талабына сай етіп бұйымдар шығарып, неге әлемдік саудаға, көрмеге шығармасқа?… Қазақ деген өнерімен де, тәрбиесімен де, салт-дәстүрімен де сүйсінтетін ел. Заман талабына қарап, ұлттық өнерді жаңғырту арқылы үлкен жетістіктерге жету үмітіміз бар[9,10].

 

 

\Пaйдaлaнғaн әдeбиeттep тізімі

 

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Алматы, Литера, 2000,8-бап.
  2. Н.Ә.Назарбаев «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл- ауқатының артуы», Алматы, 1997.
  3. Ақжайықтың ақберендері. Алматы, 2005.
  4. А.Жұбанов.Ғасырлар пернесі. Алматы, 2002.
  5. Абдошов Гарифолла Шинушұлы : Ол туралы //Ақжайық ақберендері.-Алматы: Өлке,2005.-58б
  6. Абдошов Гарифолла Шинушұлы :Ол туралы //Алаштың ардагер азаматтары = Почтенные люди казахской земли.3 Кітап:Батыс Қазақстан облысы бойынша/ Құраст.Ғ.Хаймулдин.-Алматы:Ниса,1998.- 1б
  7. Абдрахманов Т.В его книгах жизнь Приуралья. /Корсунов Николай Федорович [Ол туралы] //Сельские вести.-2003.-1 қаң.
  8. Абдрахманов К. Гадильше и его книга: [Жаңа кітап] /Ауыл тынысы. – 2003. -22 қараша. – 2б.
  9. Айтқали Нәріков «Жайықтың жарық жұлдыздары»

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *