Елбасының рухани жаңғыру бағдарламасын қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында орындаудың әдіс тәсілдері

Кұрманғожина Жұмажан

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Ұлттық код дегеніміз не? Бүгінде кең қолданылатын код деген сөзді құлыпты ашатын құпия кілт ұғымында түсінуге болар. Демек, қа­зақтың ұлттық коды деп қазақ хал­қының жаратылысын, таби­ға­тын, рухани бітімін, өмір салтын ай­қындайтын белгілерді айтқан жөн шығар. Яғни, тарихи тамыры тереңде жатқан, ұлтымыздың күні бүгінге дейін бәрінен жоғары баға­ланатын қасиеттері, солардың сы­ғымдалып тұжырымдалған фор­му­ла­сы қазақтың ұлттық бол­мы­сының сы­рын түсінуге апаратын, тиісінше қастерлеп сақтауға жататын құпия кілттің тап өзі боп шығуы ғажап емес.

Мемлекет басшысы аталмыш жаңғырудың негізгі қызметі мен ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, бұл жаңғырудың маңыздылығына тоқталады: «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды».   Бұл дегеніміз – ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту деген асыл ұғымға келіп саяды. Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім, ғылымға маңыз беруі – үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерлеуін жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш. Бұл – тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс. Өйткені, рухани байлықтың кемел болғаны бұл жеке азаматтарымыз үшін де, әрбір жеке тұлғадан құралған қоғам, туған еліміз үшін де өте маңызды үдеріс.Сондықтан да Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласың мектеп бағдарламасының негізгі бір бағдарламасы деп  айтуға да болады. Себебі біз, ұстаз қауымы, еліміздің болашақ ұрпағын тәрбиелеп, білім нәрін беріп жатырмыз.   Өзімнің тәжірибеме тоқталсам рухани жаңғыру бағдарламасы үнемі әдебиет сабақтары мен қазақ тілі сабақтарында көрініс табуда. Нақты тоқталып өтсем  қазақ халқының зиялы ірі  қоғам қайраткелері Жүсіпбек Аймуытов «Ақ білек» романында,  Міржақып Дулатов «Елім — ай» «Шешенің балаларын сүюі» , Ахмет Байтұрсынов «Анама хат», Мағжан Жұмабаев «Қазақ тілі», «Түркістан» өлең шығармалары оқушыларымның бойына патриоттық рух сеуіп, еліне, салт – дәстүріне деген қызығушылықтарын арттырады. Оның дәлелі осы қоғам қайраткерлер туралы білімдерін кеңейту мақсатында  оқушыларым кітапханадан  қосымша деректер жинақтап, әдебиет сабағында жиналған мәліметтермен таныстырды. Қазақ тілі сабақтарында да елбасының жолдауынан үзінділер алып талдаулар жасадым. Әсіресе  8 сыныпта қазір  қазақ тілі пәнінен құрмалас сөйлемер өтіп жатырмыз. Оқушыларға елбасы жолдауынан үзінділер алыннып, карточкамен талдау жұмыстары жасалынды. Ұрпақ тәрбиесі – ұлы іс.   Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы деп Әлфараби бабамыз айтқандай балаға тәрбие беруіміз керек .Қазіргі оқушы жан-жақты, рухани бай тәрбиелі болуы тиіс.Баланың тәрбиесі , адамгершілік қасиеті болмаса құрғақ біліммен одан жеке тұлға қалыптаспайды. Сондықтан мен, шығармашылық бірлестігінің жетекшісі ретінде оқушылардың бойындағы дарындылықтары мен шығармашылық, ойлау,сөйлеу қабілеттерін дамыту мақсатында жоспар құрылып, іске асырылып жатыр. Жуырда мектебімізде дәстүрге айналған  Абай оқулары , Жас дарындар байқаулары өткізілді. Бұл байқаулардың мақсаты: оқушылардың рухани байлығын ,дарынын ойлау қабілеттерін ашу шыңдау болды. Осы орайда  оқушылар өз жандарынан өлеңдер шығарып , Ұлы Абайдың өлеңдерін  мәнерлеп оқып және қазақ еліне танымал болған тамаша ақындарымыз Мұқағали Мақатаев ,Мұхтар Шаханов сияқты ақындарымыздың өлеңдерін жаттап мәнерлеп оқып ,әдебиет пәніне қызығушылық танытты.Сонымен қатар сыныптан тыс мәнерлеп оқу сайыстары, «Менің сүйікті кейіпкерім» эссе жазу,  оқыған шығармаларына сурет салу ,реферат жұмыстарын қорғау, бес жол өлең жазу елбасының рухани жаңғыру бағдарламасына үлес қосқаным деп санаймын.Балаларымыздың  қазіргі заманға бейімді болуы үшін бұл аса маңызы.  Республикамыздың егемендік алып тіліміздің мәртебеге ие болуына байланысты мектептердің білім беру саласында көптеген оң өзгерістер болып жатқаны баршамызға аян. Тіл мамандарына оқу процесінде оқушының сөйлеу қабілетінің дамуына әсер ететін жайға көп көңіл бөлу қажет.Себебі: тілі жетік оқушы барлык гуманитарлық пәндерден жақсы нәтиже көрсете алады. Ал тілі дамымаған шәкірт біліп тұрған білімін өз дәрежесінде жеткізе алмай қиналады. «Тіл дамыту дегеніміз –тілдік норманың жетелу, ширау, даму дәрежесі»-деп түсіндірді тіл ғылымдарының ғалымы М.Балақаев.Тілдік норма жетілу үшін оқушының ауызекі сөйлеу тілін, жазба тілін дамытқан жөн. Сөйлеу арқалы ауызша тіл дамыса, еркін тақырыпқа жазған мақала, эссе, ой толғау, әңгіме, мазмұндама , шағын шығарма жазу арқылы жазба тілді дамытуға болады. Әр ұстаздардың білімі мен біліктілігі пәнді меңгерудің әдіс-тәсілін жетік менгеруі, осы әдіс- тәсілді іс жүзінде тиімді қолдана алуы – бүгінгі күннің талабы. Оқу инемен құдық қазғандай екендігін ескерсек, пәнді меңгерту ұстаздан тамшыдан көл жасағандай үздіксіз ізденісті, үлкен қажыр –қайрат жұмсауды қажет етеді. Осы бағытта « Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының стратегияларын пайдаланамын.

Сабақты осылайша түрлендіріп өткізу, оқушылырдың білімге деген қызығулығы, белсенділігі артады. Пәнді менгерудін сан қырлы әдістемелері мен озық технологияларын дұрыс қолдана білсек, үлкен жетістіктерге жететініміз анық.

Жеңіп алып, жеңіске жетуі де мұғалімдер мен оқушыларды одан әрі ынталандырады.

Менің оқушыларым жылда өтетін «Ақбота» интеллектуалды сайыстарына қатысып, жақсы  нәтижеге жетіп жүр. Аудандық «Абай оқулары» және «Мұқағали оқулары » мен «Жарқын болашақ» қазақ тілінен пәндік олимпиадаларына қатысып, жүлделі орындарға ие болып , жетістіктерін көрсетіп,мақтау қағазрымен марапатталды. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл құқығына көтерлеуі. Білім туралы, жастар саясаты туралы Заңдардың қабылдануы келешек ұрпақ тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарауды міндеттейді.

Осы тұрғыдан жас ұрпаққа елжандылық, имандылық пен ізгілік тәрбиесін беруде, мектеп ішінде жүргізген мәдени шаралардың орны ерекше болды.

Шәкірт бойына тәрбие дәнін себер ұстаз болса, олар өз істермен, өткізген әр түрлі іс-шараларымен дәлелденуде.

Қазіргі оқушы ғылыми ақпаратты талдай өндей, жинақтай және қолдана білуіне,заманауи ақпараттық –коммуникациялық технологияларды меңгеруі тиіс. Осы орайда өзім сабақ беріп жүрген оқушыларымның 3 –уі республикалық қашықтық олимпиадаға қатысты. Оқушылардың білімінің базалық мазмұны яғни пәндік нәтіжесі болуы тиіс. Мен шығармашылық  бірлестігінің жетекшісімін.  Біздің бірлестіктегі мұғалімдер «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту»; «Деңгейлеп саралап оқыту» технологиясын сабақтарында ұтымды пайдаланады

Қазіргі заман талабына сай технологияларды дұрыс пайдаланғанның нәтижесі болса керек,мұғалімдеріміз де шәкіртеріміз де биіктен қөрінді

Аудан көлемінде өтетін шығармалар байқауына да қатысамыз «Елбасым -мақтанышым» атты шығарма сайысында 7

сынып оқушысы Жасұлан Ақбота екінші орынға (2016 -17 оқу жылы), (2015-16 оқу жылында)Кенжеғали Айдана  «Менің Тұңғыш Президентім» тақырыбындағы аудандық шығармалар байқауында 1 орынға ие болды. Әубәкір Ақбота  «Жерлес ақын Ескендір поэзиясы»атты  ғылыми жоба жазып , аудан  көлемінде қорғап  «Жас ғалым» дипломымен  марапатталды. (2014 – 2015 оқу жылы)

2015 – 2016 оқу жылында  бесінші сынып оқушысы Нүриден Мадияр  «Ешкі пірі – шекшек ата пайдасы» тақырыбына жазған ғылыми жобасын облыс көлемінде қорғап, сертификат берілді.

Білім беру жолындағы танымсыз еңбек, шығармашылық ізденіс әруақытта өз нәтижесін береді. Оқушылар білімінің сарапшысы-олимпиада деп есептесек , жылма жыл оған қатысушылардың саны да, жүлдегерлердің де саны молайып келеді.  Назарова Назира жазған «Фразеологизмы вокруг нас » атты ғылыми жобасын аудан көлемінде қорғап, жүлделі екінші орынға ие болды.

«Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап.

Өзіне сен, өзінді алып шығар,

Еңбегін мен ақылын екі жақтап» — деп Абай атамыз айтқандай   Менің мектеп бітіретін түлектерім жылда мемлекеттік емтиханнан жақсы  көрсеткіштер көрсетіп жүр .

Бүгінгі күні «Ғылым таппай мақтанба» деген ұлы Абайдың даналығы нақты шындыққа айнала бастағандай. Шығыс ғұламасы «Орташа мұғалім айтып береді, жақсы мұғалім түсіндіреді, үздік мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім қанаттандырады, шыбыттандырады» дейді. Олай болса жақсылардың қатарында . Бүгінгі күні мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, көпнұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді.Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз»,- деген сөзі жай айтыла салған жоқ. Еліміздің болашағы мен көркеюі, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Осыдан барып жас ұрпақтың бойындағы іскерлік пен қабілеттерін ашу және шығармашылыққа баулу мәселесі туындайды. Онсыз мектептің инновациялық үдеріс сатысынан өтпей дамуы мүмкін емес екеніне көзіміз жетіп отыр. Себебі, мектеп келешек ел басқарар, жер — суына иелік етер,ел- халқын гүлдендірер, мерейін өсірер жасампаз жандарды шыңдар бірегей орта,киелі орын. Қазіргі біздің үлкен мақсатымыз: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс — әрекетке қабілетті, озық ойлы, тапқыр да нәзік, сезімтал, еркін және жан — жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Әр баланы жастайынан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, тәжірибелік-сынақтық әрекеттерге дайын болуға дағдыландыру бағытында жаңа педагогикалық технологияларды тиімді қолдана отырып, «Әр оқушыны шығармашылыққа баулу» тақырыптарымен жұмыс танудамын.«Ұстаз еңбегінің таразысы- оқушылардың білімі» деп бекер айтылмаған. Әрбір оқушымен жұмыс жасағанда, неге қызығушылыұтары бар екенін анықтағаннан соң, онымен жұмыс жасауға кірісемін. Менің түсінігімдегі Ұстаз-рухы таза, ой-өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетуші.Шығармашылық — бұл адамның өмір шындығында өзін — өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол тауып кетуі үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлеледі шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет дегім келеді .Ел Президенті аталмыш тұғырнамасында білім, ғылымға ерекше басымдық беріп отыр. «Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі», – деген Н.Ә.Назарбаев «Мәңгілік ел» болуға қадам басқан тәуелсіз Қазақстанның ендігі жаһандану алдында ұлт ретінде жойылып кетпеуі үшін ұлттық кодын сақтаған, терең білімді, бәсекеге қабілетті, ұлттық құндылықтарын бойына сіңірген ақыл-ойы кемел тұлға болуына маңыз береді. Осы бағдарда ол бабалар ұлағатымен астасып жатқан зерделі ойы мен парасатты пайымын білдіреді: «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында тарихтың өткеніне көз жүгіртіп, жаңа тарихи кезеңдерге жан-жақты баға бере отырып, рухани жаңғыру арқылы болашаққа деген өзінің парасатты пікірлері мен көзқарасын білдірді. «Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр… Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы», -деп ел келешегіне үміт артады.Ендеше, рухани жаңару арқылы әлем мойындар табысты ел болып, жарқын болашаққа деген сенім мен үмітті үндестіре отырып, баршамыз бірлік туы астында бақытқа бірге жетейік!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *